Оқу бағдарламасы білім алушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің мазмұнын және олардың білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады. Бiлiмнің базалық мазмұны ұлттық және әлемдiк мәдениеттiң негiзгi құндылықтары мен жетiстiктерiн, адамның жалпы дүниетанымдық ұстанымдарын анықтайтын және білім алушының интеллектуалдық және жалпы мәдени дамуына, олардың әлеуметтiк және функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға жағдай жасайтын iргелi ғылыми идеялар мен фактiлердi қамтиды. Базалық мазмұн жалпы бiлiм беру деңгейлері мен оқу 5 пәндерiнiң сабақтастығын қамтамасыз етедi, білім алушыларға бiлiмiн әрі қарай жалғастыруға мүмкiндiк бередi. Бағдарлама практикадан теориядан өтуге негізделген, білім алушылардың негізгі игерген білімдерін тәжірибеде көбірек қолдануға бағытталған. Оқу бағдарламалары білім беру құндылықтарының өзара байланысы мен өзара шарттылығына негізделген тәрбиелеу мен оқытудың біртұтастығы қағидатын және нақты пәнді оқу мақсаттарының жүйесі бар, мектепті бітіргеннен кейін нәтижелері іске асыруға мүмкіндік береді. Оқу бағдарламасында адамның табиғатпен өзара қарым-қатынасы, адамның Әлемдегі және планетадағы орны, өмірдің мәні туралы мәселелер, сондай-ақ білім алушыларға білім беруде және тәрбиелеуде үлкен мәні бар лабораториялық және практикалық жұмыстар маңызды орын алады.
7-9-сыныптардағы физика курсын оқытудың мақсаты - білім алушылардың ғылыми дүиетанымдық негіздерін, әлемнің жаратылыстанымдық-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауын, өмірде маңызды практикалық мәселелерді шешуде табиғат құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру 7-9-сыныптарына арналған «Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының негізгі міндеттері: 1) білім алушылар әлемнің қазіргі физикалық бейнесінің негізінде жатқан іргелі заңдылықтар мен принциптер туралы білімді, табиғатты танудың ғылыми әдістерін меңгеру; 2) білім алушылардың зияткерлік, ақпараттық, коммуникативтік және рефлективтік мәдениетін дамыту, физикалық экспериментті орындау және зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын дамыту; 3) оқу және табиғат құбылыстарын зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу; 4) табиғат ресурстарын пайдалануда және қоршаған ортаны қорғауда, адамды және қоғамды қауіпсіз өмір сүрумен қамтамасыз етуде меңгерген дағдыларды қолдану болып табылады [1]. «Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 7-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты; 8-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты; 9-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды. Оқу пәнінің мазмұны 8 бөлімді қамтиды: физикалық шамалар мен өлшеулер; механика; жылу физикасы; электр және магнетизм; геометриялық оптика; кванттық физика элементтері; астрономия негіздері; әлемнің қазіргі физикалық бейнесі. Білім алушылар бастауыш сыныптан бастап бұл бөлімдердің кейбір ұғымдарымен таныс. 7-сыныпқа арналған «Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында табиғат құбылыстарын қарастырады, физиканың негізгі заңдарымен танысады және осы заңдарды техникада, күнделікті өмірде қолдану деңгейінде оқытылады. Физика мен оның заңдары барлық жаратылыстану саласының өзегі екендігіне басты назар аударылады. Сондықтан, курстың ең маңызды міндеттерінің бірі – білім алушылардың әлемнің заманауи физикалық бейнесінің негізін және табиғатты танудың ғылыми әдістері туралы түсініктерін қалыптастыр