Философиялық білімнің құрылымы



Дата13.04.2023
өлшемі0,77 Mb.
#82031
Байланысты:
Философия 2 апта бдбе


Философиялық білімнің құрылымы:
1) онтология, 2) гносеология, 3) логика, 4) аксиология 5) этика, 6) эстетика, 7) психология, 8) әлеуметтану, 9) философия тарихы.

Онтология (грекше ontos – болмыс) жалпы болмыс (қозғалыс, кеңістік, уақыт, сана, әлемдік дамудың мақсаты, табиғаттың даму заңдылықтары) туралы ілім. Болмыстың түрлері – адам, заттар мен табиғат, рухани, әлеуметтік болмыстар.

Гносеология (грекше gnosis – таным) – таным теориясы. Әлем өз негізінде танымды ма; адамның тану мүмкіндіктері қандай деген сияқты мәселелерді зерттейді. Дүние танылмайды деу – агностицизм деп аталады. Ең әйгілі философ-агностик – И.Кант.

Логика (Қисын) – (грекше logis – сөз, сөйлем, ой, ақыл) – дұрыс ойлау заңдары мен формаларын зерделейтін ғылым. Логиканың үш түрі бар – диалектикалық, математикалық, формальді.

Аксиология – құндылықтар мәселелері: игіліктер деген не; құндылықтардың табиғатын, адам қызметінің өзгертушілік мәселелерін (праксиология) немесе адамның әлемді өзгерту қабілетін зерттейді.

5) Этика (грекше ethos – дағды, әдет-ғұрып) – мораль және адагершілік жайындағы ілім. Басты категориялары – жақсылық пен жамандық.

6) Эстетика (грекше aisthetikos– сезіну) – адамның дүниені эстетикалық немесе әсемдік заңдары тұрғыда түсіну ғылымы. Басты категориялары – әсемдік пен ұсқынсыздық.

7) Психология (грекше psyho – жан) – адам жаны мен психикасы туралы ғылым. Басты ұғымдары – психика, мінез, темперамент, ес, интеллект, қиял, іс-әрекет, энергопотенциал, т.б.

8) Әлеуметтік философия (әлеуметтану) (грекше societas – қоғам) – қоғам мен әлеуметтік процестерді зерттейтін философияның тармағы.

9) Философия тарихы – философияның даму тарихын зерттейді. Неміс философы Г.Гегель айтқандай «Философия Шығыста басталып, Батыста аяқталады.




Дүниетанымдық қызмет – дүниеге көзқарастардың жүйесін және дүниедегі адамның орнын анықтайды. Сондай-ақ, олардың өзара байланыс заңдылықтарын көрсетеді.

Әдістемелік қызметі – философия бізді қоршаған дүниедегі құбылыстарды, оқиғаларды талдауға жалпы әдіс шығарады.

Көзқарастық қызметі- адамның өзі, қоғам, дүние туралы өзіндік ой-пікірлерінің күрделі құрылымнан тұратын жиынтығы. Оның құрамдас бөліктері ретінде білімді, ақыл-ойды, сезімдерді, үміт-ұмтылыстарды, наным-сенімдерді, құндылықтарды, күдік-күмәндарды және тағы басқаларды атауға болады. Көзқарастың мифологиялық, діни түрлері белгілі, олардың да адам өміріндегі маңызы ерекше. Бірак философия ғана жан-жақты, ғылыми, терең, толыққанды көзқарасты қалыптастырады.

Сыни қызметі- философиялық ұғымдар мен категорияларды, зандарды игеру, философия тарихымен, оны жасаушы философиялық тұлғалармен танысу, олардың ілімдерін зерттеу адамға өз өміріне, қызметіне, қоғамдағы орнына тереңірек үңілуге, сыни тұрғыдан талдауға үйретеді.
Болжамдық қызметі – философия қоршаған дүние мен адамдардың оған қатынасы туралы білімдерді негізге ала отырып, ғылыми танымның қазіргі замандағы жетістіктеріне сүйене, адамзаттың болашағына, табиғат пен қоғамның даму тенденцияларына болжамдар жасайды.

Гуманистік қызметі – философия адамды дүниедегі ең басты құндылық деп таниды. Философия ғылымының көмегімен адам өзін ардақтауды, өзімен бірге өмір сүріп отырған басқа адамдарды бағалауды, өзінің бойында адамшылық қасиеттерді тәрбиелеп-дамытуды үйренеді.



Философияның басты екі бағыты бар: идеализм мен материализм.
Идеализм – сананы материалдылықтан жоғары қойды, идеяны мойындады. Идеализмнің объективтік (рухтың адамның санасы мен табиғаттан тыс, тәуелсіз өмір сүретінін мойындау) және субъективтік (заттар мен болмыс адам психикасының, рухани өмірінің жемісі) түрлері бар.

Материализм (лат. Materialis – заттық) – идеализмге қарама-қарсы ғылыми философиялық бағыт, материяны немесе табиғат пен заттарды санадан жоғары қойды, матрияны мойындады. Ол дүниенің мәңгілігін, оның ешкімнің жаратпағанын, уақыт пен кеңістік жағынан шексіздігін көрсетеді. Сана материяның жемісі, яғни табиғатты тануға болады дейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет