Физика 1.Физика пәнінің басқа пәндермен байланысы туралы айтыңыз Физикада зерттелетін қозғалыс формалары Химиялық, биологиялық процестер болып табылады. Барлық процестердің өздеріне тән ерекше химиялық, биологиялық т.с.с. сипаттары болса да, олар физика тағайындаған энергияның сақталу заңына бағынады. Қозғалыстың жоғары және неғұрлым күрделі формаларын басқа ғылымдар, яғни химия, биология т.т. зерттейді. Физика мен кейбір жаратылыс ғылымдары арасына шектеу орнатуға болмайды. Өйткені физика мен химияға ұштасып жатқан ерекше ғылым салалары: физикалық химия және химиялық физика салалары бар. Сонымен қатар, аспан объектілерінде болып жатқан физикалық құбылыстарды зерттейтін астрофизика, Жер атмосферасы мен Жер қыртысында болып жатқан физикалық құбылыстарды зерттейтін геофизика саласы бар. Физиканың жаңа табыстары көбінесе басқа ғылымдардың дамуына жол ашып отырды. Микроскоп пен телескопты жасап шығару биология мен астрономия ғылымдарының дамуын тездетті. Физиктер ойлап шығарған спектрлік анализ астрофизиканың бірден-бір негізгі методы болып қалыптасты. Ірі ғылыми жаңалықтар XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында ашылды. Орыс физикасы мен химиясының негізін салған М.В. Ломоносов өзінің ғылыми жұмысын практика талаптарымен үйлестіріп отырған. Оның қатты және сұйық денелердің табиғаты туралы, оптика, метеорология, атмосфера электрі туралы алған мәліметтері белгірі практикалық мәселелермен байланыста болған. XIX ғасырдың басында бу машиналарының қолданылуы жылуды механикалық жұмысқа неғұрлым тиімді жолмен айналдыру мәселесін шешуді қажет етті. 1824 жылы француз инженері Сади Карно жылудың жұмысқа айналуы жайындағы проблеманы жалпы түрде қарастырғаннан соң ғана бу машиналарының пайдалы әсер коэффициентін шынымен-ақ арттыруға болатын болды. Сонымен қабат Карноның еңбегі энергияның берілуі мен түрленуі туралы жалпы ілімнің шығуына негіз болды, ол ілім кейін ТЕРМОДИНАМИКА деп аталды. 1831 жылы Фарадей ашқан электромагниттік индукция құбылысы электр құбылыстарын практикада кең түрде пайдалануға мүмкіндік туғызды. 1869 жылы Д.И. Менделеев элементтердің периодтық заңын ашты, ол заң тек атомдар және химиялық құбылыстар табиғаты жайындағы ілімдердің дамуына зор ықпал етіп қана қойған жоқ, сонымен қатар ол химия мен физиканың орасан көп практикалық мәселелерін шешуде жетекші заң болды. XX ғасырдың жетпісінші жылдарында Максвелл электромагниттік процестердің жалпы теориясын ойлап шығарды. Осы теорияға сүйене отырып, ол электромагниттік энергияның толқын түрінде таралуы мүмкін деген қортындыға келді.