1. Әлеуметтік философияның пәні. Қоғам философиялық ұғым ретінде.
Оның айтуынша әлеуметтік философия – “қоғамдық болмыстың жалпы мәңгі негіздерін” зерттеумен айналысатын философиялық таным. “Әлеуметтік философия қоғамдық шындықты оның нағыз, барлығын қамтитын құрамы мен нақтылығында көруге ұмтылу болып табылады”. Мұнан шығатыны: әлеуметтік философия адамның қоғамдық өмірінің барлық “әлемдерінің” – тарих, мәдениет, дін, саясат, құқық, экономика және т.б. әлемдерінің түпкі, онтологиялық негіздерін зерттейтін философиялық ілім саласы.
1. Әлеуметтік философияның пәні. Қоғам философиялық ұғым ретінде.
Қоғамды зерттеу тек философия үшін ғана емес сонымен бірге басқада қоғамдық ғылымдар үшін күрделі мәселе болып табылады. Коғам мағналы ұғым болып табылады. Философия қоғамды біртұтас, яғни адам болмысының әлеуметтік тәсілі, адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттесуінің жемісі, адам шығармашылығының нәтижесі ретінде қарастырады. Философия үшін қоғамды қызмет арқылы, яғни әлеуметтік тұрғыдан қарастыру өте маңызды.
Қоғамға деген көзқарастардың тарихи эволюциясы нарутиализм, идеализм, материализм деген сияқты теориялық үлгілерде көрініс береді. Қоғам мәнін дұрыс түсіну үшін «материалдық», «руханилық», «практикалық» ұғымдарының ара қатынасы ең маңызды болып табылады.
1. Әлеуметтік философияның пәні. Қоғам философиялық ұғым ретінде.
Әлеуметтік философия бүгінгі күні де сөздер мен пікірлер шырмауынынан шығып, адамның қоғамдық және индивидуалдық өмірінің мағынасы мен мақсаты, ерекшеліктері, принциптері, мәні туралы қандай да бір нағыз сөзге ұмтылуда. Бұл тұрғыда ол адамның өзіне өз санасы көмегі арқылы ие болу формасы ретінде, өзін «жинақтауға» деген саналы рухани жігер ретінде көрінеді. Мұның барысында ол қазіргі «дәуір талабына» жауап іздеу негізін құрайтындай кейбір сүйеніш болар теориялық-методологиялық конструкцияларды, терминдерді, категорияларды іздейді және табады.
2. «Қоғамдық сана» ұғымы. Қоғамдық сананың түрлері. Қоғамның типтері. Ақпараттық қоғам. Постиндустриалдық қоғам. Ашық қоғам. Желілік қоғам. .
Қоғамдық сана әлеуметтік-тарихи процестің қажетті жағы, тұтастай қоғамның функциясы ретінде әрекет етеді. Оның тәуелсіздігі өзінің ішкі заңдылықтарына сәйкес дамуда көрінеді. Қоғамдық сана әлеуметтік болмыстан артта қалуы мүмкін, бірақ одан озып кетуі мүмкін. Қоғамдық сананың дамуындағы сабақтастықты, сондай-ақ қоғамдық сананың әр түрлі формаларының өзара әрекеттесуінің көрінісін көрудің маңызы зор. Қоғамдық сананың әлеуметтік болмысқа белсенді кері әсері ерекше маңызды.