Физика пәні бойынша мектеп оқушыларының олимпиада аралық тапсырмасы.
9 сынып. Әрбір 1-10 тапсырмасына 4 нұсқалық жауап беріледі, олардың ішінде тек 1 нұсқасы ғана дұрыс. Дұрыс жауаптың нөмірін кестеге жазу қажет. 1. Егер су ағысымен жүк кеменің жылдамдығы тәулігіне 600 км, ал су ағысына қарсы тәулігіне 336 км. болса, өзендегі су ағысының жылдамдығы қандай болғаны.
1) 42 км/сағ
2) 8 км/сағ
3) 55 км/сағ
4) 5,5 км/сағ 2. Екі автокөлік шоссе бойымен қозғалады: біріншінің жылдамдығы υ, ал екіншісінің жылдамдығы (-3 υ) - ге тең. Екінші автокөліктің жылдамдығының модулі біріншіге қарағанда
1) 4 υ- ге тең
2) 3 υ – ге тең
3) 2 υ – ге тең
4) υ – ге тең 3.Бір тәуліктің ішінде бамбук 86,4 см-ге өседі. Ал бір секундтың ішінде ол қаншаға өседі?
1) 0,01 мм
2) 0,5 см
3) 1 см
4) 10,1 см 4. Рычаг F1=4 H және F2 күштердің әсерінен тепе – теңдікте тұр. Егер иіндері ℓ1=15 cм, ℓ2=10 см болса, онда F2 күші неге тең болады?
1) 2,7 Н
2) 6 Н
3) 4 Н
4) 0,1 Н 5. Көлемі 1 литр сумен толтырылған пластикалық пакет судың ішіне толық батырылған. Оған қандай ығыстырушы күш әсер етеді.
1) 9 Н
2) 10 Н
3) 0 Н
4) 1 Н 6. Судың қайнау температурасы қандай жағдайға тәуелді болады
1) жылытқыштың қуатына
2) атмосфералық қысымға
3) су жылынатын ыдыстың затына
4) судың бастапқы температурасына 7. Сұйықтықтар буға айнала алады
1) кез келген сыртқы жағдайлар кезінде
2) оның қайнау температурасына жақын температурасында
3) тек қана қалыпты атмосфералық қысым кезінде
4) тек қана төмен қысым кезінде 8. Ағаш пен металл қандай температурада бірдей қыздырылған болып көрінеді?
1) кез келген
2) 1000С
3) 36,60С
4) 00С 9. Заттың ішкі энергиясы балқыту процессінде қалай өзгереді?
1) өзгерілмейді
2) бір кристаллдар үшін артады, басқалары үшін азаяды
3) артады
4) азаяды 10. Тізбектің бөлігі тізбектей қосылғанкедергілері 1 Ом, 2 Ом, 3 Ом, 4 Ом – тең
4 резистордан құралған. Жалпы кедергіні 3 есе рет арттыру үшін, осы тізбек бөлігіне қосылған 5-ші резистордың кедергісі қандай болу керек?
1) 1 Ом
2) 4 Ом
3) 20 Ом
4) 30 Ом
11, 12, 13 есептердің толық шығарылуын көрсетіңіз және сан мәнін өлшем бірлігімен бірге жауап кестесіне еңгізіп жазыңыз. 11. а=0,4 м/с2үдеуімен қозғалатын автокөлік S=100 м ара – қашықтық өтеді. Егер автокөліктің осы ара – қашықтықтағы орташа жылдамдығы υорт=36 км/сағ болса, оның бастапқы және соңғы жылдамдығы қандай болады. 12. U – пішінді тітікке тығыздылығы ρ0=1,2 г/см3 сұйықтықты құйды. Содан соң тітіктің сол буынына тығыздығы ρ1=1,0 г/см3суды, ал оң буынына тығыздығы ρ2=0,9 г/см3 майды құйды. Су деңгейінің биіктігі h1=24 см, ал май деңгейінің биіктігі h2=20 см – ге тең. Егер сұйықтықтар бір - бірімен араласпаса, түтіктің буынында су мен май деңгейінің айырмасы қандай болғаны. 13. Калориметрде температурасы 00С мұз және су бар. Мұз және судың массалары бірдей 500г тең. Калориметрге температурасы 500С – ға тең 1 кг су құяды. Калориметрде қандай температура болады?