Ұңғымаларды салу кезінде бұрғылауды жобалау



бет26/28
Дата17.03.2023
өлшемі1,31 Mb.
#75168
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Бақылау сұрақтары
1. Жуу сұйықтарының сүзілу құрау қасиеті?
2. Жуу сұйықтарының қабықша құрау қасиеті?
3. Көтеріп-түсіру жұмыстары не үшін қажет?


Әдебиеттер

  1. Булатов А.И., Аветисов А.Г. Справочник инженера по бурснию. В 4-х томах -М.: Недра, 1998.

  2. Булатов А.И., Проселков Ю.М., Рябченко В.И. Техиология промывки скважин - М.: Недра, 1981.

  3. Булатов А.И., Пеньков А.И., Проселков Ю.М. Справочник по промывке скважин. - М.: Недра, 1984.

  4. Ивановский В.Н. и др. Оборудование для добычи нефти и гача. - М: РГУ нефти и газа им.И.М.Губкина, 2002.



14 дәріс. Ұңғымадағы шегендеуші бағанның жұмыс жағдайы.

Бұрғылау құбырлар тізбегі (53-сурет) бұрғы қашауын (тұшік қозғалтқыш пен қашауды) жер үсгі жабдықтарымен (вертлюгпен) жалғаушы бір-бірімен бұранда арқылы қосылатын жетек құбырдан (4), бұрғылау құбырларынан (8), ауырлатылған бұрғылау құбырларынан (12, 13) және аудармалардан тңвды. Жетек құбырынан (4) тңшын бұрғылау тізбегінің жоғарғы бөлігі жетек құбырының жогарғы аудармасы (3) және вертлюг аудармасы (2) арқылы вертлюгке жалғанады. Жетек құбыр бірінші бұрғылау құбырына (8), өзінің төменгі аудармасы (5), қорғаушы аудармасы (6) және бұрғы құлпысының муфтасы (7), ниппельден (9) немесе жалғаушы муфталардан (10) түратъш бұрғы қршысы арқылы бұралып жалғанады. Ауырлатылған бұрғылау құбырлары (12,13) бір-бірімен тікелей жалғанады. Жоғарғы ауырлатылған бұрғылау құбыры (12) бұрғылау құбырларына аударма (11), ал төменгі ауырлатылған бұрғылау құбыры қашауға (роторлық бұрғылауда) немесе турбобұрғы мен қашауға аударма (14) арқылы жалғанады. Бұрғылау құбырлар тізбегі төмеңцегідей қызметтер атқарады:



  1. ротордан бұрғы қашауына айналым береді;

  2. түптік қозғалтқыштан реактивтік моментті қабылдайды;

  3. бұрғылау кезінде жуу сұйығьш турбобұрғыға, қашауға және
    ғы түбіне жеткізетін арна қызметтін атқарады;

  4. бұрғы қашауына остік салмақ түсіреді;

  5. бұрғы қашауларын, тултік қозғалтқыштарды ұңғы ішінен
    көтеріп-түсіру жұмыстарында;

  6. үщъща қосалқы жұмыстар (ұңғы оқпанын пысықтау,
    кеңейту, жуу, қабаттарды сынау, т.б.) жүргізуде;

  7. электрбұрғы тәсілінде ток өткізуші секциялар орналасады.

Бұрғылау құбырлар тізбегінің жұмыс істеу жағдайлары, бұрғылау тәсілдеріне байланысты әр түрлі болады.
Роторлық бұрғылау тәсілінде бұрғылау тізбегі ротордан қашауға айналым беру және қашауға түсірілетін остік салмақ әсерінен әр түрлі күштер мен кернеулерге төтеп береді. Тізбектің жоғарғы бөлігі өз салмағы мен қашау тесіктеріндегі кедергі қысым әсершен созылу, ал ұңғы түбіндегі бұралу, сығылу кернеулерін қабылдаушы төменгі бөлігі сығылу күйінде болады. Демек бұрғылау құбырлар тізбегінде остік созылу күші мен сығу күштері әсер етпейтін бейтарап қима болады. Осы қимадан жоғары вертлюгке қарай өсіп отыратын созу, ал одан төмен қашауға қарай өсіп отыратын сығу кернеулері әсер етеді. Бұрғылау құбырлар тізбегінде айналдырушы момент әсерінен бұрау кернеуі, ал остік және ортадан тепкіш күштер әсерінен ию кернеулері пайда болады. Бұрау кернеуі вертлюгтен қашауға қарай азайса, ию кернеуінің шамасы тізбектің төменгі бөлігінде жоғары болады.
Бұрау моменті, ортадан тепкіш күштер, қашау тесіктеріндегі кедергі қысым сияқты тұрақты күштермен қатар, бұрғылау тізбегінің остік және көлденең тербелістері арқылы білінетін динамикалық күпігер де әсер етеді. Осы тербелістерді жою үшін қашаудан жоғары амартизаторлар қоюға тура келеді.
Түптік қозғалтқыштармен бұрғылау тәсілінде бұрғылау құбырлар тізбегі айналмайды, сондықтан оған тек созу және сығу күштері ғана әсер етеді. Түптік қозғалтқыштармен бұрғылау кезінде бұрғылау құбырлар тізбегіне қойылатын талаптар роторлық бұрғылауға қарағанда біраз төмен. Бұрғылау құбырлар тізбегінің төменгі бөлігі беріктігін жойған жағдайларда болатын ию күштері мен түптік қозғалтқыш реактивтік моментінен болатын ию күштерінің мәні онша емес, сондықтан да, іс жүзіндегі есептеулерде олар ескерілмейді.
Болат бұрғылау құбырларының төмендегідей түрлері қолданылады: шеттері шығарыла отырғызылған тұраісіылық белбеушелі жалғау элементтері бұрандалы және пісіріліп ұстатылған. Бұрғылау құбырлары сонымен қатар шеттері ішіне шығарыла отырғызылып, жеңілдетілген қорытпалардан да дайындалады.
стандарт (МЕСТ631-75) бойынша шеттері шығарыла отырғызылған жалғау элементтері бұрандалы бұрғылау құбырларының төмендегідей түрлері шығарылады:

  1. шеттері ішіне шығарыла отырғызылған, жалғау элементтері муфталы (54-а,сурет);

  2. шеттері сыртына шығарыла отырғызылған, жалғау элементтері муфталы (54-б, сурет);

  3. шеттері ішіне шығарыла отырғызылған тұрақтылық белбеушесі конусты (54-в, сурет);

  4. шеттері сыртына шығарыла отырғызылған, тұрақтылық белбеушесі конусты (54-г, сурет).


а-шеттері ішіне шығарыла отырғызылған муфталы; б- шеттері сыртына шығарыла отырғызылған муфталы; в-шеттері ішіне шығарыла отырғызылған тұрақтылық белбеушесі конусты; г-шеттері сыртына шығарыла отырғызылған тұрақтылық белбеушесі конусты
Сурет 18. Бұрғылау құбырлары

Стандарт бойынша 3-ші және 4-ші бұрғылау құбырларына жалғау муфтасын шығару қарастырылмаған. Бұрғылау құбырларының шартты диаметрлері мен ұзындықгары 5-кестеде берілген.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет