Философияның пәні мен әдісі, негізгі бөлімдері, қызметі және негізгі бағыттары



бет58/67
Дата05.04.2023
өлшемі166,35 Kb.
#79509
түріЛекция
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   67
Байланысты:
Ôèëîñîôèÿíû? ï?í³ ìåí ?ä³ñ³, íåã³çã³ á?ë³ìäåð³, ?ûçìåò³ æ?íå íåã

Діннің функциялары:

  1. әлеуметтік функциясы – дін қай заманда да қоғамдық процестерді басқару қоғамда тұрақтылық сақтау, ұлттық менталитет қалыптастыру қызметтерін атқарып отырды.

  2. адамгершіліктік функциясы – дін жалпыадамзаттық моральдық қасиеттерді насихаттап, индивидтің адамгершілік келбетін өзгертуге үлесін қосады.

  3. компенсаторлық – адам қиындық-дағдарысқа ұшыраған кезеңдерде дін көмекке келіп, қайырымсыз дүниені о дүниедегі мәңгілік бақытқа үмітпен алмастырады, адамға сенім-жігер, рухани күш береді.

Ақыл мен сенімнің арақатынасы мәселесіне философия тарихында үш көзқарас бар:
1) Сенімді, діни сенімді ақыл-ойдан жоғары қою, оны «Құдайдың жаратылыстан жоғары сәулесі, нағыз ақиқат» деп түсіну;
2) сциентистік көзқарас сенімге негізделген дінді ақылға негізделген ғылымнан төмен қояды және діни сенім түбінде жоғалады деп есептейді;
3) «екі ақиқат» – сенім мен ақыл-ой қатар өмір сүре алады деп мойындау;
Бірінші көзқарас, Ортағасырлық христиандық және мұсылман философиясында басым болды. Августин, Тертуллиан, Аквинат адамды ақыл адастырады, сондықтан, Құдайды және ол жаратқан дүниені танып-білу үшін сенім жеткілікті деп есептеді.
Екінші көзқарас, Қайта Өркендеу, Жаңа Дәуір кезеңдеріндегі ғылыми-техникалық революциядан бастау алып, ХХ ғ. әсіресе кеңестік қоғамда ерекше дамыды. Бұл құбылыс діни сенімнің төмендетілуіне, дінге сенушілердің қудалануына әкелді.
Үшінші көзқарас, Жаңа Дәуір ғылымының өкілі Ф.Бэконның еңбектерінде кездеседі. Менің ойымша, осы «екі ақиқат» принципін құптауға болады. Қазіргі заманғы қоғам осы ұстаным бойынша өмір сүріп отыр десек, қателеспейміз.
Діни сенім бостандығы – адамның негізгі және ажырамас құқықтарының бірі. Біздің қоғамымыз ұзақ жылдардан кейін осы түсінікке келді. ҚР Конституциясының «Адам және азамат» деп аталатын екінші бөлімінің 19-бабының бірінші тармағы және 22-бабының бірінші және екінші тармақтары Қазақстанның әрбір азаматы діни бостандыққа құқылы екендігін заң түрінде бекітеді. Сонымен қатар, әрбір адам басқа дінді ұстанған адамға да, құдайға сенбейтін адамға да түсіністікпен, шыдамдылықпен қарауы тиіс. Сонда ғана адамдардың арасында достық, сыйластық




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет