Молекула-кинетикалық теориядағы ішкі энергия. ХІХ ғасырдың орта шенінде микроскопиялық денелерде механикалық энергиямен қоса, тағы да сол денелердің ішінде тұтылған энергия бар екендігі дәлелденді. Бұл ішкі энергия табиғаттағы энергиялық түрленулер балансына кіреді. /Ішкі энергия ашылғаннан кейін энергияның сақталу және айналу заңы тұжырымдалды. Ішкі энергия дегеніміз не?
Мұзбен сырғанаған шайбы үйкеліс күшінің әсерінен тоқтағанда, оның механикалық (кинетикалық) энергиясы текке жойылып кетпейді, қайта мүз бен шайбының бейберекет козғалатын молекулаларына беріледі. Денелердің қажалысатын беттерінің тегіссіздігі қозғалғанда деформацияланады және молекулалардың бейберекет қозғалысының интенсивтілігі артады. Екі дене де кызады, мұның өзі олардың ішкі энергиясының арткандығын көрсетеді.
Ішкі энергияның механикалық энергияға керісінше өтуін байқау да қиын емес. Егер тығындаулы пробиркадағы суды қыздырсак, онда судың ішкі энергиясы арта бастайды. Су қайнаған кезде будың қысымы артатыны сонша, ол тығынды ытқытып шығарады. Тығынның кинетикалық энергиясы будың ішкі энергиясы есебінен артады. Су буы ұлғая отырып, жұмыс жасайды да, суынады. Сонда оның ішкі энергиясы азаяды.
Молекула-кинетикалық теория тұрғысынан алып қарағанда макроскопиялық дененің ішкі энергиясы -бұл барлық молекулалардың (немесе атомдардың) дене массасы центріне қатысты бейберекет қозғалысының кинетикалық энергиясы мен барлық молекулалардың бір-бірімен өзара әсерлесуінің (бірақ басқа денелердің молекулаларымен емес) потенциалдық энергиясының қосындысына тең.
Макроскопиялык денелерде молекулалар саны орасан көп болатындықтан, жеке молекулалардың қозғалысын және олардың бір-біріне қатысты қалыптарын ескере отырып, дененің ішкі энергиясын (немесе оның өзгеруін) есептеу іс жүзінде мүмкін емес. Сондықтан ішкі энергияны (немесе оның өзгеруін) тікелей өлшеуге болатын макроскопиялық параметрлерді байланыстырып анықтай білу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |