алдымен, материалдық және рухани қажеттіліктер. Материалдық қажеттіліктер
рухани қажеттіліктерден бұрын пайда болған. Өйткені адам шығармашылық,
сүйіспеншілік, бостандық, еңбек пен бақыт, қайғы мен қуаныш сезімдерінен
рухани ләззат алу үшін өзіне қажетті материалдық игіліктермен, яғни, өзін
тамақтандырып, киіндіріп, қозғалыс құралдарымен қаруландыруы қажет еді.
Екіншіден, қоғамдық және жеке адам қажеттіліктері. Бұл екеуі бір – біріне тең
болмайды, тіпті олардың арасында қайшылықтар жиі туындап отырады. Тарихи
процестің әрбір субъектісі өз мүддесінен қоғам мүддесін жоғары қояды, соған
өз іс - әрекетін бейімдейді деу тарихи аңқаулық, тіпті ақиқаттан алшақ кету
болар еді.
Үшіншіден, түпкі стратегиялық, ұзақ уақытқа бағытталған, сонымен қатар,
кезеңдік сәттік қажеттіліктер. Адам да, қоғамда өз өмірін жоспарлап тіршілік
етеді. Жоспарлау дегеніміз – ауқымды және қосалқы, жеке және жалпы
міндеттерді анықтау деген сөз. Мысалы, ауқымды қажеттеліктерге қоғамның
болашағын ғылыми түрде бағдарлай отырып, оның өркениет жолында дамуына
жағдай жасайтын мүдделерді анықтап отыру жатады.
Сонымен қатар
, қоғамда
кезек күттермейтін бүгінгі таңда шешуді керек ететін мүдделер де бар.
Төртіншіден, адам мен қоғамның дамуынан тікелей туындамайтын, бірақ оған
қажет кейбір қызығу объектілері. Адамдарда бұлар көпжақты болатыны
соншалықты, кейбіреулері оның өмір сүруіне кері әсер етуі мүмкін. Мұндай
жағдайдың мысалы ретінде маскүнемдік, нашақорлық сияқты әлеуметтік
ауруларды атауға болады.
Адамдар өзін қоршаған ортадағы табиғат күштері мен заттарын ғана өзгертіп
отырмайды, олар өздерінің бір – біріне қатынастарын да өзгертіп, қайта
жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: