Философиядағы адам мәселесі



Дата01.12.2022
өлшемі22,21 Kb.
#54266
Байланысты:
Философиядағы адам мәселесі




Философиядағы адам мәселесі


Философиялық антропология – адамның  мәні, құрылымының мәні туралы ғылым. Оның қоршаған әлемге, барлық заттың негізіне, болып жатқандардың метафизикалық мәніне және оның әлемдегі физикалық,  психологиялық жеке рухтың пайда болуына қатынасы оның биологиялық психикалық, рухани — тарихи және әлеуметтік даму заңдылықтары туралы ғылым.
Адам проблемаға айналған кезде адам «адам деген не, ол бұл әлемге неге келді және басқа тірі жандардан немен ерекшеленеді» деген мәселелермен ойланған кезде философиялық антропология іргелі және орталық философиялық ғылымға айналады. Ғылымның қазiргi жетiстiктерi адамды биологиялық факторлармен қатар әлеуметтiк факторлар да маңызды рөл атқаратын эволюциялық даму өнімі деп тұжырымдауға мүмкіндік бередi. Осы орайда адамның жоғары ұйымдасқан жануарлардан басты айырмашылықтары туралы және осы айырмашылықтарды мүмкін еткен үрдiстердi ғылыми тұрғыда түсiндiру туралы мәселе шешушi мәнге ие болады.
Алайда әлемнiң қазiргi ғылыми картинасында антропогенез үдерiсi көп жағдайда белгiсiз күйiнде қалып отыр. Бұл жағдай «адам феноменiн» тамаша зерттеушi, атақты француз философы, биологы, палеонтологы және антропологы Пьер Тейяр де Шарденнiң мынадай сездерiмен түсiндiрiледi: адам «эволюцияның өзегi мен шыңы» болып табылады және «адамның кiлтiн табу, демек әлемнiң қалай құрылғанын және ол қалайша ары қарай құрылуы тиiс eкeнiн бiлуге ұмтылу деген сөз».
Адам туралы бiздiң қазiргi көзқарастарымыз иррационалистiк бағыттағы ойшылдар жетiстiктерiн eскepгeнiмeн, көбiне рационалистiк, материалистiк және идеалистiк идеяларға сүйенедi. Мысалы, жүздеген, мүмкін мыңдаған жылдарға созылған адамның жануарлар әлемiнен бөлiнiп шығу үдерiсiн түсiндiре отырып, Маркс пен Энгельс былай деп жазады: «адамдарды жануарлардын санасына, дiнiне жалпы тағы басқаларына қарап айыруға болады. Ал олар өздерiн жануарлардан өмiрлiк қажеттi құралдарды өндiре бастаған кезден айыра бастайды, адамдар өздерiнiң материалдық өмipiн жанама жолмен өздерi өндiредi». Жануарлық жағдайдан адамға өтуге мүмкiндiк беретiн басты критерий оның мәдениеттенуi – бұл жерде материалдық өндiрiс болып көрiнедi. Адамның әлеуметтiк — биологиялық эволюциясын түсiндiруде Энгельс ұсынған антропогенездiң еңбек теориясының маңызы зор. Бұл теорияны жақтаушылар еңбек биологиялық заңдар әcepiн тepicкe шығармайды, бiрақ ол табиғи сұрыпталу әpeкeтi сипатын өзгертедi, қалыптасушы адам өз жеке өлшемi бойынша табиғатты өзгерту қабiлетiне және адамның өзi қалыптасуына ықпал етедi деп санайды. Еңбек әpeкeтi арқасында адамның биологиялық және рухани қажеттiлiктерi өтеледi, адамдардың бiрiгу ауқымы көбейе түседi. Еңбек арқылы адам өзiн, өзiнiң физикалық және ақыл — ой қабiлеттерiн көрсете алады.

Адамның өмip cүpyi мәселесi де адам мәнi мәселесi сияқты маңызды. Оның алғышарты туралы емес, адамның өмip cүpyi мен мәндiлiгiнiң тұтастығы мен қажеттi байланысы туралы айтуға болады. Адам әрқашан да, бiр жағынан, әуел бастапқы «әлдене» және, екiншi жағынан, ол өзiнiң iз — таңбасы мен шектеуін қалдыратын әлеуметтiк ортада дамиды. Сондықтан да индивидуалдық өмip сүру осы қажеттiлiксiз, оның мәнін құрайтын қоғамдық қатынастар жүйесiнсiз мүмкін емес. Сонымен қaтap, оның мәнi де оның өмip cүpyiнeн тыс бола алмайды. Адам бойындағы биологиялық пен әлеуметтiлiктiң арақатынacы мәселесi де осы өмip сүру мен мәндiлiк мәселесiмен байланысты. Өзiнiң мәнi жағынан адам әлеуметтiк жан. Сонымен бiр мезгiлде ол табиғаттың жемiсi және оның шектерiнен тыс өмip сүре алмайды, өзiнiң биологиялық қажеттiлiктерiн өтейдi, iшедi, жейдi, дене қабатын тастап кете алмайды. Адамдағы биологиялық пен әлеуметтiлiк ажырамас тұтастықта орналасады, оның бiр жағын «әлеуметтiк сапаға» ие тұлға құраса, екiншi жағын табиғи негiзi болып табылатын ағза құрайды.
.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет