Әдебиеттер тізімі: 1, 35-38 бет
Пысықтау сұрақтары:
1 Ассоциацияны анықтау ауданы дегеніміз не?
2 Қауымның немесе ассоциацияның флоралық байлығы дегеніміз не?
11 тақырып Өсімдіктер зоналары мен биіктік белдеулері Мақсаты: - өсімдіктер үшін ең колайлы зонасына сипаттама беру
- өсімдіктер үшін колайсыз поляр зонасымен танысу
Жоспар: 1 Полярлық (арктикалық шөлдің зонасы), тундралық, орманды зоналар
Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқау Биік солтүстік ендіктерде бір-бірінен оңай ажыратылатын, бірінін артынан бірі келетін, үш зона: полярлық (арктикалық шөлдің зонасы), тундралық, орманды зоналар циркумполярлы орналасады.
Олардың ең қаталы, сондықтанда өсімдіктер үшін ең қолайсыз поляр зонасы болып табылады. Бұл жерде вегетациялық кезең, төменгі температурада, қысқа поляр жазында етеді. Ең жылы ай шілденің (июль) орташа температурасы 0°С аспайды. Бұл қысыңқы зонаның құрамына Таймыр түбегінің солтүстік шеті мен аралдардың мынадай тобы: Жаңа Жердің солтүстік аралдары, Солтүстік Жер, Франц-Иосиф Жері, Новосибир аралдарының бір бөлігі, Геральда аралдары және т.б. кіреді. Бұл зонада өсетін өсімдіктердің түрлерінін жалпы саны 40-50-ден аспайды.
Жердің бетін түтас басып (жауып) жатқан өсімдіктер жабыны жоқ. Тек жекелеген өсімдіктер немесе мүктер мен қыналардың аздаған тобы (куртинки) қиыршық тастар мен үлкен тастардын арасында шашыраңқы болып өседі.
Поляр зонасына континентгі экватордан солтүстік және оңтүстік ендіктерге қарай 7-8°С-тың деңгейіңде орап жататын ылғалды (жаңбырлы) тропикалық ормандар зонасы (гилеи) мүлдем қарама-қарсы болып келеді. Бүл жердің ауа райы тұрақты болады. Жылдың орташа температурасы 18-20°С-тан төмен болмайды. Ең төменгі температураның өзі 0°С шамасында болады. Жаңбыры коп және ол жылдың барлық мезгілдерінде бірқалыпты жауады. Жылдық ылғалдылықтың мөлшері 8000-10000 мм-ге дейін жетеді. Өсімдіктер жабыны тұтас (сомкнутый), көп ярусты. Оның құрамында өсімдіктердің көптеген өмірлік формалары, экологиялық топтары және алуан түрлі түрлері бар. Жаңбырлы тропикалық ормандар батыс ендікте де, шығыс ендікте де жақсы жетілген. Құрылысы жағынан, түрлерінің құрамы және олардың комплексі (ассоциациясы) жағынан бұл ормандар біркелкі емес. Олардың тіршілік формаларының ішінде ағаштар - фанерофиттер айқын басымдық көрсетеді. Түрлерінің саны жағынан ағаштанған лианалар ағаштардан аз болмайды. Тек орман арасындағы ашық жерлерде (прогалинах), негізінен су жағалауларында, шөптесін өсімдіктердің қауымдастықтары (ассоциации) - биік шөптер түзіледі. Олардың құрамында банандар (Мusа туысы), аройниктер (Аrасеае тұқымдасы), канналар (Саnnа туысы), папоротниктер (Роlуроdiорhуtа бөлімі), бегониялар (Веgоnіа туысы) бар.
Екі бір-бірінен қарама-қарсы орналасқан зоналардың арасында бірін бірі занды түрде ауыстырып отыратын аралық зоналар жатады. Климаттың, сонымен бірге өсімдіктердің де зоналарға байланысты қалыптасатындығы жөніндегі ғылымның жалпы заңдылықтары өткен ғасырдың бас кезінде сипатталып жазылып және сол ғасырдың ортаңғы кезінде белсенді түрде жан-жақты зерттеле басталды (А.Гумбольт, Ф.Скоу, А.Де Кандоль). Ж.Константен жершарын алты климаттық зонаға бөледі:
поляр зонасы - температура жыл бойында 10°С төмен болады;
салқын зона - 1-4 ай бойы температура бірқалыпты қоңыр-салқын болып тұрады, ал қалған айлардың барлығында - салқын;
қоңыржай-салқын зона - жазы бірқалыпты қоңыр-салқын, ал қысы салқын; қоңыржай-жылы зона - жазы ыстық; субтропикалық зона - ыстық айлары көп;
тропикалық зона - жыл бойында температура 20°С жоғары болып тұрады. Осы зоналардың барлығы бір-бірінен климатымен ғана емес, сонымен бірге сыртқы көрнісіменде ажыратылады. Бір зонадан екінші зонаға ауысқанда өсімдіктердің және олардың қауымдастықтарының өзгергендігін айқын аңғаруға болады.
Зоналар туралы ұғымды және табиғаттың әртүрлі құбылыстарының арасындағы байланыстардың жалпы заңдылықтарын өткен ғасырдың аяғында, алғашқы рет сипаттап жазған биогеографияның негізін салушы белгілі ғалым В.В.Докутаев болған. Ол өлі табиғат пен тірі табиғаттың, өсімдіктер мен жануарлардың және минералдык дүниелердің арасында байланыстардың болатындығын айқын көрсетіп жазды.
Климаттың белгілеріне (критерий) осы жердің физикалық жағдайының сипаттамалары (температура, ылғалдың мөлшері) ғана емес, сонымен бірге өсімдіктер мен олардың қауымдастықтарының ерекшеліктері де жатады. Сондықтаңда климаттың ең дәл берілген анықтамасына мыналар жатады: шөлдің климаты, тундраның климаты, жаңбырлы тропикалық ормандардың
климаты және т.б.
Сиво секілді жылы ағындардың да әсері үлкен болады.
БОР-дың европалық белігінің үлкен кеңістіктеріндс зоналық системаны өзгертетіндей орографиялық фактордың да (Среднерусская и Привольжская возвышенности, Донецкий кряж и др.), жылы ағынның да өсері болмайды. Батыс-Сібір ойпаты мен Қазақстан туралы да осыны айтуға болады.
БОР-дың европалық бөлігінде төрт сатылық зона айқын байқалады: поляр зонасы, тундра зонасы, орманды зона, шөлейт зона . Шөлді зона БОР-дың азиялық бөлігіңце, Волганың төменгі сағасынан бастап Алтай тауына дейінгі аралықты жалғастыратын түзуден, онтүстікке қарай жатқан кеңістікті түгелімен алып жатады. Дәлірек айтқанда шөлді зона Орта Азия республикалары (Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Қырғызстан) мен Қазақстанның жер көлемінің басым көпшілін алып жатады.
БОР-дың таулы аймақтарында (Түркменстанда, Қазақстанда,Өзбекстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда, Кавказда, Алтайда және т.б.) жалпы зоналар өзгеріске ұшырайды. Таудың етегінен басына дейін бірін-бірі алмастырып отыратын, өсімдіктер жабынының әртүрлі жолақтарын кездестіруге болады, бұл жерде оларды биіктік белдеулері немесе биіктік зоналары деп атайды. Таудағы өсімдіктердің таралуы мен бөлінуін зерттеген ғалымдар мынаны дәлелдеген, тау экваторға неғұрлым жақын болса, солғұрлым өсімдіктердің биіктік белдеулері толық және айқын болады. Мысалы, биік солтүстік ендікте, тундра зонасында, таудың басына шыққанмен тундраның өсімдіктерінен басқа ештеме кездеспейді. Керісінше экваторға жақын шелді зонада орналасқан тауларда, мысалы Кли-манджарода, биіктік белдеулерінің өсімдіктер қауымдастықтарының толық спектрі айқын көрінеді. Яғни биіктік белдеуінің толықтығы кеңістік факторіне де (таудың биіктігі) және географиялық ендікке де байланысты болады екен.
Бірінен соң бірі келетін зоналардың күрт байқалатын шекарасы болмайды. Олардың арасында жер көлемі бірталай болып келетін аралық кеңістіктер болады (переходные полосы). Сонымен бірге тауда өсімдіктер белдеулерінің, өсімдіктер жабынының структурасы, турлерінің құрамы және тіршілік формалары біртектес болмайды. Мысалы, тундра зонасын мынадай үш жартылай зонаға бөледі: мүкті-қыналы тундра, бұталы тундра және орманды тундра.
Орманды зонаны және басқа зоналарды да жартылай зоналарға бөледі.
Сонымен, өсімдіктер зоналарының деңгейінде айқын басымдық көрсететін өсімдіктер қауымдастықтарын және ондағы өсімдіктердің түрлерін өсімдіктердің зоналық типі немесе өсімдіктердің зоналық түрлері деп атайды. Әдетте өсімдіктердің зоналық типтері көптеген кеңістікті алып жатады,
өсімдіктердің басқа типтерінен айқын басым болып келеді және оларды анықтау ешқандай қиындық келтірмейді. Мысалы, орманды зонада орман түзетін ағаштар басым болып келеді. Олар қылқан жалырақты және жалпақ жапырақты ормандар түзеді. Өсімдіктердін мұндай типін, басқа типтермен татыстыру мүмкін емес.
Өсімдіктердің зоналық типтері ешуақытта таза зонаның өсімдіктерінен ғана тұрмайды, олардың құрамында міндетті түрде зонаға тән емес кірме участкелер болады. Мұндай кірмелерді шығу тегіне және белгілі бір өсетін ортасына қарай: өсімдіктердің экстразональды интразональды және азональды типтері деп үш топқа бөледі.
Осылардың ішінде ең қызық және өзіндік ерекшелігі бар кірмеге өсімдіктердің экстразональды типі жатады. Өсімдіктердін экстразональды типі деп дербес зона түзуге қабілетті және өзінің дербес зонасын түзетін, бірақ кейбір ерекше жағдайларға байланысты жекелеген участкелерімен өзінің зонасынан тыс, көршілес зонаның территориясына кірме ретінде өтетін өсімдіктердің типін айтады. Экстразональдық құбылысқа жекелеген түрлермен де өсімдіктердің топтарымен де мысал келтіре кетейік. Қымыздық боздың (северный перистый ковыль - Stiра joannus) солтүстік бозды - әртүрлі шөпті иемесе шалғынды шөлейтте зоналық өсімдік екені белгілі. Бірақта ол онтүстік бозды - бетегелі шелейтте сирек экстразональды жағдайда ғана кездеседі. Басқаша айтқанда Омбы қаласының маңында және Қостанай облысының солтүстігінде бұл түр зоналық болып табылады, ал Есіл өзенінің бойында, Ақмола облысының оңтүстігінде, экстразональды. Сондай-ақ еменді орманның шөлейт зонадағы кішігірім үркіп шыққан участкелері де экстразональды болып табылады.
Өсімдіктердің интразональды типі деп, еш уақытта, еш жерде өзінің дербес аднасын түзбейтін, бірақ бір немесе бірнеше зоналарда кірме ретінде кездесетін өсімдіктер қауымдастықтарын айтады. Бұған сортаң топырақтын, сор топырақтың және орманды зонадағы шымтезек батпақтарының өсімдіктер қауымдастықтары жатады.
Өсімдіктердің азональды типі интразональды типке өте жақын, өйткені оларда еш уақытта, еш жерде өзінің дербес зонасын түзбейді, бірақ бірнеше зонада, тіптен кез келген зонада кірме ретінде кездеседі. Өсімдіктердің азональды типтерінде өзендердің жайылма шалғындары немесе өзен жағасының ағашты бұталы тоғайлары мысал бола алады. Әрине шөлейт зонаны меридиональ бағытта кесіп өтетін өзендердің жайылма шалғындарының, өсімдіктер қауымдастықтарының флоралық құрамы, орманды зонаны кесіп өтетін өзендердің шалғындарының флоралық құрамынан айқын айырмашылығы болады.