Байланысты: Философия СӨЖ әдістемелік нұсқау 2023-24
Эссе стилі (үлгісі): Образдылық;
Афоризмдік;
Пародоксалдық
Әлемді қабылдаудың даралық (өзгеше) бейнесін беруде автор:
Көптеген мысалдарды келтіреді;
Айырмашылықтарды іздейді
Мүмкін болатын ассоциацияларды қолданады.
Эссе жазуда көркемдік бейнелеу үлгілерін қолдануға болады:
Метафораларды;
Символдарды;
Салыстыруларды.
Эсседе төмендегідей шарттар болса, ол бағалы әрі қызықты болады:
Қызықты қорытыныдылар;
Күтпеген ой-пікірлер;
Ой арасындағы керемет байланыстар.
Егер сіз қандай-да бір өзгеше, жаңа өз ойыңызды айтайын десеңіз, онда эссе жанры сіздің жанрыңыз. Ойыңызды туындаңыз, айтып көріңіз, мүмкін сізде ұлы публицисттің дарыны бар шығар.
Инструкция
Күрделік деңгейі:
1-ші қадам Мазмұнын ойға салыңыз.
Эссе жазбас бұрын, оның құрылымы мен мазмұнын ойлап алыңыз. Ол үшін қарастылығна тақырып бойынша өзіңізге бірнеше сұрақ қойыңыз. Осы сұрақтарға жауап құрастырсаңыз, сіздің негізгі бөліміңіздің мазмұны ашылады. Болашақ шығармаңыздың стилистикасын бірден анықтап алуға тырысыңыз.
2-ші қадам Эссе жазыңыз.
Бірінші параграфта болашақ шығармаңыздың негізгі идеясын құрастырып алыңыз. Оқырманыңызды керемет, ғажайып пікірлермен жаулап алуға тырысыңыз. 2,3,4 параграфтар - негізгі бөлім. Өзіңіздің негізгі ойыңызды дәлелдейтін аргументтерді қолданыңыз. Өз өміріңізден алынған мысалдар болса, өте жақсы болады. Өміріңіз, өзіңіз, өз жанұяңыз жайлы нақты мағлұматтар беруден қорықпаңыз. Ең бастысы - осы ойлардың барлығының үйлесімділігі, ақылға қонымдылығы. Қорытынды параграфта негізгі ой жайында көп күш жұмасыңыз, кіріспені және негізгі бөлімді байланыстырыңыз.
3-ші қадам Тексеруге алыңыз.
Параграфтар арасында логикалық байланыс бар ма деп, эссенің құрылымын тексеріңіз. Эссе бірқалыпты стилде жазылғанын тексеріңіз. Қажет емес, пікірлерді қысқартып, ой-толғамыңызды қысқа әрі қисынды етіңіз. Эссені қайта-қайта жазудан қорықпаңыз.