«Физика математика және ақпараттық жүйе» бөлімі


Ықтималдықтың статистикалық анықтамасы



бет8/16
Дата06.01.2022
өлшемі270,78 Kb.
#13367
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
ықтималдық курсовой

Ықтималдықтың статистикалық анықтамасы

Қандай да бір оқиғаның ықтималдығын анықтау үшін оның орындалу жиілігін санау керек.

Жүргізілген n экспериментте берілген оқиға қанша рет орындалғанын абсолюттік жиілік көрсетеді.

Эксперименттің қандай үлесінде оқиғаның орындалғанын салыстырмалы жиілік не жиілік көрсетеді, ол абсолюттік жиіліктің эксперимент санына қатынасы.

= (9)

Оқиғаның орындалу жиілігі мен ықтималдығын ажырата білу керек. Ықтималдық туралы сөз болғанда n – барлық оқиғалар саны, m – қарастырып отырған оқиғаның орындалу саны. Ал жиілік жайлы айтылғанда, n – барлық жүргізілген тәжірибе саны, ал m – оқиғаның пайда болу саны.

1-мысал. Жәшіктегі 20 шардың 15-і ақ түсті болсын, онда жәшіктен алынған шар ақ болу ықтималдығы = тең болады. Егер осындай 10 тәжірибе жүргізіліп ақ шар 7 рет шықса, онда ақ шардың шығу жиілігі тең болады.

Басқаша айтқанда оқиғаның жиілігі статистикалық ықтималдық деп аталады. Осы екі әр түрлі ұғымдардың тәуелділігі үлкен сандар заңы деп аталады. Мұнда кездейсоқ оқиғаның ықтималдығы ретінде көптеп жүргізілген тәжірибенің салыстырмалы жиілігін алуға болады. Тәжірибе неғұрлым көп жүргізілсе жиілігі бойынша оқиғаның ықтималдығын соғұрлым нақты анықтауға болады.

2-мысал. Ойын сүйегі 50 рет лақтырылды. Эксперименттің нәтижелерін кестеге енгізейік. Абсолюттік және салыстырмалы жиіліктерді есептейік.



Құрылған кестені пайдаланып абсолюттік және салыстырмалы жиіліктердің қасиеттерін анықтау керек.

Шығу

Абсолюттік жиілік

Салыстырмалы жиілік

1 ұпай түсті

9

0,18

2 ұпай түсті

6

0,12

3 ұпай түсті

8

0,16

4 ұпай түсті

11

0,22

5 ұпай түсті

9

0,18

6 ұпай түсті

7

0,14

Эксперименттің барлық саны

50

1


1-қасиет. Абсолюттік жиіліктің қосындысы эксперимент санына тең.

2-қасиет. Салыстырмалы жиіліктің қосындысы 1-ге тең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет