Философия, саясаттану


  Эстетикалық сана мен эстетикалық



Pdf көрінісі
бет2/23
Дата03.03.2017
өлшемі1,65 Mb.
#6364
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

1   Эстетикалық сана мен эстетикалық 
танымды ұғымдық талдау
бағалаулар,  талғамдар,  эстетикалық  сезімдер,  мұқтаждықтар, 
эстетикалық теория сынды элементтер кіреді. Эстетикалық сана 
– бұл адамның және тұтастай алғанда қоғамның рухани өмірінің 
әр алуан көрінісінің ішкі өзара байланысы мен үйлесімді бірлігін 
қамтамасыз ететін рухани іргетасы. 
Мәдени  өркениеттегі  әмбебаптылық  пен  ерекшеліктің  ара-
сын  философиялық  тұрғыдан  талдаудың  объектісіне  халқымыз-
дың  рухани  тұғырларын  жатқызамыз.  Ұлттық  этностар  қандай 
да  бір  әлеуметтік  кеңістікте  өмір  сүрсе  де,  санасы  мен  бейсана-
лық  астарларында  этномәдени  архетиптері  жататыны  белгілі. 
Жалпыадамзаттық  құндылықтар  категориясы  болып  табыла-
тын  адамгершілік  ұғымдары  ізгіліктілік,  жақсылық  пен  жаман-
дықтың, ар, ұят, тектілік, парасаттылық, имандылықтың рухани 
қатынастарда парқы сақталуы керектігін баса көрсетеді. Жаһан-
дану үрдісі қазіргі замандық ғылым мен техника, технологиялар 
дамуымен  байланысты  болғандықтан  да  адамның  әлемді  игеру 
мен тұтыну қатынасын алдыға шығарды. Ал адамның рухани өмірі-
нің мәселелері – өнер, дін, адамгершілік кейінгі орынға ысырылды.
Мәдениеттің  аса  маңызды  компоненттерінің  бірі  «эстети-
калық мәдениет» болып саналады, өйткені ол шынайы адамгерші-
лікті қалыптастыруға әсер ететін адам эмоциясының аясын қарас-
тырады.  Философиялық-эстетикалық  және  мәдениеттанулық 
еңбектерге  талдау  жасау  эстетикалық  мәдениеттің  жан-жақты 
қарастырылғанын, бірқатар анықтамалар берілгенін, әрбір анық-
таманың  зерттеліп  отырған  пәнге  негізделетінін,  эстетикалық 
мәдениеттің  мәндік  сипатының  дәлелді  ашылғанын,  көптеген 
құнды ой-пікірлер, бағыт-бағдарлар берілгенін айғақтайды. Эсте-
тикалық мәдениетті дамытудың әрбір кезеңіне тән ерекшеліктерге 
берілген сипаттама мен эстетикалық мәдениет компоненттерінің 
атқаратын  қызметінің  өзара  байланысына  берген  түсініктемені, 
эстетикалық құндылықтарды ұғынуда элеуметтік-психологиялық 
және идеологиялық факторларды негізге алу эстетикалық мәде-
ниетке қатысты мәселелерді шешуде септігін тигізетіні сөзсіз.
Эстетикалық мәдениет өз алдына жекеше, тұлғаның нәтижелі 
қалыптасуында сапалық көрсеткіш бола алмайды, ол тек адамгер-
шілік  мәдениетпен  өзара  тығыз  байланысты  жағдайда  ғана 
тұлғаның  эстетикалық  мәдениетінің  шынайы  қалыптасуына 
мүмкіндік туғызады. Эстетикалық мәдениет тұлғаның ішкі әлемін 
байытады,  ақиқат  өмір  шындығын  біртұтас  қабылдауға  бағыт-

12 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
тайды,  адамда,  адамдардың  қарым-қатынасында,  қоғамда  аса 
жетілген жасампаздықты қалыптастыруға ықпал етеді.
Эстетикалық  мәдениеттің  компоненттері  функционалдық 
байланыста болады. Білім – тұлғаның ой-өрісін, сенімін, эстети-
калық бағалауын, көзқарасын және талғамдарын, жалпы алғанда 
идеялық  позицияның  бағытын,  эстетикалық  сезім  –  өмір  сүру 
әрекетінің  эмоционалдық  толықтығын  анықтайды.  Эстетикалық 
нормалар – практиканы реттеуші құрал қызметін атқарады. Эсте-
тикалық  қатынас  –  іс-әрекетте  эстетикалық  мәдениетті  жүзеге 
асыруда заттық бағыттылықтың, әлеуметтік нақтылықтың болуы-
на себепші болады. 
Эстетикалық мәдениет белгілі бір қызметтерді де атқарады: 
ақпараттық-танымдық  –  тұлғаның  білімдерін  жүзеге  асыру-
мен  байланысты;  құндылықтық-бағыттылық  –  эстетикалық 
сенімдерді;  іс-әрекеттілік-жігерлілік  –  эстетикалық  мәдениеттің 
әлеуметтік-шығармашылық  бағытын  анықтайтын  эстетикалық 
қабілеттіліктерді жүзеге асырумен; коммуникативтік-реттеушілік 
–  тұлғаның  мінез-құлқы  мен  іс-әрекетін  эмоционалдық  және 
нормативтік  тұрғыда  реттеуші  үлгі  ретінде.  Эстетикалық  мәде-
ниеттің  бұл  әрекеті  өз  алдына  оның  құрылымындағы  барлық 
үш  жүйенің  жиынтығында  тұлғаны  біртұтас  қалыптастыру 
процесінің жолын анықтайды. 
Эстетикалық  мәдениет  эстетикалық  әрекеттің  мазмұнына, 
формасына,  көлеміне,  нәтижесіне  себепкер  болады.  Ал, 
эстетикалық  қатынас  бұл  әрекеттің  негізгі  бағытын  анықтайды. 
Демек,  эстетикалық  қатынас  адамның  іс-әрекеті  құрылымына 
сәйкес еңбекке, әлеуметтік шығармашылыққа, табиғатқа, ғылым-
ға,  өнерге,  қарым-қатынасқа,  ойынға  және  спортқа  қатысын 
қарастыруы заңдылық болып табылады. 
Адамның  эстетикалық  ой-өрісті,  көзқарастар  жүйесі 
мен  талғамның  дамуын  меңгеруі,  нәзік  сезіне  білуі,  мінез-
құлықтың  эстетикалық  нормаларын  игеруі  –  осылардың  бәрі 
эстетикалық  мәдениет  қалыптасуының  көрсеткіші.  Жетілген 
тұлғаның  эстетикалық  мәдениеті  қоршаған  ортамен  қарым-
қатынаста,  әлемді  сезінуде,  демалысында,  қызығушылығында, 
өзінің  кәсіби  әрекетінде  эстетикалық  қажеттіліктің  кеңдігін 
және  тереңдігін,  эстетикалық  пікір  мен  бағалау  ерекшеліктерін, 
жинақталған  эстетикалық  әсерін  «сұлулық  заңдылығы  бойын-
ша»  шығармашылықпен  қайта  құруға  даярлығын  білдіретін 

 
 
 
                      
                                                  13
1   Эстетикалық сана мен эстетикалық 
танымды ұғымдық талдау
эстетикалық  және  көркемдік  құндылықтарға  араласуымен  си-
патталады. Тұлғаның эстетикалық мәдениеті іс-әрекеттің барлық 
түрлерінде  және  формаларында  көрініс  алады.  Онда  адамның 
жалпы рухани мәдениетінің деңгейі, жеке-даралық эстетикалық 
көзқарасы,  қарым-қатынасы,  эстетикалық  санасы,  мінез-құлқы, 
ой-өрісі  және  мәнерлі  сөзі,  өмірі  мен  еңбегін  ұйымдастыруы, 
тұлғалық өзара қарым-қатынасы көрініс табады. 
Тұлғаның  эстетикалық  мәдениеті  көрінісінің  көпшілікке  та-
нымал формасы болып диалектикалық өзара байланыстағы сана-
сезім, көзқарас-қатынас және іс-әрекет саналады. Тұлғаның эсте-
тикалық мәдениеті формаларын (сана-сезім, көзқарас-қатынас, іс-
әрекет) бірлікте дамыту адамды жалпыадамзат құндылықтарын 
меңгерудегі өзара байланыстағы процеске бағыттауда және өзді-
гімен дербес дамытуда адамның жеке басының мәдени әлемін, іс-
әрекетін үйлесімдендіруде жағдайлар жасайды.
Адам бойында сұлулықты, әсемдік пен әдемілікті сезіну жос-
парлы түрде емес, кездейсоқ болады: оған үйрену немесе үйрету 
мүмкін емес. Ол қандай да бір нысанды шынайы қабылдаған сәт-
пен бір мезгілде, яғни біз одан ғаламдық болмыстың бүкіл тұтас-
тығын сезіне бастаған сәтте пайда болады. Бұл сезіммен бір мезет-
те  кез  келген  осындай  нысаннан  байқалатын  әлемнің  бірлігімен 
байланыстағы  тұтастық,  кемелдік  сезімі  де  бой  көрсетеді.  Адам 
сол нысанның әсемдігі мен бірегейлігін сезінгенге дейін ол сол ны-
санды таныдым деп кесіп айта алмайды; ол тек танымға жақын 
болуы ғана мүмкін. 
 Адам өзінің нысанды тану жолында сол нысан оған сұлу болып 
көрінгенде,  ол  өзінің  қабылдауының  барлық  басқа  адамдардың 
қабылдауынан  басқа  екендігін  интуитивті  түрде  сезіне  отырып, 
әсемдікті осылайша өзінің сезінуін білдіруге деген құштарлықты 
аңғарады.  Осылайша  адам  осы  шығармашыл  құштарлыққа 
бағына  отырып,  жасампаздыққа  барады:  өлеңдер  мен  әуендер 
шығарады, сурет салады және т. б. 
 Нәзік әлеммен байланыстағы эстетикалық шығармашылық-
тың  өнімі  эстетикалық  танымда  маңызды  рөл  ойнайды.  Мұны 
философиялық танымда философиялық жүйенің немесе ғылыми 
танымда үлгінің қандай рөл ойнайтынымен салыстыруға болады. 
Ол  осы  көзқарас  тұрғысынан  алғандағы  әлемнің  бейнесі  болып 
табылады.  Сондықтан  өнер  туындысының  дарынсыздығы  тура-
лы емес, сол адам үшін оның жеткіліксіз ақпаратта болуы тура-

14 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
лы сөз қозғаған дұрыс. Әрине, субъект үшін өнер туындысының 
ақпараттылығы  оның  ақпарат  алу  қабілетіне  де  байланысты 
екендігін  ескеру  қажет;  кез  келген  нысан  бүкіл  әлем  туралы  ақ-
паратқа ие бола алады. Ғылымға қарағанда өнер әлемде тікелей 
қабылдауға адамды анағұрлым тез бейімдей алады. 
Эстетикалық таным мен көркемдік сананың өзегін көркем-
дік идеал (мұрат) құрайды. Болмысты идеалдандыру, шынайы-
лықты ойша жетілдіру адам баласына ерте кезден тән: көркемдік 
идеал  санада  адамның  рухани-практикалық  әрекетінің  бары-
сында, оның білімі мен қабілетінің өсуі барысында қалыптасты. 
Ол  өз  түсінігінде  идеалды  жоспарды  бейнелей  алды.  Идеал-
ды  нәрсе,  санадағы  нәрсе  мейлінше  кемелдікке  жақын.  Оның 
кемелдік дәрежесі адам санасының деңгейімен байланысты бо-
лып келеді. 
Көркем бейне – өзінің ниетін (зат жасау, әдеби шығарма жазу, 
саз шығару және т. б.) өмірге енгізу сәтінде жасампаз-адамның ой-
ына келетін қандай да бір материалды нәрсенің идеалы. Алайда 
көркем бейненің бір ерекшелігі бар: оған қол жеткізу қиын. Бұған 
адамның  өзі  кінәлі:  қол  жеткендей  болып  көрінген  жетістікті 
бірден идеал «кейінге ығыстырады» және бұл адамның басындағы 
бәле емес, бақыты; идеал оның ниетін қамшылайды, оның әреке-
тін дамытады, оның ойлауы мен қызметін үнемі көркем бейнелі 
етіп отырады. 
Көркемдік сана саласы – бұл реалды әлемнен жоғары тұрған 
адамның үнемі соған жақындауға ұмтылатын асқақ, екінші идеал-
ды әлемі. Ән мен күй, би, романдар мен повестер, халық ертегілері 
– осының бәрі адамның уақытша тұрақтайтын жартылай қияли, 
жартылай  шынайы  әлемі.  Алайда  эстетикалық  таным  немесе 
көркемдік  сананың  құндылығы  сонда,  адам  осы  көркем  идеалға 
уақытша ғана жақындаса да шаттыққа бөленеді: адам әсем затқа 
қуанады,  әуезді  әнді  құлақ  түріп  тыңдайды,  жақсы  кітаптан, 
қызық  кинодан  ләззат  алады,  жазушының  ойдан  шығарған 
қаһармандарының өміріне араласып кетеді және т. б. 
Эстетикалық  көзқарас  пен  одан  туындайтын  өнер  де  адам 
баласының  әлеуметтелгендігінің  ең  жоғарғы  көрсеткіші  ретінде 
қарастырылады.  Қоғамсыз  ешқандай  әдемілік  те,  сұрқиялық 
та, жоғары мен төмендікте т.с.с бар болуы мүмкін емес. Мақсат 
пен  идеалдар  сияқты  эстетикалық  құндылықтардың  бар  болуы 
адамның  мақсатты  әрі  тұжырымды  іс-әрекетке  қабілеттілігімен 

 
 
 
                      
                                                  15
1   Эстетикалық сана мен эстетикалық 
танымды ұғымдық талдау
тікелей  байланысты.  Норма,  мақсат  пен  идеалдар  адамды  бас-
қалардан  өз  дүниетанымында  онтологиялық  дәрежесінде  ерек-
шелеп  тұратын  негізгі  тетіктер  болып  табылады.  Өйткені  адам 
баласы тек қана қоршаған ортаға бейімделіп қана қоймай, саналы 
түрде  өмір  сүру  жағдайын  өз  қажеттілігі  мен  мақсат-мүддесіне 
(жағымды ма, жағымсыз бұл өз алдына бөлек мәселе) сай өзгерте 
алады.  Қоғам  мүшесі  бола  отыра,  адам  қоғам  қолдауын  қажет 
етеді. Қоғамның басқа мүшелерінсіз адам өз дегенін жүзеге асыра 
алмайды. Әлемге деген эстетикалық көзқарастың ерекшелігі жал-
пы, ерекше, бірегей т. с. с. синтездердің яғни жалпы әлеуметтік 
(дүниежүзілік), жеке-топтық (ұлттық) және нақты индивидуалды 
(тұлғалық) сияқты қырынан анықталады. 
Қоғамдағы өзгерістердің орын алуы міндетті түрде адамның 
эстетикалық  көзқарастарының  өзгеруіне  алып  келеді.  Қандай 
эстетикалық  көзқарас  болмасын,  нақты  заттар  арқылы  көрініс 
тауып  отырады.  Таза  абстрактілік  түрде  тек  ой  арқылы  ғана 
қабылданатын  дүние  эстетикалық  әлемге  жат  құбылыс.  Бұл  – 
жақсылыққа  ұмтылу  нақты  оның  бір  құбылыстарына  тартылу 
сияқты нәрсе. Жалпы алғанда адамзаттық барлық мәдени болы-
мысы,  оның  мәдениеттегі  іс-әрекеті,  кейде  тіпті  кең  мағынадағы 
болымысы барлығы эстетикалық құбылысқа тұнып тұрады. 
Философиялық  дискурс  пен  заманауи  әлеуметтік  мәдени 
шындықты  эстетикаландыру  ғылыми  рационалдық  әлем 
бейнесі  орнына  келген  жаңа  көркемдік  эстетикалық  әлем 
бейнесімен  толығуда.  Қазіргі  таңда  біз  үшін  адамның  осындай 
эстетикаландырылған әлемдегі рөлі мен орнын анықтау мәселесі 
туындап  отыр.  Адамның  күйбең  тірліктік  өмір  сүру  страте-
гиясының  қаншалықты  мүмкін  екенін  анықтау  қажет.  Осының 
бәрі  эстетикалық  онтологияның  тек  қоғам  өмірінде  ғана  орын 
алып қоймай, терең адамзаттық мәнге ие екенін көрсетеді. Эсте-
тика  шығармашылық  өмір  құрылымының  факторы  ретінде, 
адамның  өзін  өзі  қалыптастыру  құралы  ретінде  адамға  шын 
мәнісінде әсер етуге қабілетті. Ол адам болымысының толыққан-
ды әрі жан-жақты түрде көрінуіне адамның айналысына да бел-
гілі бір кеңістік жасайды. 
Адам  әдемілікке  деген  қажеттілікті  сезінеді.  Алайда  бұл 
әдемілікті  әлдеқайда  кеңірек  мағынада  түсіну  қажет.  Өйткені 
әдемілікке деген қажеттілікті эстетикалық қажеттілік деп түсініп, 
оны  сұлулық  пен  ажарсыздықтың,  қасіреттің  трагикомиялық-

16 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
пен,  бірізділік  пен  рационалдықтың  бейберекетшілдік  пен 
иррационалдық,  көркемдіктің  түсініктікпен,  ойыншылдың  бай-
салдылықпен, канондықтың жаңашылдықпен, жоғарылықтың тө-
мендікпен,  ресмидің  мазмұндылықпен  беттесуінен  туындайтын 
түсінік ретінде қабылдау қажет. 
Ұлттық шынайылықтың құндылықтық өлшемдері индивид-
тің әлемге деген құндылықтық қатынасы негізінде қалыптасады. 
Әр түрлі қоғамның несібе ретінде нені қабылдауына байланысты 
олардың этносы және мәдениеттері де әр түрлі болады. Өз бой-
ында  ландшафтық  ерекшеліктерін,  психоменталдық  кешенді, 
халықтық тарихты, мәдениетті сіңіре отырып, ұлттық ақиқаттың 
құндылықтық  өлшемдері  әр  түрлі  басқа  да  ұлттық,  қоғамдық, 
мәдени, діни, мемлекеттік, ұжымдық сияқты өкілдермен қарым-
қатынасқа түсе отырып, көп деңгейлі дәрежеге көтеріледі. 
1.2 
Эстетикалық 
сананың 
генезисі: 
әлеуметтік-
философиялық талдау
Үшінші  мыңжылдықтың  басында  ғылыми  ортада  адамның 
тектік  мәнінің  терең  негіздерінің  қалыптасу,  жалпы  адамзат 
дамуының, нақтырақ айтсақ, қазіргі замандағы саналы адамның 
даму  мәселелерін  зерттеу  өзекті  бола  бастады.  Қазіргі  заман 
шынайылығының  қалыптасу  жағдайында  қоғамдық  үрдістер 
мен  өзгерістердің  дамуының  күрделілігі,  әлеуметтік  шығарма-
шылықтың  жаңа  түрлерін  бекіту,  адамды  тәрбиелеу  үрдісінің 
қажеттігі эстетикалық таным ерекшелігін терең түсінуге мүмкін-
дік  беретін  эстетикалық  сананың  қалыптасуының  негіздерін 
ғылыми  тұрғыдан  зерттеу  бағытын  анықтайды.  Эстетикалық 
танымға  қазіргі  таңдағы  зерттеушілер  түрлі  концептуалды 
анықтамалар  ұсынады.  Эстетика,  философиялық  білім  бола 
тұрып,  өзінің  ғылымдағы  «кең»  мағынасын  қазіргі  заман  мә-
дениеті,  өнері  және  адамды  эстетикалық  әрекеттің  пәні  ретінде 
тұтастай зерттеу арқылы бекітеді.
Соңғы  жылдары  мәдениетті  адамның  пайда  болу  кезеңі, 
оның  өмірлік  әрекетінің  мазмұны,  адамзаттық  сезімталдықтың 
дамуы,  эстетикалық  әрекеттің  түрлі  деңгейлеріндегі  субъектінің 
шығармашылық  мүмкіндіктері  мәселелеріне  қызығушылық  ар-
тып келеді. 

 
 
 
                      
                                                  17
1   Эстетикалық сана мен эстетикалық 
танымды ұғымдық талдау
Мәдениеттің  қазіргі  таңдағы  дамуы  жаңа  сапалы  деңгейге, 
яғни өркениеттің жаңа түрінің қалыптасу жағдайында әлеуметтік 
дамудың дәстүрлі және инновациялық үдерістерін синкретикалық 
түрде ұғынуға бағытталған. Қарқынды әлеуметтік-экономикалық 
даму шарттарында мәдениет мәселелері ерекше маңыздылыққа 
ие  болып  отыр,  себебі,  мәдениет  адамзат  тіршілігінің  барлық 
қырларын  «қамти  отырып»,  белгілі  және  рәміздік  жүйелерде 
көрініс таба отырып, әлеуметтік дамуды белсендіруші фактор бо-
лып табылады. 
Алайда, қазіргі таңдағы қоғамдық санада эстетикалық компо-
ненттің орны мен рөлі қарама-қайшылыққа толы. Бір жағынан, 
эстетикалық  жақтың  таралу  саласы  бұрын  соңды  болмаған 
көлемге  ұлғайған:  сұлулық  күнделікті  және  дизайн,  сән  және 
стиль  сияқты  құбылыстардың  құрамына  ене  отырып,  қоғамдық 
іс-әрекеттің  басым  көпшілігінің  саласында  қажетті  сапа  болып 
келеді. Сонымен қатар, эстетикалық қасиеттердің пайдакүнемдік 
қырлары басым бола түсіп, өзіндік беделдің, әлеуметтік мәртебе 
мен тұлғалық ықпалдың көрінісіне айналып, өзіндік құндылығын 
жоғалтып келеді.
Аталмыш  үдерістер  барысында  қазіргі  заман  дүниетанымы 
жүйесінің  аясында  көркем  шығармашылық  саласымен  қатар, 
қоғамдық психология саласында мифке деген қызығушылық ар-
тып  келеді.  Ол  эстетикалық  сана  деңгейінде  оның  бұқаралық, 
стереотиптілік,  шынайылықтан  ойдан  шығарылған  виртуалды 
әлемдерге  қашу,  автор  мен  көрермен  арасындағы  шекараларды 
жою,  шығармашылық  үрдісінен  интерпретация  үрдісіне  ауы-
су  сияқты  ерекше  және  біртекті  емес  қырларын  негіздей  түсіп, 
айрықша көрініс табады. Аталмыш белгілер эстетикалық сананың 
сапалы анықтамасы мен ішкі тұтастығынан айрылғандығын және 
оның қоғамдық сананың басқа түрлерімен араласып кеткендігін 
көрсетеді.
Эстетикалық  таным  әлеуметтік  жүйенің  тұтас  бір  мәндік 
болмысының  құрамында  болғандықтан,  ондағы  қарама-қайшы 
және  біртекті  емес,  дағдарысқа  толы  үдерістердің  тек  көркем 
әлемде  ғана  емес,  сонымен  қатар,  жалпы  әлеуметтік  жүйеде  де 
орын алғанын дәлелдейді. Сол себепті, әлеуметтік-философиялық 
талдау  зерттеудің  тиімді  әдісі  болмақ,  себебі,  аталмыш  әдіс 
қоғамды жүйелік тұрғыдан қарастырып, эстетикалық сананы та-
рихи  және  логикалық  тұрғыдан  әлеуметтік  болмыс  құрылымы-

18 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
ның бөлігі ретінде және оның тарихи дамуының динамикасы мен 
ерекшелігін көрсетуге мүмкіндік береді.
Адамды  «адам  етудің»  басты  белгісі  абстрактілікке,  белгілік 
рәміздік шығармашылық әрекетке, эстетикаға, өнерге және дінге 
деген қабілеттердің пайда болуы. Палеолиттік кезеңдегі өнер ту-
ындылары маңызды тарихи-әлеуметтік және мәдени міндеттерді 
шешкен  ежелгі  шығармашылық  эстетикасының  шынайы  мәңгі-
лігі мен жалпыадамзатқа деген маңыздылығын көрсетеді. 
Қазіргі таңдағы археологтар, антропологтар, этнологтар, пси-
хологтар,  өнертанушылар  мен  философтардың  аталмыш  мәсе-
леге  қатысты  бірлескен  зерттеулері  белгілі  деңгейде  алғашқы 
абстаркциялардың  пайда  болуының  когнитивті  тетіктерін, 
олардың рәміздік мағынасын және тарихи-әлеуметтік мәнін, со-
нымен қатар ежелгі шығармашылықтың генетикалық негіздерін, 
оның  әлемді  мифологиялық  виртуалды  көрудің  қалыптасуы 
барысындағы эстетикалық табиғатын ашады [26].
Концептуалды тұрғыдан, философиялық-эстетикалық тәсіл-
демені қолдана отырып, адамның эстетикалық санасының құры-
лымы  мен  мәнінің  генезисін  қайта  қалыптастыруға  болады. 
Адамның эстетикалық санасының мәні эстетикалық-үйлесімділік 
тұтастығының  негізгі  идеяларын,  мақсаттылық  пен  мақсатты 
тұжырымдау,  адамдардың  өмірлік  әрекеттерінің  жалпы  эсте-
тикалық форма түзуіндегі әлеуметтік болмысты жақсарту шара-
ларын талдау арқылы танымды тереңірек ашады. Биологиялық, 
психикалық, әлеуметтік және мәдени қырлары бар адамның ой-
лауының  онтологиясының  құпиялары  қазіргі  таңда  да  сананың, 
эстетикалық сезімнің, өнердің, діндердің генезисі жөніндегі мәсе-
лелерді  осыдан  шығатын  концептуалды  құрылымдар  мен  гипо-
тезалармен қатар шешімі күрделі мәселелердің қатарына қояды. 
Эстетикалық  сананың  құрылымы  мен  мәнінің  қалыптасуы 
бейсаналықтың  «миф  түзушілік»  құрылымдық  бөлшектерінде 
терең  жасырылған.  «Олар  өздерінің  тамырларымен  рухани 
алғышарттармен алғашқы тұрпайы әлемге кетеді, оны біз қазіргі 
таңдағы  әлі  де  өмір  сүретін  тұрпайы  ұлттардың  тіршілігінен 
байқауымызға болады» [27]. 
Эстетикалық іс-әрекет пен сананың алғашқы түрлерін зерттеу-
ге тарихи және логикалық, тарихи-салыстырмалы, құрылымдық-
функционалдық  және  генетикалық  талдау  әдістерін  қолдану 
өткен  және  қазіргі  таңдағы  байланысты  ашады.  Сонымен  қатар 

 
 
 
                      
                                                  19
1   Эстетикалық сана мен эстетикалық 
танымды ұғымдық талдау
эстетикалық іс-әрекеттің, оның әлеуметтік қызметі мен даму заң-
дылықтарының  қажеттілігін  ғылыми  тұрғыдан  түсіндіруде  бір-
бірімен тығыз байланысты аллогенез и идеогенез тәсілдемелерін 
қолдану зерттеуге маңызды үлестерін қосты. 
Аллогенез өзгерістерде көрініс табады. Аллогенез барысында 
бір органдар прогрессивті жолмен дамып, бөліктерге бөлінеді, ал 
басқалары өздерінің функционалды маңыздылығынан айрылып, 
қысқарады;  сонымен  қатар  онтогенездің  барлық  сатыларында 
үйлесімді өзгерістер жүреді. Идеогенез – зерттеуші тұлғаның ең 
маңызды  көрсеткіштерінің  бірі,  нақтырақ  айтсақ,  зерттеушінің 
өзіне  дейінгі  қалыптасқан  және  айтылған  ғылыми  идеяларды 
меңгеруі мен иелену ерекшелігі және оларды барынша дамытып, 
жаңа мән мен түсініктеме берумен сипатталады. «Идеогенез» ка-
тегориясы  ғылымда  белгілі  бір  аналогия  болатын  алғышартсыз 
абсолютті  жаңа  идеялар  болмайды  деген  тұжырымды  басып 
айтады.  Мәселе  оларды  белгілі  бір  ғалымның  тұлғалық  және 
шығармашылық мазмұнмен толтыруында. 
Зерттеу  тақырыбының  эстетикалық  қырына  қатысты  атал-
мыш  тәсілдемелерді  төмендегідей  негіздеуге  болады.  Алло-
генез  адамның  ежелгі  тәжірибесінің  жалпы  құрылымындағы 
эстетикалық  қатынастың  элементарлы  түрлерін  ашып,  оның 
әлеуметтік  қызметтерін  анықтайды,  ал  бұл  өз  кезегінде,  оның 
іс-әрекет  пен  сананың  өзіндік  жеке  формаға  айналуына  себін 
тигізген.  Осылайша,  ол  эстетикалық  әрекеттің  себептері  мен 
қозғағыш күштерін және оның қоғамдық қажеттіліктер арқылы 
анықталғандығын ашуға үлесін қосады. Идеогенез осы эстетикалық 
әрекеттің  құрылымын,  оның  дамуындағы  имманентті  заңдарын 
анықтайды,  сол  арқылы  эстетикалық  іс-әрекеттің,  оның  өмірлік 
тіршілігін  үйлесімді  ететін,  қоғамдағы  біртұтас  жүйе  ретінде 
қызмет ететін тетіктерін ашады. 
Эстетикалық  сананың  дамуын  сатылық  жолмен  қарастыру 
ежелгі  адам  құралының  нақты  тарихи  мазмұнының  қалыптасу 
үрдісін ашады. Мәселен, жұмысшы және жұмысшы емес бөліктің 
сәйкестігі мен ара-қатынасының қағидаттары құрал жасау (про-
порция,  симметрия,  ритм,  ұйқастық,  мақсаттылық,  тұтастық) 
әрекетіндегі  эстетиканың  формальді  объективті  белгілерін  құру 
мен бағалау және тіршіліктің нақты тарихи бейнесін қалыптастыру 
ашель – мустье дәуіріндегі эстетикалық сезімнің пайда болуының 
негіздерін ашады [28]. Ежелгі адамның эстетикалық қабілеттері-

20 
        

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет