Физика кафедрасы


Сандық зерттеудің түрлері



бет20/43
Дата31.08.2022
өлшемі145,11 Kb.
#38326
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43
Байланысты:
zertteu adisteri - seminar

Сандық зерттеудің түрлері
Түрлі форматтағы алғашқы ақпараттарды жинауға мүмкіндік беретін сандық зерттеулердің бірнеше түрлері болады:
• Жеке сұрау (face-to-faсe)
• Көшедегі сұхбат
• Сатып алу орындарындағы сұхбат
• Пәтердегі сұхбат (кең тараған әдіс, іріктеу жиынтығының бас жиынтыққа сәйкестігін максималды түрде қамтамасыз етеді).
• Өнімді тестілеу (hall и home tests).
• Тауарды тексеру (retail audit) 
Mystery shopping – Қызмет көрсету сапасын бағалау жасырын тұлға ретінде тексеретін арнайы мамандар көмегімен жүзеге асатын маркетингтік зерттеу әдісі. «Құпия сатып алушы» әдісі қызметкерлер жұмысын тұтынушы көзқарасымен қарастыруға және қызмет көрсету сапасын жақсартуға уақытында шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл әдістің басымдылығы оның құпиялығы және тексерудің тосын жүзеге асуы.
Mystery shopping арқылы нені бағалауға болады?
1. Телефон арқылы диспетчерлік қызметтің жұмысын
2. Қызметкерлердің сыртқы кейпін және мәнерін.
3. Сатудағы машық-дағдысын.
4. Қақтығыс кезінде қызметкердің өзін-өзі ұстауы.
5. Сатушылардың тауарларды білудегі біліктіліктері.
6. Қызмет көрсетудің корпоративтік стандарттарын сақтау.
7. Сауда кеңістігін ұйымдастыру.
8. Сауда залындағы көңіл-күй.
Маман сауда орнының ұйымдастырылуына да сыртынан баға бере алады – сыртқы жарнама, қолайлы орналасуы, ескерілмеген тауардың өткізілуін бақылай алады, қызметкердің әділдігі мен әдептілігін тексере алады.
Mystery shopping бағдарламасының сәтті жүзеге асуының негізгі шарты - компания топ-менеджментінің қызмет көрсетуді жақсарту қажеттігін және қызмет көрсетуді жақсарту оның сапасын бақылау жасаусыз мүмкін еместігін түсінуі. Mystery Shopping қызмет көрсетуді жақсарту құралдарының бірі, және қызмет көрсету үрдісінің барлық мүшелерінің қарым-қатынасын жақсартуға бағытталған пайдалы әдіс. Құпия сатып алушы ретіндегі қызметкерлер өз кәсібиліктерін шыңдайды сондықтан еңбек нарығындағы бағаны көтереді. Компания өз имиджін нығайтады. Ең басты мақсат – сатып алушының ризалығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет