АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Институт
Физика кафедрасы
Жобаның тақырыбы:
Асыл тастардың химиялық сыры
Авторлар: ХНК-4 топтың студенттері:
Қулмамбет А.
Касимова А.
Қасенов Б.
Ғылыми жетекшісі: ф.м.ғ.к., қауымдас. профессор
Рыстыгулова В.Б.
Алматы, 2022
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................1
1. Теориялық бөлім.................................................................................3
1.1. Асылтастардың пайда болуы...........................................................4
1.2. Асылтастың түрлері..........................................................................5
1.3. Асылтастың қоршаған ортамен байланысы....................................7
1.4. Маржан тасы.......................................................................................8
2. Практикалық бөлім.
2.1. Зерттеудің әдістері мен материалы..................................................10
2.2. Сауалнама нәтижесі...........................................................................11
2.3. Маржан тасының ерекшелігі.............................................................12
Қорытынды...............................................................................................13
Пайдаланған әдебиеттер.
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Асыл тастарды Қазақстан жерінде адамдар бағзы заманнан танып, қолдана білгені археологиялық мәліметтерден белгілі болып отыр. Асыл тастар ретінде құрамы мен тегі әр түрлі 100-ге жуық минералдар мен тау жыныстары пайдаланылады. Бұл тізім әшекейлік жаңа тастармен үнемі толықтырылуда. Асыл тастардың құндылығына көптеген жағдай әсер етеді. Ерте замандарда асыл тастың емдік қасиетін ашып, оны шипалық маңызына қарай бөліп қадірлеп, әрі қастерледі. Қазіргі заманда асыл тасты сәндік, көріктілік, мақтаныш үшін қажет деп түсінеді. Таңдау осы тақырыпқа түсті, себебі асыл тастардың химиялық қасиеттерін ұдайы зерттеу арқылы адам мүшелерінің рухани-энергетикалық потенциалдық өрісін ретке келтіру. Қазақстан жерінде асыл тастар мен түсті минералдардың 500-ге жуық кен орны анықталған. Табиғи ресурстарының қоры бойынша әлемде алтыншы орында. Минералды шикізатқа бай болғанымызбен, оны толыққанды қажетімізге жарата алмай отырмыз. Менделеевтің кестесіндегі 118 элементтің 99-ы елімізде бар. Одан басқа әлем бойынша құнды саналатын асыл тастардың түрі қаншама. Мысалы, бирюзаны Шымкент пен Қызылорданың арасындағы Келіншектау деген жерден таптық. Тас іздеп жүргенімізді білген малшылар әдетте тек шетелдіктерді көріп үйреніп қалғандарын айтып, бізге таң қалды. Бұл жерді ағылшындар динамитімен жарып, бағалы тастарды өзінің еліне арқалап кеткен көрінеді, – дейді Берік Әлібай. Асыл тастардың химиялық қасиетін зерттеп, адам баласы біле бермейтін тұсын ашу қазіргі таңда өте өзекті.
Асылтастарды зертеген Қазақстан ғалымдары.
П.П.Семенов Тянь-Шанский, Н.П.Рычков, В.В.Радлов, Шоқан Уалиханов Қазақстан жер барлығының қайда орналасқанын зерттеген. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев минералдық ресурстарын зерттеген.
Ахметов Г.Л. Алматы «Қазақстан»
Мир камня, 22 тома, М. Н.Құдайбергенова.
Геммолог Оспан Бейсеев Қазақстандағы геммология ғылымы мен зергерлік ісі туралы зерттеп жүрген отандық ғалымдардың бірі. Оның пікірінше, Қазақстанда әшекей бұйымдар шығаратын зауыт ашылып, жүйелі жұмыс істесе экономиканың бір бүйірі қампайып қалатын еді. «Бұл тақырыпты жалықпай айтып, мақалалар жазып жүргеніме көп болды. Бірақ, нәтиже жоқ» деп қамығады ғалым.
Зерттеудің жаңалығы.
Асыл тастардың емдік қасиетін ғылыми түрде қолданатын медециналық орталық ашу.
Мақсаты: Маржан тасының ерекше қасиеттерін зерттеу
Зерттеу міндеттері:
Асыл тастардың химиялық қасиеттерін зерттеу.
Адамдарға маржан тасының пайдалы жақтарын түсіндіру.
Зерттеу нысаны: Маржан тасы
Зерттеу пәні: Асыл тастардың химиялық құрамын зерттеу.
Зерттеу әдістері: Әдебиеттерді зерттеу,нәтижелерді талдау.
Қазақстанның негізгі байлықтарының бірі – оның пайдалы қазбалары. Қазақстан табиғи ресурстарының қоры бойынша әлемде 6-шы орында. Д.И.Менделеевтің химиялық элементтер кестесінің 110 элементінің ішінен Қазақстанның жер қойнауында 99 элемент табылған, 70 элемент барланған, 60 элемент өндірілуде және пайдаланылуда. Қазақстан Республикасының минералды-шикізат базасы 5004 кен орнынан тұрады, олардың болжамды құны шамамен 46 триллион АҚШ долларын құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |