Физика кафедрасы



бет20/76
Дата29.12.2022
өлшемі6,09 Mb.
#60139
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   76
Концентраторлар.ЖЭҚ-ң күші жел ағынын пайдалы жағынан қолданғанға байланысты. Оның жұмысын жақсарту үшін жел ағынын үлкейтетін арнайы концентраторлар ( күшейткіштер) пайдаланылады

Көлденең ості жел электрогенераторлар үшін көптеген концентраторлар жасалған олар диффузор немесе дефлектор конфузоры болуы мүмкін. Алайда концентраторлар өндіріс қрондырғыларында кең қолданыс таппаған.




Жел генераторларының жұмыс істеу тәртібі, сипаттамалары, түрлері


Жел генераторлары жел қозғалысының энергиясын электрлікке түрлендіруге арналған. Жел генераторының әрекет принципі келесідей: жел қысымымен ток генераторының роторын айналдырып, қалақшалар қозғалысқа түседі (әдетте үш фазалық).
Өндірілген электр энергиясыконтроллерге жіберіледі. Ол аккумуляторлар зарядына арналған кернеуді және токтың тиімді күшін қамтамасыз етіп,сондай-ақ қатты дауылда жүйені сақтандырып, басқару функциясын атқарады.Контроллерден аккумуляторлар заряд алады.
Өнеркәсіптік жел жағдайында, электр желі бойымен басты станцияға жіберіледі.Үйдегі жел генераторларында ток инвертормен электр.желісіне пайдалану(220 В)үшін түрленеді де тұтынушыларға жіберіледі [1,15,25].

18-сурет. Энергиямен қамтамасыздандырудың автономды жүйесі
Жел генераторының компоненттері
Жел қондырғыларының негізгі компоненттеріне келесі элементтер жатқызылады:
– Генераторайнымалы токты өндіретін қондырғы. Токтың күші мен генератор кернеуі желдің жылдамдығы мен тұрақтылығына байланысты. Генератор аккумуляторлы батареяларды зарядтау үшін қажет;
– Қалақшаларжелдің кинетикалық энергиясының арқасында генератордың білігін қозғалысқа келтіреді;
– Контроллер– жел қондырғыларының көптеген үдерістерін басқарады, мысалы қалақшалардың бұрылысы, аккумуляторлардың заряды, қорғаныс функциялары және т.б.. Ол аккумуляторлы батареяларды зардятау үшін тұрақтыға өндіретін токты ауыспалыға түрлендіреді;
– Аккумуляторлы батареялар– электр энергиясын желсіз сағатта пайдалану үшін жинақтайды. Сондай-ақ, олар генератордан шығатын кернеуді түзетеді және тұрақтандырады. Солардың арқасында сіз ұйытқыған желде де еш кедергісіз тұрақты кернеуді алатын боласыз. Сіздің нысаныңыздың қоректендіруі аккумуляторлы батареялардан жүзеге асырылады;
– Анемоскоп және желді бағытының датчигі – қуаттылығы орташа және шағын қондырғылардағы жел бағыты туралы деректер жинауға жауап береді;
– Резервті автоматты қосу(РАҚ)– қоректендіру көзін автоматты ауыстырып-қосқыш. 0,5 секунд аралығында негізгі қорек көзі болмаған кезде бірнеше электрмен қоректендіру көзі арасындағы автоматты ауыстырып-қосуды жүзеге асырады. Жел қондырғысын, қоғамдық электр желісін, дизель-генераторды және қоректендірудің басқа да көздерін бірегей автоматтандырылған жүйеге біріктіруге мүмкіндік береді. Назар аударыңыз:РАҚбір нысананың желілеріне бір мезетте қоректендірудің екі түрлі көзінен жұмыс істеуіне жол бермейді.
– Инвертор – аккумуляторлы батареяларда жинақталатын токты тұрақтыдан көптеген электр құралдары тұтынатын ауыспалыға түрлендіреді.
Қанатты

Ауаның ағыны қалақша-қанаттардың айналу жазықтығына перпендикуляр әрекеті кезінде ең үлкен тиімділігіне жететін қанатты жел қозғалтқыштары үшін, айналым осін автоматты бұру құрылғысы қажет. Осы мақсатта тұрақтандырғыш-қанатты қолданады.
Әткеншекті жел қозғалтқыштарының желдің кезкелген бағытында, өзінің орнын өзгертпестен, жұмыс істей алатын артықшылығы бар. Жел энергиясын пайдалану коэффициенті қанатты жел қозғалтқыштарында әткеншекті түріне қарағанда әлдеқайда жоғары. Сонымен қатар, әткеншекті түрлерінде айналым моменті әлдеқайда жоғары. Ол әткеншекті қалақшалы агрегаттар үшін желдің нөлдік салыстырмалы жылдамдығында, максималды болады [1,2,25,41].
Қанатты жел агрегаттарының таралуы олардың айналым жылдамдығының шамасымен түсіндіріледі. Олар электр тогының генераторымен мультипликаторсыз тікелей жалғана алады. Қанатты жел қозғалтқыштарының айналу жылдамдығы – қанаттар санына кері пропорционал, сондықтан қалақшалар саны үштен асатын агрегаттар мүлдем қолданылмайды десе де болады.
19-сурет. Жел генераторының негізгі элементтері



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет