Таным теориясы.
1.Таным және шығармашылық
2.Таным түрлері.
3.Ақиқат мәселесі.
Таным теориясы қоятын сұрақтар: - білім деген не? - біз оны қалай аламыз? - адамның ақиқи білімге қолы жете ме? Бұл сұрақтар философияның өзі сияқты көне болып табылады.
Таным теориясының дамуы
Білімнің қайнар көзі
Туа пайда болатын идеялар концепциясы (Сократ, Платон)
Құдай аяны (діни - идеалистік философия)
Объективті дүниенің бейнесі (материализм)
Білім деген не?
Білім дәлелденген ақиқат
Білім сыртқы дүниенің адам басындағы бейнесі
Таным – қоршаған дүниені адам санасында белсенді бейнелеу процесі. Таным – шындықты бейнелеудің жоғары формасы, салыстырмалы ақиқаттан нақты ақиқатқа өту, субъекттің объектке шексіз жақындай түсуін бейнелеу. Таным теориясын философияда гносеология немесе эпистемология деп те атайды.
Танымның екі формасы:
- сезімдік, түйсіктік таным;
- рационалдық, логикалық таным.
Сезімдік таным – сезімдер мен түйсікті білімнің қайнар көзі деп біледі. (Д.Локк, Беркли. Юм, Мах) Формалары: түйсік, қабылдау, елестету. Рационалдық таным – логика, ойлауды абсолюттендіру, танымның негізі ақыл, парасат деп ұғыну. (Декарт, Спиноза, Гегель.) Формалары: ұғым, пікір, ой қорытындысы (тұжырым). Таным процесінде дүниені тануға бола ма, болмай ма деген мәселеге екі түрлі көзқарас бар: - Гностицизм – дүниені тануға болады, адамның танымдық мүмкіндігін шексіз деп түсінетіндер;
- Агностицизм – дүниені тануға болмайды, адамның танымдық мүмкнідігі шектелген деп түсіндіретіндер. (Иммануил Кант).
Қазіргі заманғы гносеология көбінесе гностицизм бағытын ұстанады. Ақиқат мәселесі. Ақиқат – грек. “алетейа” –”жасырынбаған”, “айғақ” дегенді білдіреді. Ақиқат – Алла Тағала – дейді Құран Кәрім. “Ақиқат - біздің білімдеріміздің мәңгі идеяларға сәйкес келуі” (Платон). “Ақиқат – қоршаған дүениені дұрыс бейнелейтін білім”. (Аристотель).
ақиқат
адамгершілік
сұлулық
Сократтың философиялық үшбұрышы
Ақиқат түрлері: - Абсолюттік ақиқат – заттар мен құбылыстар туралы толық, жан-жақты қамтылған, жеткілікті білім;
- Объективтік ақиқат – мазмұны субъектіге тәуелсіз, бүкіл адамзатқа да тәуелсіз білім;
- Салыстырмалы ақиқат – объективтік ақиқаттың көріну формасы. Ол шындықты негізінен дұрыс, бірақ толық емес мөлшерде, тек белгілі бір деңгейде бейнелейді.
- Нақты ақиқат. Ақиқаттың нақтылығы. Абстрактілі , тиянақсыз ақиқат жоқ, ақиқат әрқашан нақты.
Назарларыңызға рахмет! Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |