Мәңгі двигатель жасаудың мүмкін еместігі. Термодинамиканың бірінші заңынан мәңгі двигательді - отын немесе кез келген басқа материалдарды шығындамай шектеусіз мөлшерде жұмыс істеуге қабілетті құрылғы мүмкін еместігі шығады. Егер жүйеге жылу келіп түспесе (Q = 0), онда А' тек ішкі энергияның азаюы есебінен ғана атуарыла алады, яғни A'= U. Энергия қоры таусылысымен ақ, двигатель жұмыс істеуді тоқтатады.
Жұмыс және жылу мөлшері - ішкі энергияның өзгеру процесінің сипаттамасы. Берілген күйде жүйенің әрдайым белгілі бір ішкі энергиясы болады. Бірақ онда белгілі бір жылу мөлшері немесе жұмыс қоры бар деп айтуға болмайды. Жұмыс та, жылу мөлшері де қандай бір процестің нәтижесінде жүйенің ішкі энергиясының өзгерісін сипаттайтын шамалар болып табылады.
Жүйенің ішкі энергиясы жүйенің жұмыс істеуі есебінен де, сондай-ақ қоршаған денелерге қандай да бір жылу мөлшерін беру есебінен де бірдей өзгере алады. Мысалы. Цилиндрдегі қыздырылған газ жұмыс атқармай-ақ суының, өзінің энергиясын азайтуы мүмкін (53-сурет). Бірақ ол қоршаған денелерге жылу бермей-ак, поршеньді ығыстыру есебінен дәл сондай энер гияны жоғалтуы мүмкін. Ол үшін цилиндрдің қабырғалары мен поршень жылу өткізбейтін болуы керек .
Бұдан былай қарай бүкіл физика курсы барысында біз энергияның басқа түрлерімен олардың бір-біріне айналу және берілу (жеткізілу) тәсілдерімен танысатын боламыз.
Денелер жүйесінің ішкі энергиясы жұмыс атқарғанда және жылу мөлшерін бергенде өзгереді. Жүйе әрбір күйде де белгілі бір энергияға ие болады. Жүмыс және жылу мөлшері денеде болмайды, тек оның ішкі энергиясының өзгеру процесін ғана сипаттайды.
Бақылау сұрақтары
1.Термодинамиканың бірінші заңы калай тұжырымдалады?
2.Ішкі энергияның өзгеруі қандай жағдайда теріс болады?
3.Жүйе ішкі энергияға ие болады деп айтуға болатыны, бірақ ол жылу мөлшерінің немесе жұмыстың белгілі бір қорына ие болады деп айта алмайтынымыз неліктен?
Достарыңызбен бөлісу: |