Физика курсының «оптика» БӨлімін болашақ мамандарға оқыту әдістемесін дамытудың ерекшеліктері



бет3/4
Дата01.11.2023
өлшемі37,57 Kb.
#121259
1   2   3   4
Байланысты:
1612542760 1

Әдістері: проблемалық, дамытушылық, ізденушілік, зерттеушілік, практикалық, таным әдістері, эвристикалық, миға шабуыл, ойлап табу, көрнекілік, т.б. Біз өз жұмысымызда оптика пәнін оқыту үдерісінде оқыту әдістерін қолдануда мына талаптарды ескердік:
- оптика пәнін оқытуда қолданылатын әдістерді ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен байланыстыруды есепке алдық;
- оптика пәнін оқыту үдерісінде бір ғана әдісті жан-жақты деп қарап қоймай, түрлі әдістерді ұштастырып қолдандық;
- оптика пәнін оқыту үдерісінде қолданылған оқыту әдістері студенттердің оқу белсенділігін, ойлау қабілетін, таным әрекетін, ӛзіндік жұмыс істеу қабілетін арттыруға әсер етуін ескердік;
- оптика пәнін оқыту әдістері студенттердің креативтілігін қалыптастыру әдістерімен ұштасып бір-бірімен тығыз байланыста болуын ескердік;
- оптика пәнін оқыту әдістері студенттердің дидактикалық мамандығына әсер ететіндігін, ертеңгі өз оқушыларына сол әдістерді қолданып оқытуға тырысатындығын ескеріп, олар үлгі беретіндей болуын ескердік.
Формалары: дәріс, практика, зертханалық, педагогикалық практика, консультациялар, ғылыми семинарлар, аудиториядан тыс студенттердің өзіндік жұмыстары, СӨЖ, СОӨЖ және т.б. Оптика пәнін оқыту барысында бағдарламаға сәйкес материалдарды сапалы түрде жеткізуге көп көңіл бөлінді, оқытудың барлық формасында мотивация және т.б. дидактикалық мәселелер жүзеге асырылды. Болашақ физика мұғалімдерінің креативтілігін қалыптастырудың негізгі жолы ретінде дәріс, практика, зертханалық сабақтарды, студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру, бақылауларды өткізу барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдандық, олардың әрқайсысының функцияларын айқындадық, оларға нақты бір талаптар қойдық.
Оптика пәнін оқытуда дәріс сабақтарының негізгі мақсаты [7]: жаңа тақырып бойынша мәліметтерді жеткізудің тиімділігін арттыру, студенттердің білімі мен ептіліктерін, дағдысын арттырып, шығармашылыққа баулу. Дәріс сабағының нәтижесі: білімді жетілдіру, ойды тұжырымдау, есте сақтау, іскерлігін арттыру, логикалық мәселелерді шешу, шығармашылық қабілеттері, ой ұшқырлығы, ерекшелігі. Оптика пәнін оқытуда дәріс сабақтарында мынадай дидактикалық талаптарды ескердік: әр-бір тақырыптың біртұтас ашылуы; оптикалық құбылыстардың біртұтастық тұрғысында талдануы және жинақталуы, қорытындылар, дәлелдемелерінің айқындығы мен ғылыми дәлелденуі. Осы талаптарды орындауда біз лекцияның мына түрлерін қолдандық.
Визуальдық дәріс: оптикалық құбылыстар мен заңдылықтарды оқытудың техникалық құралдары және аудио-видеотехника көмегімен, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы дәріс материалдарын визуальды формада беру. Дәрістің бұл түрінде біз авторлық «Физикалық құбылыстар» атты электрондық оқулығын, «Оптика» пәніне арналған электрондық оқулығын қолдандық.
Миға шабуыл дәрісі: немесе бұл дәріс түрін "топтық пікір-талас дәрісі" деп атауғада болады. Дәрістің бұл түрінде біз студенттердің алдына оптика пәні бойынша шешімі табылуға тиісті мәселелерді қойдық. Студенттер бұл мәселені шешу үшін өз пікірлерін білдіріп отырады. Мұнан соң студенттердің айтқан ойларын оқытушының көмегімен талқыланады. Миға шабуылдың негізгі ережесі – студенттерге кез келген идеяны айтуға, тіпті мәнсіз-мағынасыз болса да рұхсат беріледі. Миға шабуыл кезінде айтылған идеяларды тоқтатуға, сынауға болмайды. Біз бұл әдісті шолу және қорытынды дәрістерде, жаңа материалды мәселелеу жолмен беру кезінде қолдандық. Миға шабуыл дәрістері студенттердің ойлау қабілетін, тапқырлық қасиетін арттырады.
Проблемалық дәріс: дәрістің бұл түрінде жаңа білім мәселелік жағдайлар, жаңа материалға байланысты сұрақтар мәселелер арқылы беріледі. Осы мәселелерді шешудің жолдарын студенттер баяндайды. Олардың жауаптары оқытушы тарапынан бақыланады.
Конференция дәрісі: жаңа тақырып бойынша алдын ала қойылған проблемалық мәселесі және ұзақтығы 5-10 мин болатын баяндамалар жүйесі бар ғылыми практикалық сабақтар ретінде жүргізіледі. Әр-бір баяндаушы логикалық аяқталған ойын ұсынады, ол оқытушы алдын ала ұсынған бағдарламаға сай болады. Дәрістің бұл түрінің соңында оқытушы студенттердің өз бетінше атқарған жұмысы мен баяндамасына баға береді, негізгі қорытындысын жасайды.
Оқыту формасының негізгі түрінің біріпрактика болып табылады. Ол студенттердің теориялық білімін практика түрінде қолдануға мүмкіндік береді. Практикалық сабақ теориялық сабақ барысында қалыптасқан білімдері негізінде студенттердің іс-әрекетін ұйымдастыруға арналады. Мұнда орындалатын іс-әрекет мазмұны, орындалу реті теориялық білім негізінде басқарылады.
Сондықтан, практикалық сабақтың мақсаты:
- оптика пәні бойынша бар білімді нақтылы жағдайға пайдалану;
- алған білімді, оны практикалық іс-әрекетке қалай пайдалану реті бойынша жүйелеу;
- студенттердің өзбетінше жұмыс жасауына дайындығын анықтау.
Оптика пәнін оқытуда практика сабақтарының негізгі мақсаты: дәріс материалдарын өңдеуге білімі мен ептілігін қалыптастыру, дағдысын қалыптастыру, студенттердің өзіндік жұмысы мен белсенділігін, шығармашылығық қабілетін арттыру, креативтілігін қалыптастыру. Практика сабағының нәтижесі: негізгі материалды бекіту, білім мен дағдыны, икемділікті жетілдіру, білімді жаңа ситуацияға қолдану. Практикалық сабақтарда оқытушы үшін студенттермен тікелей және қарым-қатынас жасауға, олардың креативтілігін қалыптастырудағы белсенділігін арттыруға, студенттермен жекелеп және топтап жұмыс істеуге, техникалық құралдарды, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалануға мүмкіндік және қолайлы жағдайлар туады.
Практикалық сабақтың міндеті – алдын ала істелген тапсырмалардың арқасында студенттердің теориялық материалды түсінуі үшін дәрістегі тақырып бойынша есептер шығару, шығармашылық деңгейдегі тапсырмаларды орындау. Болашақ физика мұғалімдерінің креативтілігін қалыптастыру мақсатында оптика пәні бойынша тақырыптық есептерді шығаруда компьютерлік бағдарламалар қолданылынды. Шығармашылық сипаттағы тапсырмалар орындалды. Есептерді шығаруда және тапсырмаларды орындауда студенттердің деңгейлері есепке алынды.
Зертханалық сабақтардың негізгі мақсаты: теориялық білімді өз бетінше тәжірибеде қолдана алу, жаңа нәрсені тани білу, өзіндік ізденушілікті дамыту, креативтілікті қалыптастыру. Зертханалық сабақтардың нәтижесі: өз бетінше эксперименттік жұмыстарды жасай алу, білімді жаңа нәрсені жасай алуға жұмсау, креативті қалыптасқан тұлға.
Физика – эксперименттік ғылым болғандықтан, физикадан өтілетін оқу эксперименті студенттердің физика бойынша алатын білімдерінің көзі және физикалық құбылыстарды зерттеудің әдісі, физика сабақтарындағы басты көрнекілік болып есептелінеді. Зертханалық жұмысты орындағанда студенттер физикалық құбылыстарды өздері бақылайды, тексереді, заңдылықтарын зерттейді, қайта жасайды, сандық және сапалық қасиеттерін байқайды, өлшеулерді жүргізеді, өз бетінше қорытынды жасауға үйренеді. Зертханалық эксперимент оқытудың ең әсерлі және нәтижелі әдістеріне жатады.

Әдебиеттер


1. Алимбекова Г.Б. Физика мұғалімінің кәсіби даярлығын ғылыми ұғымдар жүйесін қалыптастыру негізінде жетілдіру. -Алматы, 2019.
2. Керімбаев Н.Н. Физика саласында білім беруді ақпараттандыруды дамытудың ғылыми-теориялық негіздері. Алматы 2010.
3. Мошқалов А.Қ. Студенттердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде өзін-өзі шығармашылықпен дамытуы: PhD дис...- Алматы,2013.
4. Разумовский В. Г. Методология совершенствования преподавания физики// Физика в школе.- 1983.- №3.- С. 10-17.
5. Лаптев В.В. Современная электронная техника в обучении физике в школе. - Л., 1988.
6. Алимбекова Г.Б. Эксперименттік есептерді шығару жолдары мен әдістемесі. –Алматы, 2019.
7. Алимбекова Г.Б. Жоғары мектепте оқыту үдерісін ұйымдастырудың ғылыми негіздері. Оқулық. –Алматы,2015.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет