Ғылыми-техникалық революцияның ықпалымен рыноқктық қатынасқа байланысты еңбекшілердің қоғам алдына қоятын талаптарының ауқымы өсті, түрлері көбейді. Қазір қарапайым адамдар еңбек және тұрмыс жағдайын жақсарту және сауықтыру, еңбек ақы мөлшерін жұмыс күшінің ұдайы өндірісінің талабына сәйкестендіру, кәсіпорындарға жұмысшы бақылауын кең түрде қолдану, өндірісті басқару және әлеуметтік мәселелерді шешуге хақылы болуын, қоршаған ортаны аялау жөнінде өкіметтің, атқарушы органдардың батыл шешім қабылдауын, еңбекке деген құқықты іске асыру, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және соғыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, осы саладағы жетістіктердің бәрін де бейбіт мақсатқа пайдалану және т.б. талаптарды өткір қойып отыр.
Қазіргі технологияның дамуы өндірістің табиғи фактордан тәуелсіздігін бәсеңдетсе, екінші жағынан, оның рөлі барған сайын күшейіп ( мысалы, ұдайы өндіріс процесінде бұрын ескерілмеген немесе жете ескерілмеген ресурстар ), әуе және космос кеңістігі, дүниежүзілік мұхит т.б.. еніп отыр. Осылайша табиғат ресурстарын экономикалық айналымға қамту көлемі барған сайын арта түсуде. Бұдан бір тұтас экологиялық-экономикалық ұдайы өндірістік жүйе қалыптасты деп қорытынды жасауға болады. Заманымыздың ғұлама ғалымы академик Вернадскийдің сөзімен айтқанда, бұл – ноосфера дәуірінің басталуы.
3. Ғылыми-техникалық прогресс және қазіргі ғылымның даму болашағы мәселелері
Қоғамдық өндірістің дамыған сайын ондағы күрделі еңбектің басым болуы да заңдылық.Өйткені күрделі еңбек жай еңбектен көп тиімді. Сондықтан өндіріс оны басым пайдалануға мүдделі. Ғылыми- техникалық прогоестің нәтижесі, шаруашылықтың салалық құрамдарының өзгеруі, жаңа өндіріс салаларының дүниеге келуі, еңбек бөлінісінің тереңдей түсуі кәсіптік құрылымның өзгеріп тұруын заңды процеске айналдырды. Жаңа кәсіп, жаңа мамандық түрлері пайда болды. Қоғамдық өндірістің дамуы нәтижесінде дене және ой еңбектерінің ара салмағы да өзгеріп отырады. Адамның өндірісте атқаратын қызметтерінің ішінде ой еңбегі басымырақ болып келеді. Дене еңбегінің де бейнесі өзгеріске ұшырайды. Бұлар ғылыми- техникалық прогрестің озық нәтижелерін өндіріске тікелей пайдалануға байланысты. Адамзат қоғамының даму сатысының бәрінде еңбек мазмұны күрделі бола бермек. Өндірісті механикаландырып, кешенді түрде автоматтандырғанда, робот техникаларды, икемді технологияны енгізгенде және т. б. Ғажайыптардың бәрі де еңбек мазмұнына сапалы өзгерістер енгізеді. Бұл әкономикалық дамудың жалпылама негіздерінің зор ерекшелігі.
Өндірістегі адам факторының дамуындағы келесі заңдылық- адамның өндірісте атқаратын қызметініңөзгеруі. Адам өндіріспен тікелей араласудан қалады, оның ұйымдастырушы, басқарушы, реттеуші, бақылаушы агентіне айналады. Сонымен қатар еңбек функцияларының деңгейі кеңейеді, әр түрлі операцияларды атқаратын кең ауқымды жұмысшылардың жаңа типі өмірге келеді. Барлық қоғамдық- экономикалық формациялардың даму тарихы өндірісте адамның маңызы мен рөлі арта түсетіндігін көрсетеді. Өмір шындығы осындай.