Дененің 40 с ішіндегі орташа жылдамдығын есептеңіз.
Өзеннің арғы бетіне өтпекші болған катер өзен ағысына перпендикуляр бағытта 4 м/с жылдамдықпен жүзеді. Егер өзеннің ені 800 м/с, ал ағыс жылдамдығы 1 м/с болса, катерді ағыс қанша метрге төмен қарай ығыстырады?
Шар А нүктесінен В нүктесіне дейін 1-суретте көрсетілгендей лақтырылды.
1- сурет
Шардың бастапқы жылдамдығының көкжиекпен жасайтын бұрышы 60°. Шар жылдамдығының вертикаль құраушысының t=0 c пен t=0,6 c аралығындағы уақытқа тәуелді өзгеруі 2 - суретте берілген. Ауаның кедергісі ескерілмейді.
2-суретті шар В нүктесіне жеткенге дейінгі уақытқа сәйкес мәндермен толықтырыңыз.
Шардың максимал көтерілу биіктігін есептеңіз.
Жылдамдықтың горизонталь құраушысының t=0 мезетіндегі мәнін есептеңіз.
А және В нүктелерінің L арақашықтығын есептеңіз:
2-суретті пайдаланып шар траекториясының лақтырылғаннан кейінгі 0,6 с мезетіндегі қисықтық радиусын анықтаңыз. Өз жұмысыңызды түсіндіріп, формулалармен дәлелдеңіз.