Идеал газ қысымының өрнегін пайдаланып, газ молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы төмендегідей формуламен өрнектелетінін қорытып шығарыңыз.
< 𝐸𝑘 >= 3 𝑘𝑇
2
Өз жұмысыңызды толық көрсетіңіз және қолданылған физикалық шамаларға түсініктеме
беріңіз.
Идеал газдың 2,0·105 Па қысымдағы тығыздығы 2,4 кг/м3және температурасы 300 К.
Газ атомдарының 300 К температурадағы орташа квадраттық жылдамдығын анықтаңыз.
Осы газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы (i) бөлімінде есептелген мәннен екі еселенетін температураны анықтаңыз.
Жердің гравитациялық өрісінің әсерін жеңіп, ұшып кетуі үшін гелий атомдары Жер атмосферасының ең жоғарғы қабатында шамамен 1,1 ∙ 104м/с жылдамдыққа ие болуы керек.
Осы атмосфераның жоғарғы қабатындағы температураның мәнін бағалаңыз. Гелий атомының массасы 6,6∙ 10−27кг.
Неліктен гелий атомдары (b) бөлімінде есептелген температурада Жердің тартылыс күшін жеңіп, ұшып кете алатындығын түсіндіріңіз.