Философия тарихы



бет7/12
Дата19.06.2022
өлшемі111,5 Kb.
#37076
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ДӘРІС Ф (2)

Дәріс мазмұны:
ХХ ғасырдың басында қазақ топырағында бір топ талантты ойшыл ақындар, қоғам қайраткерлері дүниеге келді, әрине оларды дүниеге келтірген объективті қоғамдық жағдайлар. ХХ ғасырдың басында Ш. Құдайбердиев, С. Торайғыров, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, Ә. Бөкейханов, М. Шоқаев, М. Дулатов, Н. Төреқұлов сияқты озық ойлы бір топ қоғам қайраткерлері саяси аренаға шықты. Олар ең алдымен “Зар-заман” атанған дәуір өкілдерінің ой-пікірлерін ілгері дамытты. Оларды ойландырып, толғандырған ежелгі проблема отыршылдық бұғаудан құтылу, қазақтарды өз алдына тәуелсіз ел ету, қолдан кеткен мүмкіндіктер мен айырылған жерлерге өкініш білдіру, халықтың санасын ояту болатын (ХХ ғасырдың басында түрлі саяси-әлеуметтік проблемалар көтерген “Айқап” журналыныңда аты соны аңғартады).
М. Дулатов “Қазақ жеріне” деген өлеңінде патшалық Ресейдің Қазақстан жерінде жүргізген отаршылдық саясатын әшкерелей келіп, былай деп жазды: “Қазағым, жерің қайда атамекен, қазақ – қазақ болғалы мекен еткен. Қазірде бәріңізді қуып шығып, орнына қала салып хохол жеткен. Шығуға жер, өлшеуге землемерлер, бұл үшін кеткен біздің жақсы жерлер. Тәтті шөп, тұщы судың бәрі сонда, табатын бұған хайла, қайда ерлер?”. Дәл осы өлеңдері үшін патша өкіметі М. Дулатовты қуғынға салып, түрмеге жапты. Бірақ ол өлеңді де, оның авторын да құрта алмады. Өйткені, бұл өлеңдер бүкіл зиялы қазақ азаматтарының көкейтесті, бостандықты тілеген ой-армандары еді. Әрине, осы ой оларды 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа, “Алашорда” өкіметін орнатуға бастады.
ХХ ғасырдағы қазақ ойшылдары түрлі философиялық ізденістер жасады. Қазақ халқының қарапайым ой-пікірлерінен алғаш философиялық деңгейге дейін көтеріле алған Абайдың немере інісі Ш. Құдайбердиев болды. Ол Абайдың “Қырық бес қара сөзіндегі” ой толғау дәстүрін дамыта отырып, 1898 жылдан бастап отыз жылдай табанды ізденіс жасап, еңбек етті, сөйтіп “Үш анық” деген философиялық еңбегін жазып шықты. Ол еңбегінде Шәкәрім түрлі философиялық мәселелерге арнайы тоқталады. Бұлар – дүние, таным, тән мен жан, жану мен шіру, ождан, т.б. сияқты мәселелер. Ождан, дейді Шәкәрім, адамдағы нысап, әділет, мейірім, осы үшеуінің қосындысы. Оны тілейтін жан, деп түсінеді Шәкәрім. Бұл еңбегінде ол бірде материяны мойындаса, бірде идеяны алғашқы санап, идеализмге бас иеді, бірде ғылымға жүгінсе, бірде спиритизмді қуаттайды.
Ұлт-азаттық қозғалысы өкілдерінің аңсаған армандарының бірі – дербес тәуелсіздік мемлекет болу, өнеркәсіп орындарын, қалалар салу, мәдени ошақта ашу, түрлі оқу орындарын ашып, олардың жұмысын жолға қою, елдің сауатын ашу, ұлттық зиялыларды өсіріп, жетілдіру болды. Солардың бірі А.Байтұрсынов Қазан революциясы қарсаңында араб алфавиті негізінде 29 әріптен тұратын қазақ әліппесін жасап, тезірек хат танытудың төте жолын салды. “Тіл ашар”, “Тіл құрал”, “Сауат ашқыш”, “Тіл жұмсар” деген кітаптар жазып, грамматика құрастырды, үлкен ғылыми реформа жасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет