Философия пәнінен емтихан билетінің сұрақтары


Қазақстан ғылымы дамуының келешегі



бет47/49
Дата18.10.2023
өлшемі188,47 Kb.
#118249
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
философия тест ответы

74.Қазақстан ғылымы дамуының келешегі.
Ғылым мен инновациялық технологияның дамуы – халықтың тұрмыс жағдайының жоғары деңгейге көтерілуімен тікелей байланысты әрі ел экономикасының дамуы және қоғамның тұрмыс жағдайының артуы тұрғысынан да стратегиялдық маңызы зор. Елімізде жүргізіп келе жатқан ғылым мен жаңа технологияны дамыту саясаты осы бағытта қолға алынып келеді. Нақты айтар болсақ, ІЖӨ-нің ғылымға бөлініп отырған 0,13 проценттік қаржы көлемін, Ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы бойынша, 2020 жылы 2%-ке жеткізу көзделіп отыр. Бұл – жоспарлы түрде кезең-кезеңмен жүзеге асатын шаруа. Елбасы Үкіметке алдағы 3 жыл ішінде жыл са­йын қосымша кемінде 100 миллиард теңге қаражат бөле отырып, 5 жыл ішінде ғылым, білім, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ІЖӨ-нің 10%-не дейін жеткізу керектігін тапсырды.
Жолдауда ел экономикасын көтеру мақсатында жасалған осындай маңызды қадамдардың бірі – индус­трияландыру мәселесі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері, Елбасы мемлекеттің индустрия саласын дамытуды әрдайым назарда ұстап келеді. Қазіргі уақытта қандай ел болса да, ғылым мен технология саласында қол жеткізген жетістіктерін жаңа технология арқылы (инновация) көрсете алады. Олардың жаңа табыстарын білім мен жаңа технология арқылы үнемі қуаттап, демеп отырса ғана әлем нарығында басымдыққа ие болады. Сөйтіп ел экономикасын күшейтіп-қуаттандыруға қол жеткізеді.
Дамыған Батыс елдерінде мұны «Scientific support» («ғылыми демеу, қуаттау») деп атайды. Яғни, өндірісті ғылыми тұрғыдан демеу, ғылыми тұрғыдан сүйемелдеу деген сөз. Сатып алынған (трансферт) қандай да ең жаңа технология өнімі болса да, әрі кетсе 5 жылда ғылым мен технологияның тез дамуына байланысты тиімділік үстемдігінен айырылады. Сондықтан кез келген зауытты немесе фабриканы ғылыми тұрғы­дан демеп сүйемелдеу арқылы өнімділігін жоғары деңгейде ұстап тұруға болады. Мысалы, АҚШ, Батыс Еуропа, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты мемлекеттерде өңдеу, тауар шығару өндірісі осындай жүйеге негізделген. Ал керісінше, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері ауылшаруашылық дақылдарынан жыл сайын 4-5 рет өнім алатынына қарамастан, кедейшілікте өмір кешуде. Себебі ол елдерде индустрия дамымаған, ал ол жағдай өз кезегінде жоғары техникалық білім мен ғылымның жетілмегендігіне байланысты орын алып отыр.
Индустрияның кенжелеп артта қалуы, өз кезегінде, жоғары техникалық білім мен ғылымның кері кетуіне әкеліп соғуы мүмкін. Технология және оның негізін қалайтын білімнің өндіруші күш халіне келуі қазіргі кезеңнің басты айырмашылығы әрі басымдығы болып отыр. Сондықтан «Ғылымсыз даму (прогресс) болмайды» – деген аксиоманы әрдайым естен шығармаған жөн.
Елімізде ғылым арқылы ең соңғы жетілдірілген технологияның берік тұғырын қалыптастырып, қарқындап дамуға жан-жақты алғышарттар жеткілікті. Соның бірі және бірегейі ретінде Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы «Алтын көпір» болу мүмкіндігін атап өткенді жөн көреміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет