Физика нұсқау



бет1/2
Дата26.12.2023
өлшемі81,86 Kb.
#143893
  1   2
Байланысты:
2 n s a- ZHMB


ФИЗИКА

Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі».
1. Тербеліс теңдеуі x = 0,03cos2πt болса, циклдік жиілігі
A) 2π рад/с
B) 2 рад/с
C) 2πt рад/с
D) πt рад/с
E) 0,03 рад/с

2. Жел двигателінің қалақшалары 2 мин-та 60 айналым жасайды. Қалақшалардың айналу жиілігі
A) 120 с-1
B) 30 с-1
C) 0,5 с-1
D) 0,2 с-1
E) 2 с-1

3. Мұз ерігенде жылу ...
A) жұтылады
B) алдымен бөлінеді, содан соң жұтылады
C) бөлінеді
D) алдымен жұтылады, содан соң бөлінеді
E) өзгермейді

4. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтауға арналған құралдар
1. ареометр. 2. шашты гигрометр. 3. конденсациялық гигрометр.
4. психрометр. 5. акселерометр.
A) 1,4,5.
B) 1,2,3,4.
C) 2,3,4.
D) 1,3,4.
E) 2,3,4,5.

5. Магнит өтімділігі < 1 болатын заттар
A) ферриттер
B) диамагнетиктер
C) ферромагнетиктер
D) парамагнетиктер
E) темір қоспалары

6. Жарық сәулесінің жазық айнаға түсу бұрышы 200. Егер түсу
бұрышын 100 - қа арттырсақ, шағылу бұрышы
A) 300
B) 400
C) 500
D) 100
E) 200

7. Серіппелі тапаншадан вертикаль жоғары атылған массасы 100 г шарик 2 м
биіктікке көтерілді. Егер пистолеттің серіппесі 5 см-ге сығылған болса,
оның қатаңдығы
A) 600 Н/м
B) 800 Н/м
C) 120 Н/м
D) 1800 Н/м
E) 1600 Н/м

8. Салмақсыздық күйде
A) денеге ешқандай күш әсер етпейді
B) дене салмағы 0-ге тең болады
C) ауырлық күші 0-ге тең болады
D) дене массасы артады
E) дене массасы 0-ге тең болады

9. Массасы 200 г дененің жылдамдығы 5 с ішінде 15 м/с-тан 20 м/с-қа дейін өзгерген. Денеге әсер еткен күш
A) 0,2 Н
B) 2 Н
C) 50 Н
D) 0,5 Н
E) 100 Н

10. Бір атомды идеал газға тұрақты қысымда жылу бергенде газ 900 Дж жұмыс жасаса, газға берілген жылу мөлшері
A) 3,35 кДж
B) 1,35 кДж
C) 2,25 кДж
D) 2,55 кДж
E) 1,8 кДж

11. Массасы 4 кг, мольдік массасы 3·10-3 кг/моль, температурасы 400 К, газдың қысымы 150 кПа болатын, газбен толтырылған ыдыстың көлемі
(R = 8,31 Дж/моль·К)
A) 40 м3
B) 45 м3
C) 30 м3
D) 50 м3
E) 55 м3

12. Ток күші 0,1 с-та 0-ден 10 А-ге дейін бірқалыпты өзгергенде, өздік индукцияның ЭҚК-і 60 В-қа жетті. Катушканың индуктивтігі
A) 0,3 Гн
B) 0,6 Гн
C) 0,2 Гн
D) 0,5 Гн
E) 0,4 Гн

13. Сұйық ішінде орналасқан 0,8 нКл зарядтан 2 см қашықтықта өрістің кернеулігі 9 кВ/м. Сұйықтың диэлектрлік өтімділігі
(k = 9·109Н·м2/Кл2)
A) 5
B) 2
C) 6
D) 4
E) 3

14. Электр сыйымдылығы 0,8 мкФ конденсатордың электр өрісінің кернеулігі
1000 В/м. Егер оның астарларының арасындағы арақашықтық 1 мм болса, онда конденсатордың электр өрісінің энергиясы
A) 8·10-6 Дж
B) 8·10-9 Дж
C) 4·10-5 Дж
D) 4·10-7 Дж
E) 4·10-3 Дж

15. Ауадан шыныға өтетін жарық сәулесінің түсу бұрышы 450 ал сыну бұрышы 300 болса, жарықтың шыныдағы таралу жылдамдығы
(sin 450= 0,7; sin300=0,5; с=3·108 м/с)
A) 214 000 км/с
B) 300 000 км/с
C) 150 000 км/с
D) 250 000 км/с
E) 200 000 км/с

16. Фотоэлектрондардың максимал жылдамдығы түскен жарықтың
A) түсу бұрышына тәуелді
B) шағылу бұрышына тәуелді
C) интенсивтігіне тәуелді
D) жиілігіне тәуелді
E) жылдамдығына тәуелді

17. Моторлы қайық 300 км қашықтықты өзен ағысымен 10 сағ-та, ал өзен ағысына қарсы 12 сағ-та жүзіп өтсе, онда оның тынық судағы жылдамдығы
A) 35 км/сағ
B) 25 км/сағ
C) 40 км/сағ
D) 27,5 км/сағ
E) 30 км/сағ



18. Массасы m, жылдамдықпен қозғалып келе жатқан шар массасы дәл сондай тыныштықтағы шармен соқтығысады. Абсолют серпімсіз соқтығысудан кейінгі жүйенің кинетикалық энергиясы
A) 0
B)
C)
D)
E)

19. 4 л ыдыстағы температурасы 127ºС газдың қысымы 4,15 кПа болса, газ молекуларының саны (k =1,38∙10-23 Дж/К)
A) ≈9∙1025
B) ≈6∙1025
C) ≈12∙1025
D) ≈1∙1021
E) ≈3∙1021

20. Протон мен α-бөлшек, индукция сызықтарына перпендикуляр, біртекті магнит өрісіне ұшып кіреді. Олардың жылдамдықтары бірдей болса, онда бөлшектер сызатын шеңберлер радиустарының қатынасы (α-бөлшектің заряды протон зарядынан 2 есе, ал массасы 4 есе артық)
A) .
B) .
C) 1.
D) 2.
E) 4.










Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет