Эмоцияның қазіргі заман тарихы У. Джемстің 1884 ж. жарияланған “Эмоция деген не” атты мақаласынан басталады. У. Джемс және Г. Лангенің пайымдаған теориялары бойынша: сезімнің туындау себебі – сыртқы ырықты қозғалыстар, сонымен бірге, ішкі ырықсыз жүрек толғаныстарынан болатын адамның кейіп өзгерістері. Осы өзгерістерден туындайтын адам әсерлерінің бәрі – эмоциялық күйді танытады. “Біздің қайғыруымыз – жылағанымыздан; қорқуымыз – қалтырауымыздан; қуанғанымыз – күлгенімізден” делінген (У. Джемс).

Эмоциялар мынадай функцияларды атқарады: бағалаушы, сигналдық, оятушы және коммуникативтi, сонымен қатар физиологиялық және танымдық процестерге әсер ету функциясын атқарады.
Эмоциялар iшкi психикалық процестер болып табылады. Бiрақта олар сырттай: мимикадан, көзқарасынан, әрекеттерден, қимылдан, елестен, интонациядан және сөйлеудiң басқа да ерекшелiктерiнен жақсы көрiнедi. Бұл басқа адамдардың эмоциялық күйiн түсiнуге және олармен нәтижелi қарым-қатынас жасауға мүмкiндiк бередi.
Қуаныш- орындалуы күмəндi болып тұрған қажет-тiлiктiң толық қанағаттандырылуына байланысты туындайтын ұнамды эмоционалды күй.
Қуаныш - орындалуы күмəндi болып тұрған қажет-тiлiктiң толық қанағаттандырылуына байланысты туындайтын ұнамды эмоционалды күй.
Таңдану - күтiлмеген оқиғаға байланысты пайда болатын эмоциялық белгi. Таңдану бұрыннан бар сезiмдердi тежейдi. Осыдан зейiн толығымен таңдануға себеп болған нысанға ауысады, кейiн ол қызығушылық ниетке жол ашады.