Оған мағынасы жағынан жақын ұғымдар ретінде «космос», «дүние», «табиғат» ұғымдарын атауға болады, бірақ «болмыс» категориясы кең және ауқымды, мазмұны жағынан терең. Болмысқа қарсы категория – «болмыс емес» (небытие) немесе «болмау» (кейбір ғалымдар қазақ тіліндегі фило-софиялық әдебиетте «биболмыс» ұғымын да қолданып жүр).
Болмыс (бытие) категориясы философиялық категориялардың арасындағы ең бастысы. Бұл ұғымға анықтама берсек, болмыс – бар болып отырғанның (сущее). өмір сүріп отырғанның барлығын қамтитын және олардың ең маңызды қасиетін – бар болу нақты өмір сүруді білдіретін категория.