Булатов А.И., Пеньков А.И., Проселков Ю.М. Справочник по промывке скважин. - М.: Недра, 1984.
Ивановский В.Н. и др. Оборудование для добычи нефти и гача. - М: РГУ нефти и газа им.И.М.Губкина, 2002.
7 дәріс. Мұнай мен газдың теңіз кенорындарын әзірлеудің ерекшеліктері.Инженерлік-геологиялық ізденістер. Жасанды аралдар. Қалқыма бұрғылау қондырғылары. Бұрғылау кемелері. Теңіз тұрақты платформалары.
Судағы мұнай мен газ өндіру үшін жабдықтарды монтаждаудың ерекшеліктері. Қазіргі уақытта теңіздегі мұнайды, газды өндіріп алудың тиімді жолдары дамып келеді. Теңіздегі мұнай кен орындарын игеру жалпы өңдірілетін мұнайдың 18% құрап отыр. Әлемде шамамен 70 мемлекет теңізден мұнай өндіріп келеді. Жалпы жер бетіндегі континентальді аймақтағы мұнай қоры теңіз шельфтерінде орналасқан. Көптеген тиімді бұрғылау жұмыстары Каспий теңізінде, Мексика шығанағында және Кариб теңізінде іске асады. Теңізден мұнай мен газды өндіру өз кезегінде мұнай газ өнеркәсібінде ерекше маңызға ие.
Кейбір жағдайда теңізде бұрғылау техникасының заманға сай жабдықталуы мен конструкциясында да өзгешеліктер болып жатады. Мұнда ең басты мәселе бұрғылау қондырғысының конструкциясының жетілдіруі, бұрғылау әдісі мен оларды монтаждау ерекше роль атқарады. Анықталған аймақтардағы тереңдік пен ауа райы жағдайы да бұрғылау жұмыстарына кері әсер етеді. Теңізде мұнайгаз кен орнын бұрғылау мынадай негізгі үш категорияға бөлінеді:
Стационарлық
Жартылай стационарлық
Қозғалмалы
Стационарлы режимде жұмыс жасағанда әстакадалар жұмыс жайында ұзақ уақыт қозғалыссыз тұрады да ұңғымаларды барлап болған соң соңынан пайдаланады.
Мұнай мен газды өндіру құрылғыларын монтаждаудың негіздемелері Мұнай мен газ өндіру құрылғыларын монтаждау келесі ретте жүргізіледі:
1) Мұнай мен газ өндіру құрылғыларын монтаждау мен пайдалану әдісіне тәуелсіз әр түрлі формада өлшемі мен салмағына байланысты жүргізіледі.
2) Бір ретпен мұнай өндіру методына құрылғылардың өнімділігіне қарай әр түрлісі тағайындалады. Олардың өлшемі мен түрі назарға алынады. Әр түрлі құрылғыларды пайдаланғанда олардың технологилық біртектілігі мен өнімділігі және пайдалану режимі назарға алынады.
3) Мұнай мен газды өндіру құрылғыларына капиталды жұмыс жасау мерзімі олардың ерекшеліктеріне қарай бекітіледі. Сондықтан мәселені жеңілдетуде демонтаждаудың тездігі маңызды емес. Кейбір мұнай өндіруші кешендерде құрылғыларды монтаждауда газ фактор жағдайы кездеседі. Сондықтан әдеттегідей арнайы өртке қарсы алдын ала сақтандыру жұмыстары қолға алынады.
4) Мұнай мен газ өндіру қондырғыларының көп бөлігі ашық ауада жұмыс істейді. Сондықтан монтаждауда оларға қатаң талаптар мен алдын-ала қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары, жоғары сенімділік, қондырғылармен ұңғымаларды пайдалануда климаттық жағдайды да ескереді.
5) Монтаждауға арналған техникалық құжаттар - қондырғы жабдығының монтаждық схемасынан, жоба іргетасынан, монтаждау жұмыстарының жобасынан және орындалу графигінен тұрады.
Орындалу графигі жұмыс жағдайының монтаждауды әдетте материалдарды, механизм мен құрылғыларды, монтаж жұмыстарының тәртібімен орындалуын қамтамасыз етеді.
Мұнай өндіруші құрылғыларды монтаждау келесі кешенді жұмыстардан тұрады: алаңшаларды дайындау мен іргетастарды отырғызу, құрылғыларды есеп бойынша реттестіру мен тасымалдау, оларды іргетасқа қатысты дәлдікпен орнату, бекіту, түзету, т.с.с.