D) 32 км/сағ; 3 км/сағ; E) 34 км/сағ; 4 км/сағ.
9. Моторлы қайық өзен ағысымен 40 мин, ағынға қарсы 1 сағат жүзіп, осы уақытта барлығы 37 км жол жүрді. Егер өзен ағысының жылдамдығы 1,5 км/сағ болса, онда қайықтың тынық судағы жылдамдығы қандай?
A) 20 км/сағ; B) 25 км/сағ; C) 22,5 км/сағ; D) 24,5 км/сағ; E) 20,5 км/сағ.
10. Катердің тынық судағы жылдамдығы 20 км/сағ. Ол 3 сағатта ағынға қарсы 36 км, ал ағынмен 22 км жол жүрді. Өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.
A) 1 км/сағ; B) 2 км/сағ; C) 3 км/сағ; D) 2,5 км/сағ; E) 1,5 км/сағ.
11. Өзен ағысының жылдамдығы 2,2 км/сағ. Катердің өз жылдамдығы 15,3 км/сағ. Егер өзен ағысымен 3 сағат, ал өзен ағысына қарсы 4 сағат жүрсе, онда катер қандай жол жүргені?
A) 122,5 км; B) 91,7 км; C) 107,1 км; D) 52,5 км; E) 104,9 км.
12. Қайық су ағысымен 60 км жүзіп, барған жерінде жарты сағат аялдап, кері қайтты. Барлық жолға және аялдауға 5 сағ уақыт кетті. Қайықтың меншікті жылдамдығы 27 км/сағ болса, су ағысының жылдамдығы қандай?
A) 2,5 км/сағ; B) 2 км/сағ; C) 3 км/сағ; D) 5 км/сағ; E) 4 км/сағ.
13. Автомобиль А қаласынан В қаласына 80 км/сағ жылдамдықпен барып, 60км/сағ жылдамдықпен қайтып оралды. Барлық жолға 14 сағ уақыт жұмсалса, екі қаланың арасы неше км?
A) 560 км; B) 480 км; C) 420 км; D) 360 км; E) 340 км.
Достарыңызбен бөлісу: |