Ұңғымаларды салу кезінде бұрғылауды жобалау



бет8/28
Дата17.03.2023
өлшемі1,31 Mb.
#75168
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Бақылау сұрақтары
1. Жер қыртысына не жатады?
2. Қабаттардың атқаратын қызметі?
3. Мұнайды не үшін қолданылады?
4. Жер қыртысының түрлері?


Әдебиеттер

  1. Едигаров С.Г., Бобровский С.А. Проектирование и эксплуатация нефтебаз и газохранилищ. М.: Недра, 1973 – 180 с.

  2. Коршунов Е.С., Едигаров С.Г. Потери нефти, нефтепродуктов и газов и меры их сокращения. М.: Недра, 1968 – 117с.

  3. Лессиг Е.Н., Лилеев А.Ф., Соколов А.Г. Листовые металлические конструкции. М.: Стройиздат, 1970 –488 с.

  4. Черникикн В.Н. Сооружение и эксплуатация нефтебаз. М.: Гостоптехиздат, 1955 – 317 с.



4 дәріс. Мұнай мен газға терең бұрғылау үшін бұрғылау қондыр-ғылары, олардың негізгі сипаттамалары мен жіктемесі.


1. Бұрғы қондырғыларын топтастыру
Бұрғылау қондырғылары номинальді және максималді жүк көтерілімділігімен сипатталады. Номинальді жүк көтерімділік – бұл бұрғылау қондырғысының бұрғылау процесі технологиясымен байланысты пайда болған жүктемелі, негізгі жүктемені қабылдай алуы. Ол ең үлкен бұрғылау тізбегінің салмағынан ілмектегі жүктемеге сай болуы қажет және бұрғылау тереңдігін анықтайды.



1 - кронблок, 2 - мұнара, 3 - мұнараның полотьелер, 4 - тәл арқаны, 5 - тәл блоты, 6 - ілмек, 7 - ұршық, 8 - бұрғылау кезеңі, 9 – тәл арқаның тыныштандырушы, 10 - автоматты бұрғылау кілті, 11 - подсвечник, 12 - ротор, 13 - шығыр, 14 - беріліс қорабы, 15 - қиғаш беріліс, 16 - күштік агрегаттар, 17 - компрессорлы станция, 18 - циркуляциялық жүйе, 19 - бұрғылау сорап, 20 - манифольд, 21 - күштік агрегаттардың қосатын редукторы, 22 - қашау өтімін реттеу, 23 - гидродинамикалық төсегіш, 24 - гидроциклондар, 25 - дірілдіелек, 26 - шығыр блотының негізі, 27 - қабылдау көпірлері мен төсемдері, 28 - консольді-бұрандалы кран.
Сурет 6. Бұрғылау қондырғының компоновкасы мен құрамы

Максималды жүк көтерімділігі – қондырғының ретсіз және керексіз жүктемелерін, мысалы шегендеу тізбегін түсіргенде, тізбек қармап қалғандағы жүктемені қабылдай алу қабілеттілігі.


Бұрғылау қондырғысын классификациялау кезінде, бекітілген номиналға сай Н 900-66, оның номиналды жүккөтерімділігі қабылданады. Осыған сай барлық бұрғылау қондырғылары 5 негізгі топтарға бөлінеді: БУ-50 , БУ-80 , БУ-125 , БУ-200 және БУ-250.
Бұрғылау қондырғысының әрбір тобы жүккөтерімділігін ерекшеленетін типтерге бөлінеді. Белгілі топпен типтегі бұрғылау қондырғысын қолдану басты ұңғыманы бұрғылау тереңдігіне байланысты.
Қазіргі заманғы бұрғылау қондырғысы (сурет 4) күрделі агрегаттар кешенінен тұрады. Бұрғылау қондырғы және оның жеке агрегаттарының қуаты ұңғыма конструкциясынан бұрғылау тәсілімен тереңдігіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет