Философия пәнінен №2 Аралық бақылау «Жалпы медицина», 2-курс 2022-2023 оқу жылы


Ортағасырлық батысеуропалық схоластиканың гүлдену кезеңі



бет7/14
Дата18.12.2023
өлшемі363,51 Kb.
#140695
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Философия пәнінен №2 Аралық бақылау «Жалпы медицина», 2-курс 202-emirsaba.org (1)

79 Ортағасырлық батысеуропалық схоластиканың гүлдену кезеңі:
а) ІX ғасырға дейін
б) ІX-XІІ ғ.ғ.
в) XІІІ ғ+.
г) XІV ғ.
д) XV ғ.
80 Схоластикалық философияның әйгілі өкілі, «Теология жинағы», «Пұтқа табынушыларға қарсы жинақ» шығармаларының авторы:
а) Пьер Абеляр;
б) Уильям Оккам;
в) Дунс Скот;
г) Фома Аквинский;+
д) Раймонд Луллий.
81 Құдай болмысының (бар екендігінің) қозғалыс, себептілік, қажеттілік, сапа және мақсатқа негізделген бес дәлелін келтірген ортағасырлық ойшыл:
а) Пьер Абеляр;
б) Уильям Оккам;
в) Фома Аквинский;+
г) Әулие Августин;
д) Раймонд Луллий.
82 Ортағасырлық Батыс философиясындағы жалпы ұғымдар мен жеке табиғатына қатысты пікірталастың қарама-қайшы позициялары:
а) материализм және идеализм;
б) реализм және номинализм;+
в) рационализм және иррационализм;
г) диалектика және метафизика;
д) монизм және дуализм.
83 У. Оккам қолданған схоластардың жалған білімділігіне қарсы әдісінің образды атауы:
а) «Алтын қағида»
б) «Алтын қиылыс»
в) «Ұстара» (Бритва)+
г) «Маятник»
д) «Атауларды түзету» қағидасы
84 Адамның ең жоғарғы мүмкіндігі болып табылатын ақыл мен ақиқат өлшемі жайындағы ілімді қалыптастырушы ортағасырлық мұсылмандық философиялық бағыт:
а) калам;
б) джайнизм;
в) фәлсафа; +
г) сопылық;
д) иррационализм.
85 «Екінші ұстаз» атанған араб-мұсылман әлемінің ойшылы:
а) әл-Фараби;+
б) әл-Ғазали;
в) Ибн Сина;
г) Ибн Рушд;
д) әл-Кинди.
86 «Түсіндіруші» атанған араб-мұсылман әлемінің ғұламасы:
а) әл-Кинди;
б) әл-Фараби;
в) Ибн Сина;
г) Ибн Рушд;+
д) әл-Бируни.
87 «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» еңбегінің авторы:
а) әл-Кинди;
б) әл-Бируни;
в) Ибн Сина;
г)әл-Фараби;+
д) Ибн Рушд.
88 Әл-Фараби философиясының айшықты белгісі:
а) адамның құдіретті табиғаты
б) адамның ғарыштық табиғаты
в) адамның күнәхарлық табиғаты
г) адамның қолжетпес табиғаты
д) адамның әлеуметтік табиғаты+
89 Ибн Рушдтың «Терістеуді терістеу» кітабы кімге қарсы бағытталған: 
а) Әл-Фарабиге;
б) Әл-Бируниге;
в) Әл-Ғазалиге;+
г) Ибн Синаға;
д) Ибн Баджаға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет