Еркіндік дамуындағы үшінші сатыға жету үшін үйлесімді дамыған тұлға және жан-жақты, ерікті, жатталынбаған немесе еркін индивидуалдылық деп аталатын, қазіргі қоғам эволюциясындағылардан басқа өлшеусіз нәрсе қажет. Бұндай толық еркін индивидуалдылық өзінің ішкі потенциясының дамуының әмбебапты өсуімен ерекшеленеді.
Тақырып бойынша бақылау сұрағы Ерік туралы тұжырымдарын қалыптастырған ойшыл?
Шопенгауэр
Конфуций
Аристотель
Сократ
11 Дәріс. Өнер философиясы
Жоспар бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Эстетика пәні философиялық білім саласы ретінде. Негізгі эстетикалық категориялар: сұлулық – ұсқынсыздық, траги-комедиялық, асқақ – төмен. Сұлулықтың құндылығы.
2. Эстетиканың даму тарихы.
3. Философия және өнер. Өнер – мәдениет феномені, оның тұлғалық және әлеуметтік қызметтері. Көркем шығармашылық субъектісі. Өнер әлеміндегі адам.
3. Ғарифолла Есім «Фәлсафа тарихы» – Алматы, 2000.
4. Ғарифолла Есім «Қазақ философиясының тарихы» – Алматы, 2006.
5. Ғарифолла Есім «Адам-зат» – Астана, 2008.
1. Эстетика пәні философиялық білім саласы ретінде. Негізгі эстетикалық категориялар: сұлулық – ұсқынсыздық, траги-комедиялық, асқақ – төмен. Сұлулықтың құндылығы.
Эстетика дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінудің объективті негізін адамдардың қоғамдық мәнісін және табиғат пен қоғамды өзгертуге бағытталған жасампаздық күштері ашылатын олардың шығарм. қызметінің іс жүзіндегі көрінісі ретінде анықтайды.
Негізгі эстет. категориялар – сұлулық пен сұрықсыздық, асқақтық пен пасықтық, трагед. және комед. болса, олар қоғамдық байланыста, адам өмірінің әрбір саласында – өндірістік-еңбек пен қоғамдық саяси қызметте, табиғатқа көзқараста, мәдениет, тұрмыста, т.б. жағдайларда дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып түсінудің көрінісі ретінде байқалады. Эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінудің субъективті жағы – ішкі сезімдерді, талғамдарды, бағалауды, күйзелісті, идеяларды, мұраттарды Эстетиканы объективті өмірлік процестер мен қатынастарды көрсете бейнелеудің өзіндік формасы ретінде қарастырады.