Қоғам – бір-бірімен өзара байланыста, қарым-қатынас болатын адамдардың үлкен қоғамдасуы; мемлекет – сол қоғамдағы басқаратын билік органы; ел – әлгі аталған қоғам қалыптасып, мекендейтін белгілі бір территория. Қоғамға жүйелік тұрғыдан қараудың негізгі принциптеріне көшпес бұрын, алдымен жүйе (система) дегенге анықтама бере керек.
Жүйе – өзара байланыста болып, белгілі бір тәртіпке келтірілген элементтерден тұратын, өздігінен дамитын және өзін өзі реттеп отыратын күрделі тұтастық. Кез келген тұтас жүйенің ішкі табиғатын, мазмұнын оны құрайтын элементтердің құрамы анықтайды.
Қоғам – әлеуметтік жүйе. Ал, әлеуметтік жүйе деп, негізгі элементтері адамдар арасындағы өзара байланыстар мен қарым-қатынастардан тұратын, өзара ықпалдасудан тұратын күрделі тұтастықты айтамыз. Жекелеген адамдар және адам топтарының арасында болатын байланыстар, қарым-қатынастар және өзара ықпалдасу тұрақты сипатта болады және тарихи дамып, бір ұрпақтан екінші бір ұрпаққа ауысып отырады.
Әлеуметтік өзара ықпалдасу – бұл да жеке адамдар мен адам топтарының бір-біріне әсер немесе ықпал етулерінің нәтижесіде пайда болатын процестер.
Әлеуметтік қарым-қатынастар – адамдар және топтар арасында болатын салыстырмалы түрдегі біршама тұрақты байланыстар. Кез келген адам өз өмірінде сан қилы қатынастраға түседі.
Әлеуметтік жүйедегі элементтердің (адамдардың) орналасуында белгілі бір тәртіп болады. Басқаша айтқанда, әлеуметтік жүйе элементтердің координациясы мен субординациясынан тұрады.
Кооридинация – жүйенің тұтастығын қамтамасыз ететін элементтер арасындағы белгілі бір келісім. Яғни, қоғам мүшелері бір-бірімен өзара келісімде өмір сүрулері қажет.
Субординация– тұтас жүйедегі элементтердің тең емес, әркелкі маңызынан туындайтын билеу және тәуелді болу қатынастары. Бұл – қоғамда иерархия бар деген сөз.
Әлеуметтік философия пәні – бұл қоғам, барлық жағдайдың өзара әрекетін ұстанған қоғам, яғни, тұтастай әлеуметтік жүйе, сонымен қатар қоғамның дамуы және қызметін атқаратын заңдар. Әлеуметтік философия әртүрлі қоғамдық құбылыстарды білдіреді және қарастырады, яғни, қоғам деңгейіндегі әлеуметтік жүйелердің өзіндік қалыптасуы мен дамуын білдіреді.
Қоғам– белгілі бір мақсатқа бағытталған өнім және өзара қызығушылықтар мен келісімдер негізінде біріккен көп адамдар тобының бірігіп ұйымдастырылған әрекеті.
Қауым – біріккен тұрмыстық форма және ортақ пайда болуымен, тілімен, тағдырымен, көзқарасымен байланысты адамдардың өзара әрекеттесуі (отбасы, халық).