Физика пәнін оқытуда жаңа технолгиялық Әдістерді пайдалану



Дата08.12.2023
өлшемі24,99 Kb.
#134952

ӘОЖ 53:37.091.3


ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ


Авторы:Хадисова Шолпан Талғатқызы
ШҚО, Өскемен қаласы
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университетінің 1-курс магистранты
e-mail:sholpan.9820@mail.ru
Ғылыми жетекшілер: Ахметжанов Бейсен Калауович: С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі кафедрасының қауымдастырылған  профессоры, физика және технологиялар ғылымдарының кандидаты .
Ерболатұлы Досым :  С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі кафедрасының қауымдастырылған профессоры, физика және технологиялар ғылымдарының кандидаты .

Кіріспе



Оқу үрдісіндегі маңызды компоненттердің бірі - оқыту әдісі. Сабаққа дайындалар кезінде мұғалім оқушыларға жаңа материалды қалай ұсынатыны, балалар мұғалім берген білімді сәтті игеруі үшін қандай құралдарды қолданатыны туралы ойлануы керек. Физика табиғат туралы, табиғаттың заңдары туралы ғылым ретінде, мектеп қабырғасында ғылыми пән ретінде әрекет ете отырып, қоршаған әлем туралы білім жүйесіне айтарлықтай үлес қосады. Ол қоғамның экономикалық және мәдени дамуындағы ғылымның рөлін ашады, қазіргі ғылыми дүниетанымның қалыптасуына ықпал етеді. Ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру, физика пәнін оқу процесінде оқушылардың зияткерлік қабілеттері мен танымдық қызығушылықтарын дамыту мәселелерін шешу үшін дайын білімді беруге емес, қоршаған әлемді ғылыми тану әдістерімен танысуға, оқушылармен оларды шешу үшін тәуелсіз әрекеттерді қажет ететін мәселелерді шешуге бағытталған пән. Осы орайда, білім берудегі тұлғаға бағытталған тәсілдің үстемдігі тенденциясы физиканы оқытуды ұйымдастыруда да көрініс тапты. Оқытудың жаңа құралдары мен технологияларының пайда болуы, қолда бар оқыту әдістерін (дәстүрлі оқыту) жетілдіру ғылыми көзқараста физиканы оқыту әдістеріне қайта қарауға мәжбүр етті.
Физика мұғалімінің алдында білім алушылардың физикаға деген қызығушылығын ояту, білім алушылардың танымдық белсенділігін бағдарламалық материал арқылы ғана емес, заманауи тенденцияларға сәйкес дамыту міндеті тұр.
Мектеп курсында да, орта білім және жоғары оқу орындарында да кез – келген мұғалім өзін нақты бір білім көзі, сабақ беруші тұлға ретінде қарастырмауы керек. Мұғалім өзінің білім және оқу процесін ұйымдастырушы, сабақ берудегі тәрбие және білім мақсаттарына жеткізуші, ұйымдастырушы ретінде өзін жеке бір тұлға ретінде санауы керек. Мұғалім қойылған мақсатқа, оқу материалының, оқулықтың мазмұнына, оқушыларға арналған тапсырмаларға осы курс үшін қажетті оқу құралдарына сүйене отырып, оқытуды ұйымдастырудың неғұрлым тиімді нысандарын таба отырып, оқу-тәрбие процесін құрады.
Білім берудің негізгі міндеті: қоршаған ортада болып жатқан құбылыстар мен процестердің оқушылар санасындағы біртұтастығын қалыптастыру. Бірақ бұл мақсатқа жету қиынға түседі, себебі барлық мектеп курсын қамтыған жалпы ғылыми зерттеу әдісі жоқ.
Зерттеу әдістерін, ғылыми, пәнаралық, интегративті әрекет жасау арқылы оқушының жалпы ғылыми ойлауын, көзқарасын қалыптастыру негізінде бұл мәселені шешуге болады.
Ойлау стилі ойлау мәдениеттілігін, сонымен қатар дүниетанымдық көзқарасты анықтайды. Мектепте «модель», «жүйе», «ақпарат», «топтастыру», «қалыптастыру», «информатика және есептеуіш техника» тәрізді негізгі ұғымдар меңгеріледі. Білім беру саласында жаңа ақпараттық технологиялардың енуі мұғалімнің ойлау стилін, оқыту әдістемесін өзгертеді. Ал физика мен информатиканың пәнаралық байланысы информатика пәнінен эксперименттік жобалау мен есептерді шешу құралы болып табылады. Информатика кибернетикадан (басқару принциптері туралы ғылым), ғылымның техникалық жетістігі ғылым комплексі түрінде ұсынылады. Физика сабағында компьютерді пайдалану оқу үрдісіне мұғалім мен оқушының оқудың жеке дара шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Физика-оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды. Оның мақсаты: жаңа ақпаратты дамыған қоғамда оқушыларды белсенді шығармашылық іс-әрекетке дайындау. Бұл мақсатқа жету үшін жаңа ақпараттық технологияларды сабақ беру процесіне енгізу қажет. Бұл оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру, білімді меңгеруінің тиімділігін жоғарылату үшін қолайлы жағдай тудырады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың жақсаруына байланысты білім беру мекемелерін компьютерлендіру қоғамның ең басты көкейтесті мәселесі болып табылады. Қазіргі кезде мектептерде 46% INTERNET жүйесіне қосылған, осымен шектелмей 2007 жылда бұл жүйені 81%-ға дейін жоғарылату көзделіп отыр. Егер бүгін 1 компьютермен 50 оқушы жұмыс істейтін болса, (ауылды жерлерде бұл пайыз көрсеткіші) келесі жылы бұл сан қысқармақ. Сонымен қатар дәстүрлі сабақ беруден спутник жүйесіне қосылып қашықтықтан білім алу іс жүзінде атқарылды. Жалпы білім беру стандарты әлемдік деңгейде болуды нысана етіп отыр (12 жылдық білім беру).
Ақпараттық инфрақұрылымның дамуы ақпараттық технологиялардың барлық салаларға енуі оқушыларға дәстүрлі емес түрде жан-жақты білім беруді талап етеді. Бірақ ең алдымен жоғары мамандандырылған мұғалім болуы қажет. Физика-информация пәні мұғалімі болғандықтан, бірнеше кіріктірілген ашық сабақтар, арнаулы курс сабақтары өткізілді. Бұл сабақтар оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған орта танымдық тұрғыдан зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзіне асырылады. Бұл сабақтар оқушының эмоционалды еріктілік қабілеттерін ішкі мүмкіндіктерін көрсетуіне, материяны түсінуге терең қолайлы жағдай жасайды. Кіріктірілген сабақтар тарауды қорытындылау кезінде, жаңа тақырыпты меңгеру кезінде тиімді болады.
Шығармашылық есеп беру сабақтарында жоғары сынып оқушылары компьютерлік тесттер құрастырады.
Бұл сабақтардың мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, дүниені танып, рухани байлық, мәдениетті бойына дарытуда өзінің жетістіктеріне сенімділігін тудыру.

Сабақ кезеңдері:



  • Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылық - оқушы мен оқытушының тәжірибедегі қисынды анықтаудағы басты түрі. Оқу үрдісінде оқушыларды ерікті, шын ниетпен әрекет жасауға бағыттаймыз. Тақырыптың мақсаты және оған жету міндеттері айқындалады.

  • Білімнің көкейтестілігі - өткен тақырыпты еске түсіру. Көзделген мақсат пен міндеттерді шешу жоспарын құрастыру. Оқушының тұрақ білімі негізінде қалыптасқан қабілетін іс-әрекетте белсенді жұмсауға негіздейді. Бұл этапта сабақтың мақсаты міндеті қалыптастырылады.

  • Жұмысты ұйымдастыру. Бұл мақсатқа жетудің бірнеше алгоритмдері ұсынылады, оқушылар оны өз еркімен таңдап алады. Есептің шығару алгоритмін оқушы өзі құрастырады.Мұғалім оқушыларды меңгерілген тақырыпты тәжірибеде өздігінен дамытуға бағыттайды.

  • Эксперимент.Жұмыста қолданылатын құралдар мен жабдықтарды қолдану технологиясын тәжірибеден өткізу.

  • Компьютерлік модель: модельдеу үшін информатикалық-физикалық модельдері біріктірілген электрондық кестені таңдау қажет. Кесте білімнің үш аумағын қамтиды: мәлімет, есептер, нәтиже.

Осындай кезеңге бөлінген сабақ оқушының біртіндеп компьютерлік экспериментке өтуіне ықпал жасайды. Әрбір физикалық шаманың параметрлерін өзгертіп оқушы алынған нәтижені зерттейді. Эксперимент нәтижесін график түрінде келтіруге болады. Бейнежазба экспериментті көрнекі және тартымды етеді, ал сабақтар оқушылардың білім алу орталығындағы танымдық, дамытушылық қабілетін нығайтады.
Физика сабағында оқушы физикалық құбылыстарды, табиғат заңдылықтарын зерттейді, есептер шығарады. Бұл құбылыстарды басқа параметрлермен (арнайы құрастырылған CD-ROM) зерттей тиімді болады. Физиканы информатикамен біріктіріп оқыту физика мен математиканы байланыстыра оқытудың негізінен өрбіген тиімді құндылық болып табылады.
Пәнаралық байланыс - ғылыми циклдағы физика сабағында жеке тұлғаны дамытудағы кешенде мәселе екені анық. Пәнаралық байланыстың негізгі үш бағыттары бар: пән бойынша алғашқы білім мен дағды, пән бойынша екінші білім мен біліктілік, осы білім мен дағдылардың бірлігі, оның оқу үрдісінде қолданылу өрісін кеңейтеді.
Осы біріктірілген курс оқушылардың қызығушылығын, дүниетанымын дамытудағы басты құрал болып табылады. Оқыту үрдісінде тәжірибе,нәтиже негізінде, біз, біріктіру ойлау үрдісінде дамытатын құрал деген ойға келіп тірелдік. Мұны бүгінгі қолданып жүрген тәжірибе көрсетіп жүр және оның болашағы шәкірт үшін қолайлы да нысаналы деп білеміз.
Тәжірибе алмасуға арқау болған тақырып төңірегіндегі ойларымызды түйіндей келе, басты нысана қорытынды ретінде 5-ші сыныпқа Iжарты жылдық арналған компьютерді пайдалану арқылы физиканы оқытудың күнтізбелік жоспарын ұсынамыз.





Тақырып

Компьютерлік программа

Сағат

1

2


3
4

5
6
7


8
9
10
11
12
13 14
15

Табиғат және адам. Физика табиғат туралы ғылым. Физика және техника.
Астрономия-аспан денелері туралы ғылым.
Ерте дүниедегі халық астрономиясы.
Физикалық эксперимент. Физикалық шама.
Зертханалық жұмыс.
Атомдар мен молекулалар. Диффузия.
Зертханалық жұмыс.
Механикалық қозғалыс.
Планеталардың қозғалысы.
Қозғалыс траекториясы.
Бір қалыпта және бір қалыпты емес қозғалыстар.
Жылдамдық. Жол.. Орын ауыстыру. Уақыт бірліктері.
Есептер шығару.
Инерция.
Тест.
Бақылау жұмыс.

«Физика в таблицах»
«Физика в таблицах»
«Открытая физика»
«Физика в таблицах»

1

1


1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
2
1

II. Қорытынды


Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет – оқушылардың шығармашылық білім дағдысын қалыптастыру. Білім берудің маңызды шарты оқу үрдісінде оқушылардың сабаққа қызығуын арттыру, өздігімен білім алуға құштарлығын таныту. Оқушыларды танымдық қабілетке жетелеу, олардың оқу еңбегін арттыру үшін дидактикалық материалдарды көбейту, күрделі физикалық есептерді шығару үшін, сұрақтарға жауап беру үшін негізгі формулалары мен заңдылықтарды пайдалана білуге үйрету. Оқушыларды физика пәнінің негізінен алынатын эксперименттік жұмыстарды бақылау және оларды сипаттайтын негізгі заңдылықтарды айқындау жөніндегі тапсырмаларды орындауын бақылау. Осылайша оқушының білім деңгейін саралау мақсатында қолданылып жүрген «жаңа педагогикалық технология» әдістеріне физика сабақтарында да орынды қолданып отыру керек.


Мектептің жоғарғы сатысындағы физика курстары негізгі ІХ – ХІ сыныптарда оқылатын жүйемен және сол мазмұнда жаңартылып, толықтырылып, оқушыға түсінікті де терең білім беретіндей болып қайта құрылғаны абзал, себебі көптеген зерттеулер, оқушылардың халықаралық физика олимпиадасы, осы кездегі физика курсының бағдарламасы дамыған елдердің бағдарламасына сәйкес келе бермейді. Сол себепті дарынды оқушыларды қарастырылып отырған бағыттар бойынша таңдау анықтау мақсатында диагностикалық зерттеулер жүргізіп, оқытуды іске асыру керек.
Қазіргі технологияны қолдану дегеніміз – келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР



  1. М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов «Орта мектепте физика оқыту әдістемесі». Алматы. «Рауан». 1998 ж.



  1. Қазақстан Республикасының Білім туралы, заңы. Астана 2000 ж.



  1. Ғ.Әкімбаева «Пән аралық байланыс», «Қазақстан мектебі» 1996 ж.



  1. Б.Тұрғанбекова, «Оқушының  шығармашылық қабілетін  дамыту», «Қазақстан мектебі» 1996 ж.





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет