Философия Тематикалық жоспар


Қазіргі қазақстандағы жаңғыру үдерісі: әлеуметтік-саяси, экономикалық, мәдени қырлары. Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттары. Рухани жаңғыру. ХХІ ғасырда ұлттық сана-сезімді қалыптастыру мә



бет85/89
Дата10.10.2024
өлшемі0,65 Mb.
#147583
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89

1. Қазіргі қазақстандағы жаңғыру үдерісі: әлеуметтік-саяси, экономикалық, мәдени қырлары. Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттары. Рухани жаңғыру. ХХІ ғасырда ұлттық сана-сезімді қалыптастыру мәселесі

  • «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруға, біріншіден, мемлекеттің басқару жүйесі ынталы, құлықты болуы тиіс. Себебі, ол мемлекеттің ішкі және сыртқы қажеттілігін қанағаттандырудан туындап қана қоймайды, сонымен бірге, ол мемлекет құраушы ұлт алдында тұрған басты мақсат пен шешуші міндеттердің жиынтығы ретінде өмір сүреді. Жалпы алғанда, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы философиялық талдауды қажет етеді. Біріншіден, «Мәңгілік Ел» идеясы қазақ халқы тарихының басты мәселесі болып отырғаны белгілі. Осы мәселеге қазақ халқы тарихында жауап іздемеген батырлар, қара қылды қақ жарып, әділін айтып, елді аузына қаратпаған шешендер мен көсемдер, хандар мен билер, тіпті, халық арасынан шыққан даналардың тарихта үнемі болып тұрғаны әлімсақтан белгілі..

1. Қазіргі қазақстандағы жаңғыру үдерісі: әлеуметтік-саяси, экономикалық, мәдени қырлары. Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттары. Рухани жаңғыру. ХХІ ғасырда ұлттық сана-сезімді қалыптастыру мәселесі

  • «Мәңгілік Ел» идеясын философиялық тұрғыдан талдаудың өзіндік ерекшелігі бар екендігін айта кеткен жөн. Біздіңше, ең басты философиялық ұстаным - ол қазақ халқының осы идеямен бірге өмір сүріп келе жатқандығында, оған үнемі оралып, оны сана мен ойдың пәні ретінде сезінуінде, тіршіліктің басты бағыты ретінде қабылдап, оны үнемі білім және рухани құндылықтармен толықтырып, өмір сүру философиясының өзегі деп қабылдауында болса керек. «Мәңгілік Ел» - ұлттық дүниетанымның басты бағыты және қайнар көзі. Оның ішкі мазмұны үнемі даму, өзгеру, жаңғыру арқылы жүріп отырады.

1. Қазіргі қазақстандағы жаңғыру үдерісі: әлеуметтік-саяси, экономикалық, мәдени қырлары. Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттары. Рухани жаңғыру. ХХІ ғасырда ұлттық сана-сезімді қалыптастыру мәселесі

  • «Мәңгілік Ел» идеясында қазақ халқының сығымдалған, жүйеленген өмір сүру тәжірибесінің әлеуметтік-мәдени коды бар. Демек, «Мәңгілік Ел» идеясын ұлттың тарихи даму үрдісінен тысқары қарау мүмкін емес және қолдан немесе ойдан шығарылған мәселе еместігі тағы белгілі. Себебі, бұл мәселе қазақ қоғамы үшін қашанда өзекті. Екіншіден, «Мәңгілік Ел» идеясы, кейбіреулер айтқандай, «утопия» немесе ойдан шыққан адам қиялы жетпейтін, абс­трактылы ұғымдар жиынтығы емес. Ол - Қазақстанның антологиялық болмысын анықтайтын ұлттық идеяның темірқазығы, қоғам дамуына бағыт-бағдар беретін, сан ғасырлар бойғы ата-бабаларымыздың арманын жүзеге асырудағы рухани-сая­си ұстаным.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет