Физика, математика және цифрлы технологиялар жоғары мектебі «математика» мамандығының 3-курс студенті Аблякиева Анеляның



Дата20.05.2022
өлшемі15,63 Kb.
#35188
түріДиплом
Байланысты:
пікір Анеля


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің
Физика, математика және цифрлы технологиялар жоғары мектебі «математика» мамандығының 3-курс студенті Аблякиева Анеляның
«5-6 сынып математика курсында «Логика элементтері» тақырыбын оқыту әдістемесі» тақырыбына жазылған дипломдық жұмысына

Сын пікір


Білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқу орындарында толыққанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген ұрпағымыздан болашақта жақсы маман, білімді азамат шығарыу болып табылады. Сондықтан әрбір оқушының біліктілігін көтеру мен шығармашылық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогигалық технологиялардың мәні зор. Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеруіне, инновациялық жетілуіне мүмкіндік береді.


Аблякиева Анеляның дипломдық жұмысында логикалық есептерді шешу барысында математика сабақтарында жаңа технологияның түрлері мен әдістері теориялық тұрғыда зерттелген, логикалық есептерді шешу кезінде әр түрлі технологияларды қолдану бойынша әдістемелері қарастырылған. Бірінші бөлімде Анеля оқудың педагогикалық технологияларына сипаттама берген және математика пәнін оқытуда жаңа технологиялық тәсілдерді қолданудың тиімділігін зерттеген.
Ал «Негізгі мектептегі математикалық логика элементтерін оқыту әдістемесі» атты екінші бөлімде логикалық есептердің мазмұны және оны шешу жолдарын зерттеген. Соның негізінде логика элементтерін оқытуда жаңа технологияларды қолданудың маңызды болатындығын анықтаған.
Зерттеу барысында автор пeдaгoгикaлық - пcихoлoгиялық әдeбиeттepгe тeopиялық жәнe ғылыми - әдіcтeмeлік тұpғыдa тaлдaу жacaп, пcихoлoгтap мeн пeдaгoгтapдың oзық тәжіpибeлepін зepттeп, мәтінді есептерді шешуде сабақта әр түрлі жұмыс түрлерін ұйымдастыру және қолдану бойынша ұсыныстар берген.
Аблякиева Анеляның дипломдық жұмысы аяқталған және жоғары оқу орындарының талаптарына сай жазылған, жұмысты « » деп бағалауға, яғни болады.

Пікір беруші:

п.ғ.к., І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің доценті, п.ғ.к. Алдабергенова А.О.


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің


Физика, математика және цифрлы технологиялар жоғары мектебі «математика» мамандығының 4-курс студенті Аблякиева Анеляның
«5-6 сынып математика курсында «Логика элементтері» тақырыбын оқыту әдістемесі» тақырыбына жазылған дипломдық жұмысына
Пікір

Парасатты да саналы азамат болу үшін бүгінгі таңдағы жас ұрпақтың білімін терең әрі жан-жақты болғанына не жетсін. елбасы 2030 жылға арналған бағдарламасында жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, оны дамытудың ерекшелігі айтылған. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияның түрін, қолдану ерекшелігін ендіруді міндеттеп отыр. Ал инновация дегеніміз- белгілі бір жүйедегі ішкі өзгерістер. Педагогикалық инновация дегеніміз- педагогикалық жүйедегі жаңашылдық.


Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі. Демек, әрбір сабақ - оқу үрдісіндегі шешуші буын, сондықтан ол- оқытуды жетілдіру, қажетті түрлендірулер мен мақсатты нәтижеге жетуді ойластыратын орталық, сонымен бірге жоғары шеберлікті үнемі қажет ететін, дамуды керек ететін, даму үстіндегі сапалы оқуды іздестіретін үрдіс. Осыған орай, оқыту барысында әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп практикасына енгізілуде.
Аблякиева Анеля «Мектептегі математикалық логика элементтерін оқытудың педагогикалық – психологиялық негізі» атты бірінші бөлімде оқудың педагогикалық технологияларына сипаттама берілген, сонымен қатар математика пәнін оқытуда жаңа технологиялық тәсілдерді қолданудың тиімділігі айқындауға тырысқан.
«Негізгі мектептегі математикалық логика элементтерін оқыту әдістемесі» атты екінші бөлімде Анеля логикалық есептердің мазмұны және оны шешу жолдары қарастырған.
Сонымен бірге Анеля өз зерттеу жұмысында логикалық есептерді шешуде жаңа технологияларды қолданудың маңызы анытауға тырысқан.
Дипломдық жұмыс толық аяқталған, ойдағыдай тәмәмдалған. Зерттелген жұмыс негізгі сұраныстарға толығымен сәйкес дипломдық жұмыс жасалды және қорғауға жіберілді.
Пікір беруші: Ғылыми жетекші п. ғ. к. Бекболғанова А.Қ.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет