Орындаған:Қанағат Мадина
Тексерген: Асылханов Ж.С
Бір және көп атомды спирттердің (қаныққан және қанықпаған) қасиеттері бойынша салыстырмалы сараптама.
- Спирттер дегеніміз – құрамында көмірсутек радикалымен байланысқан гидроксо (ОН) тобы бар күрделі органикалық заттар R-OH
01
Спирттер, алкогольдер – құрамында бір немесе бірнеше OH тобы болатын көмірсутек туындылары. ОН тобының санына қарай бір (алкогольдер), екі (гликолдар), үш (глицерин), төрт (пентаэритрит) және көп атомды спирттер, ал көмірсутек радикалының құ-рылысына байланысты қаныққан (этил C2H5–OH), қанықпаған (аллил СН2СНСН2ОН), циклді (циклогексанол), ароматты (бензил спирті), гетероциклді (фурил) болып бөлінеді.
02
Бір атомды спирттер
Біратомды спирттер, олардың жалпы формуласы келесідей: R-OH немесе Cn + H 2n + 1OH.
Бұл қосылыстардың гомологиялық сериясы метил спиртімен немесе метанолмен (CH3OH) басталады, содан кейін этанол (C2H5OH), содан кейін пропанол (C3H7OH) және т.б.
қаныққан бір атомды спирттер дегеніміз - С-С байланысы пайда болғаннан кейін бос валенттілігі жоқ және қышқылдардың да, негіздердің де әлсіз қасиеттерін көрсететін бір OH тобы бар күрделі қосылыстар. Физикалық-химиялық қасиеттеріне байланысты олар органикалық синтезде, еріткіштер, жанармай қоспаларын өндіруде, сонымен қатар тамақ өнеркәсібінде, медицинада, косметологияда (этанол) кеңінен қолданылады.
Көп атомды спирттер
Көп атомды спирттер көмірсутектердің құрамында бірнеше гидроксилтобы бар туындылары. Көпатомды спирттерге этиленгликоль С2Н44(ОН)2, глицерин С3Н5(ОН)3, ксилит С5Н7(ОН)5, сорбит С6Н8(ОН)6, т.б. жатады. Екі гидроксил тобы бар спирттерді гликолъдер немесе алкандиолдар деп атайды. Жалпы формуласы: СnН2n(ОН)2.
Көпатомды спирттердің құрамында екі және одан да көп гидроксил топтары болады. Маңызды өкілдері этиленгликоль СН2ОН - СН2ОН және глицерин СН2ОН - СНОН - СН2ОН. Олардың құрамында гидроксил тобы болғандықтан, қасиеттері біратомды спирттерге ұқсас. Айырмашылығы — гидроксил тобының санына байланысты. Этиленгликоль синтездік талшық алу үшін және антифриз ретінде қолданылады. Глицерин былғары өнеркәсібінде, дәрі-дәрмек, қопарылғыш зат алуға, т.б. қолданылады
Екі атомды спиттерді (құрамында екі гидроксилі топ болады) диолдар немесе гликолдар деп атайды. Екі гидроксил тобы бар спирттерді гликолъдер немесе алкандиолдар деп атайды. Жалпы формуласы: СnН2n(ОН)2
Үш атомды спирттерді (құрамында үш гидроксилді тобы болатынды) тиолдар немесе глицерин деп атайды.Үшатомдық орынбасарлық атаулар бойынша сәйкестіктегі көмірсутектің атауына тиол-жұрнағын қосып,құрастырады.
•Химия: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / Ә. Темірболатова, Н. Нұрахметов, Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 352 бет, суретті.
•https://kk.m.wikipedia.org/wiki/Көпатомды_спирттер
Пайдаланылған әдебиеттер :
Достарыңызбен бөлісу: |