Физические величины измерения Дисциплина: Промышленная электроника



Дата25.04.2022
өлшемі1,51 Mb.
#32184
Байланысты:
ЭМК1

Екіншілік энергоресурстар Дисциплина: Энергетиканың кешенді мәселелері

Выполнил: магистрант 7М ПЭ-2 Сейлханов Д


МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

НАО «АТЫРАУСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ НЕФТИ И ГАЗА» ИМЕНИ САФИ УТЕБАЕВА

Атырау - 2022г.

Екіншілік энергетикалық ресурстар (ЕЭР) – жанама өнімдерден немесе негізгі өндіріс қалдықтарынан, оның ішінде технологиялық процесстердің жанғыш газдарынан (мұнай зауыттық, домна, жолай мұнай өндіру нәтижесіндегі газдар және т.б), өңделген будан, сонымен қатар, осы процесстен тыс энергия алу (оның ішінде, жылулық) мақсатында қайта қолданыла алатын технологиялық процесстерден алынатын электрлік шығынның бөлігінен алынатын энергия көздері.

Энергия түрлеріне байланысты ЕЭР жанатын, жылулық және артық қысымды болып бөлінеді.



Жанатын (отынды) ЕЭР – технологиялық процесстерде ары қарай қолданылмайтын немесе жарамсыз, құрамында технологиялық процесс қалдықтарының химиялық байланысқан энергиясына ие қалдықтар.

Жылулық ЕЭР – технологиялық агрегаттардың шығарылатын газдарының энтальпиясын және технологиялық агрегаттар мен қондырғылардың салқындату жүйесінің жұмыс денелерінің жылуын, технологиялық құрылғыларда өңделген ыстық су мен бу энтальпиясын көрсететін жылу қалдықтары. Жылулық ЕЭР-на технологиялық және энерготехнологиялық құрылғыларда жолай алынатын жылуэнергиясы да (бу мен ыстық су) жатқызылады.

Артық қысымды ЕЭР – келесі қолдану сатысында немесе атмосфераға тастаудан бұрын төмендетуді қажет ететін технологиялық агрегаттардан артық қысыммен шығатын газдардың потенциалды энергиясы.

ЕЭР түрі

ЕЭР тасымалдаушылар

Энергетикалық потенциал

Пайдалану тәсілі

Жанғыш

Қатты, сұйық және газ тәріздес жанғыш қалдықтар

Жану жылуы

Отын пайдаланатын қондырғыларда (отындық) жағу

Жылулық

Сейілетін

газдар


Салқындатылған

су

Конденсат



Өндіріс қалдықтары

Дайын өнімдердің

аралық өнімдер


Физикалық жылу

Жылуды кәдеге жарататын қондырғыларда I су буы немесе I ыстық су түрінде жылу энергиясын өндіру (жылулық)

Қайталама немесе толық су буы

Энтальпия

Жылуды кәдеге жарататын қондырғыларда немесе кәдеге жарататын құбырларда электр энергиясын өндіру үшін (күштік және құрамдастырылған)

ЕЭР артық қысыммен

Артық қысыммен газдар мен сұйықтықтар

Изоэнтропты ұлғаю жұмысы

Кәдеге жарату қондырғыларда электр энергиясын және механикалық жұмысты өндіру (күштік)

 ЕЭР жіктелуі

ЕЭР түрлері мен параметрлеріне байланысты негізгі төрт бағытта пайдаланылады:


  • отынды – тікелей қазандық-пешті отын ретінде
  • жылулық – энерготасымалдаушылар есебінен жылу энергиясындағы қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін;
  • электрэнергетикалық – газды немесе бу конденсациялық турбоагрегаттардан электр энергиясын алу үшін;
  • біріктірілген – электр энергиясы мен жылу энергиясының жылыту циклі бойынша қалдықтарды өңдейтін құрылғылардан (утилизациялық ЖЭЦ) шығару.

Электр энергия мен жылуды бірлесе шығару мақсатында екіншілік энергетикалық ресурстарды қолдану тиімділігі жоғары болып табылады. Бірақ, жылуды аз тұтынатын кезеңде электр энергияны конденсацияланған цикл бойынша өндіру қажеттілігі туындайды. Мұндай жағдай, көбінесе жаз мезгілінде, көлік құрастыратын зауыттарда балғалар мен престердің жұмыс істеуі үшін қолданылған булардың көп мөлшері жинақталып, олардың жылуын кәсіпорында қайтара қолдану мүмкіндігі туындайды.

Электр энергиясы мен жылуды бірлесе өндіру төмендегі жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін:


  • 1 а және б суретінде көрсетілгендей, технологиялық агрегаттарға жақын орналасқан дербес немесе топтық генерирлеуші құрылғыларда;
  • газтурбиналы циклде ыстық газды немесе ауаны айтарлықтай алыс қашықтыққа тасымалдау орынсыз және тек осындай қондырғылар ғана мүмкін;

1 – технологиялық агрегат; 2 – бу қыздырғыш; 3 – буландыру беті; 4 – үнемдеуші бет; 5 – турбина; 6 – буды технологиялық тұтынушылар.


    • сурет – Жылуды пайдаланатын қондырғылардың сұлбасы: а – дербес; б – топтық

Спасибо за внимание!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет