Физика, математика және ақпараттық технологиялар



бет18/78
Дата15.10.2023
өлшемі247,05 Kb.
#115185
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   78
Байланысты:
УМКД ТКО (1)

Оқыту технологиясына тән белгiлер:

  • негiздiлiгi (кез келген технологияның өзiндiк философиясы, өзiндiк тұжырымдамасы болуы шарт);

  • жүйелiлiгi (құрылымдық элементтерiнiң бiртұтастығы);

  • басқарылмалылығы (оқыту процесiн бастан-аяқ жоспарлап, нәтижесiн тесеруге болатындығы);

  • тиiмдiлiгi (қысқа мерзiмде аз шығынмен жоғары нәтижеге қол жеткiзу мүмкiндiгi).

Педагогикалық технологияға қатысты мәселелер жан-жақты зерттелуде. Өздерiнiң қомақты ой-пiкiрлерiмен салмақты орын алып отырған В.П.Беспалько, М.В.Кларин, Г.К.Селевко, М.А.Чошанов, В.В.Давыдовтар технологияның түрлерiн саралауда түрлi бағыттар ұсынады. Солардың iшiнде педтехнологияны түбегейлi зерттеген ғалым Г.К.Селевко білім беру технологияларын төмендегідей топтайды:
-қолдану өрiсiне қарай: жалпыпедагогикалық, жекепәндiк, модульдiк, тарәдiстемелiк;
-мазмұны мен құрылымына қарай: оқыту (тәрбиелеу), зайырлы (дiни), жалпыбiлiмдiк (бағдарлы), гуманитарлық (технократиялық), монотехнологиялық, политехнологиялық, аралық;
-ұйымдастыру түрiне қарай: сыныптық-сабақтық (альтернативтiк). академиялық (клубтық), жеке (топтық), ұжымдық оқыту тәсiлi, саралап оқыту.
Дегенмен, бiр ғана бағытпен шектелетiн монотехнология болмайтыны ақиқат. Кез келген технологияға кешендiлiк тән. Бiрақ өзiнiң таңдаған басым бағытына орай олардың арасында өзгешелiк те сақталады, соған cай белгiлi бiр атауға ие болады. Сонымен, технология – жеке тұлғаны дамытуға негiзделген мақсатты педагогикалық жүйе. Технологияны қолдануда мұғалiм шеберлiгi ерекше мәнге ие. Оның кәсiби шеберлiгi мен оқытудың қандай әдiс-тәсiлдерiн таңдауы ғана технологияның ұтымды болуына алғышарт жасайды.
педагогикалық технология салалық және локальдік деңгейлерде қолданылу болып бөлінеді.
Салалық (пәндік) − бір пән шеңберіндегі оқыту мен тәрбие мазмұнын жүзеге асыруға негізделген әдістер мен құралдар жиынтығы.
Локальдік (модульдік) жеке әрекеттер технологиясы ұғымын қалыптастыру, дара қасиеттерді қалыптастыру және дамыту технологиясы, жаңа материалды меңгерту технологиясы, қайталау және бақылауды ұйымдастыру технологиясы, жеке жұмысты ұйымдастыру технологиясы болып іштей жіктеледі.
Оқытуда тиімділік танытатын педагогикалық технологияларды iрiктеу мен жүйелеудiң мынадай критерийлерi айқындалған:

  • технологиялардың оқыту талаптарымен үндес болуы;

  • технологиялардың білім алушылардың мүддесiне басымдылық беруі;

  • технологиялардың оқыту деңгейлерінің кез келгенiнде қолдануға қолайлылығы;

  • технологиялардың бiлiм сапасын арттыруға ықпалының айқын болуы;

  • технологиялардың студент бiлiмiн объективтi бағалаудағы тиiмдiлiгi;

  • технологиялардың студенттің әрекетiн белсендiруге ықпалын тигiзетiндiгi

Педагогикалық технологияның негізгі мақсаты – білім алушылардың даралық тұлғасын дамыту деп санаймыз. Енді осы ұғымға тоқталатын болсақ, педагогикалық технология техникалық және адами ресурстарды ескере отырып оқыту және білімді меңгерудің барлық үдерісін анықтап құру және қолданудың жүйелі әдісі, сонымен бірге білім берудің жолдарын айқындаудың бірі ретінде қарастырады.
Педагогикалық технологияның басты ерекшілігі оқу үдерісінің қойылған мақсатқа жетуге кепілдік беретіндігінде. Педагогикалық әдебиеттерде «педагогикалық технология» ұғымы үш бағытта қолданылады:

  1. жалпы педагогикалық деңгей – белгілі бір аймақтағы, оқу орнындағы білім беру үдерісін сипаттайды;

  2. жеке пәндік - әдістемелік деңгей – жеке пән әдістемесі ретінде қолданылады;

  3. элементтік (бөлімді) модельді деңгей - оқу-тәрбие үдерісінің жекелеген бөлігінің технологиясы ретінде қарастырған. Белгілі ғалым - әдіскер В.М. Монахов «Педагогикалық технология бұл оқушы мен мұғалімнің оқу үдерісін жобалап және ұйымдастыруға бірігіп қызмет етуіне қолайлы жағдай туғызатын, әбден ойластырылған педагогикалық ісәрекетінің үлгісі»-, деп тұжырымдайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет