Мектеп директоры: Тунгишбаева Г.
Пән мұғалімі: Маханбетова С.
Практикант-студент: Оралбай Ж.
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық
Университеті физика, математика және
цифрлық технологиялар жоғарғы мектебі
факультеті 6В01504-Физика мамандығының
2-курс студенті Оралбай Жанеркеге
педагогикалық психологиялық
Мінездеме
Оралбай Жанерке 24.01.-14.05.2022 жылы аралығында Алматы қаласы білім басқармасының "№ 24 лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде физика пәнінен іс-тәжірибеден өтті.
Жанерке сынақ кезінде мектептегі 7в, 7б, 10б сыныптарына күнтізбелік жоспарға сәйкес тұрақты сабақ берді. Өзіне жүктелген міндетке жауапкершіліпен қарап, күнделікті сабағына тиянақтылықпен дайындалып келді. Тәжірибе кезінде сабақта тек оқулық көлемімен шектеліп қалмай, қосымша көрнекіліктермен, қызықты ойындармен өткізе білді.
Сабақ жүргізуде, түсіндіруде оқушылардың география пәніне деген қызығушылығын оята білді. Сабақта әр тақырыпқа байланысты көрнекіліктер пайдаланып, тірек-сызбаны қолдануы, сыныптың сабаққа көбінің қатысуы, топпен жұмыс істеуі, уақытты бөліп үйренгенін көрсете білді.
Жанерке ашық сабағын 7в сыныбына «Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау» тақырыбында өткізді. Сабақта лездемелік сұрақтар қойып, оқушылардың логикалық ойлау қабілетерін дамытып, сабақты «адасқан обьектіні табу» арқылы бекітті. Сабақты оқушылар өте жақсы меңгерді.
Тәжірибе кезінде Жанерке өзінің оқушылармен тез тіл табыса білетінін, өзінің география пәніне күнделікті дайындықпен келетіндігін көрсете білді. Жанеркенің ашық сабағы, күнделікті сабаққа дайындығы, тәрбие сағаты «5» (өте жақсы) деп бағаланды.
Достарыңызбен бөлісу: |