«Физика» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары Жалпы 25 балл Білім алушының аты-жөні ________________________________________ 8 « » сынып 1.Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларына жатпайтын тұжырымды белгілеңіз. [1]
A) Молекулаларнемесе атомдардың жылдамдығы заттың тегіне байланысты болады;
B) Молекулалар немесе атомдар арасында тартылыс және тебу күштері әрекет етеді;
C) Барлық заттар өте ұсақ бөлшектерден – молекулалар мен атомдардан тұрады;
D) Заттың бөлшектері үздіксіз және бейберекет түрде қозғалады.
Металл білеушені балғамен жиі соққыласа да, ыстық суға салса да, ол қызады. Осы екі жағдайда білеушенің ішкі энергиясының қалай өзгеретінін түсіндіріңіз.
____________________________________________________________[1]
____________________________________________________________[1]
–530С және 1270С температура мәндерін Кельвинге ауыстырыңыз.
____________________________________________________________[1]
____________________________________________________________[1]
Жылу берілудің түрлерін олардың суреттерімен сәйкестендіріңіз [3]
Температурасы 970С, массасы 3 кг ыстық су берілген.
а) Қоспаның температурасы 570С-қа тең болу үшін, 370С температурадағы құйылатын судың массасын табыңыз. [5]
b) Суық судың алатын жылу мөлшерін есептеңіз. [2]
Суретте тағамды тез пісіруге арналған қазан берілген. Неліктен қазанда судың қайнау температурасы 1000C- ден жоғары болатынын түсіндіріңіз. [1]
Қайнау температурасындағы 600 г эфирді буландыруға 0,24 МДж энергия жұмсалған. Осы мәндерді қолданып эфирдің меншікті булану жылуын анықтаңыз. [2]
Суреттегі графикте заттың күйінің уақытқа байланысты өзгеруі көрсетілген.
а) Бұл график қандай зат үшін құрылғанын анықтаңыз. [1]
b) Кристалдану уақытын табыңыз. [1]
с) Графиктің АВ бөлігінде жүріп жатқан процесті анықтаңыз. [1]
d) Қанша уақытта зат қатаю температурасына дейін суыйтынын анықтаңыз? [1]
е) Графиктің DE бөлігін сипаттаңыз. [1]
f) Графиктің ВС бөлігінде жүріп жатқан процесті анықтаңыз. [1]