Философия пәні және оның қызметі



бет1/3
Дата14.11.2022
өлшемі1,74 Mb.
#49948
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
1-лекция

Лекция 1. Мәдениет морфологиясы

Сабақтың мақсаты: Мәдениет түсінігі және тұжырымдамаларымен танысу, мәдениеттің морфологиясын талқылау.

  • Сабақтың мақсаты: Мәдениет түсінігі және тұжырымдамаларымен танысу, мәдениеттің морфологиясын талқылау.
  • Негізгі ұғымдар: рухани жаңғыру, мәдениет, ұлттық идея, жаһандану.
  • Мәдениеттану – жалпыадамзаттық және ұлттық мәдени үрдістердің объективтік заңдылықтары, тарихи ескерткіштер, құбылыстар, сондай-ақ адамдардың материалдық және рухани өмірінің оқиғалары мен әрекеттерін зерттеп, зерделеуге негізделген мәдениет туралы ғылым және оның пәні.
  • Мәдениеттану жеке пән ретінде ХІХ ғ. соңғы ширегінде қалыптасты.
  • Өйткені, дәл осы кезде мәдениет пен табиғатты (табиғылықты) қарама-қарсы қою, мәдениетті адам жасампаздығының, шығармасының нәтижесі, туындысы деп түсіну гуманитарлық білім жүйесінде берік орын алды.
  • Мәдениеттанудың мақсаты – мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын, оның қоғамда қызмет етуінің принциптерін, әртүрлі мәдениеттердің ерекшелігін, бірегейлігін, олардың өзара байланысын ашу.
  • Сонымен бірге мәдениеттану қазіргі өркениет келбетін, ерекшеліктерін, заңдылықтарын, мәдениет тарихын, адам бойында мәдени қажеттіліктер мен мүдделердің қалыптасуын, оның мәдени құндылықтарды өндіріп, сақтаудағы және оны келесі ұрпақтарға жеткізудегі рөлін зерттейді.
  • Мәдениет сөзінің мағынасы шаһарлану, қалалық өмірге бейімделу деген мағынаны білдіреді. Араб тілінде «шаһар» қала деген сөз. «Мәдина» сөзінен шыққан «мәдениет», батыстықтардың тілінде «цивилизация» деп аталады.
  • «Мәдениет» сөзі ІХ ғасырдан бастап қолданылады.
  • Османлы жазушылары бұдан алдын адамзаттың материалдық және рухани дамыған ғасырларын таныту үшін, мәдениет деген мағынадағы «өркендеу», «гүлдену», «жетістік» деген сөздерді қолданғаны белгілі.
  • Латын тілінде мәдениет дегеніміз cultura – өндеу, тәрбиелеу, білім беру, даму, сыйлау) – адамдардың өмірі мен қызметін ұымдастыру қалпы мен түрлерінен, сонымен қатар олардың жасаған материалдық және рухани құндылықтарынан көрінетін қоғам мен адам дамуының белгілі бір дәрежедегі тарихи деңгейі.
  • Дүниежүзілік мәдениет – біздің планетамызды мекендеген барлық халықтар мәдениетінің озық үлгілерінің синтезі болып табылады.
  • Ұлттық мәдениет өз кезегінде белгілі бір қоғамның әр түрлі таптары, әлеуметтік топтары мен жіктері мәдениетінің синтезін алға тартады.
  • Бір ұрпақтан келесі ұрпаққа жеткен және тарихи қалыптасқан, көп уақыт бойы белгілі бірлестікте сақталған әлеуметтік және мәдени мұраның белгілерін дәстүр деп атайды.
  • Әдет-ғұрыпқа қарағанда, нормалар (шама, өлшем, ереже) iс-әрекеттi басынан аяғына дейiн түгел емес, тек қана бiр принциптiң параметрiн қамтиды. Нормалардың мазмұны, олардың қатынасы бар нақты өрiс қарекеттерiнiң әр түрлiлiгi, бiркелкi шамаланбаған, ал олардың мазмұны мен мөлшерлеу тәсiлдерi әр мәдениетте әр түрлi.
  • Құндылықтар деп‚ адамдар мен әлеуметтiк топтардың‚ қоғамның қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын белгiлi бiр заттар мен құбылыстардың қасиеттерiн айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет