«Физика» пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 10-сынып


«Динамика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет4/23
Дата18.10.2022
өлшемі1,43 Mb.
#43938
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
«Физика» п нінен б лім бойынша жиынты ба алау а арнал ан дісте

«Динамика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау





Оқу мақсаттары

10.1.2.1 Бірнеше күштің әрекетінен болатын дененің қозғалысына есеп шығарудың алгоритмдерін құру

        1. Бүкіл әлемдік тартылыс заңын есептер шығаруда қолдану

        2. Материалдық дененің инерция моментін есептеу үшін Штейнер теоремасын қолдану

        3. Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуін есеп шығаруда қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Бірнеше күш әрекет ететін дене үшін Ньютон заңдарын қолданады

  • Бүкіл әлемдік тартылыс заңының мағынасын түсіндіреді

  • Штейнер теоремасын есептер шығаруда қолданады

  • Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуін қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырмалар

  1. Ньютонның ІІ-заңын тұжырымдаңыз.

    1. Білеуше суретте көрсетілгендей жазықтық бойымен төмен қарай сырғанайды.




1-сурет



Жазықтықтың горизонтпен жасайтын бұрышы 200. Білеушенің массасы 65 кг. Білеушенің сырғанауы кезінде оған әрекет ететін үйкеліс күші F тұрақты болып қалады.

    1. Білеушеге әрекет ететін басқа екі күштің аты мен бағытын анықтаңыз

    2. Білеуше қозғалысы кезіндегі оның жылдамдығының уақытқа тәуелді өзгерісі 2- суреттегі графикте берілген.





      1. 2-суретті пайдаланып, білеушенің үдеуін анықтаңыз.




      1. Білеушеге әрекет ететін тең әрекетті күш мәнін есептеңіз.

(d) Білеушеге әрекет ететін F үйкеліс күшінің мәнін есептеңіз.

2.


  1. Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдаңыз.

  2. Планета Күнді айнала дөңгелек орбита бойымен қозғалған кезде оған центрге тартқыш күші әрекет ететінін ескере отырып, мына байланысты анықтаңыз: 𝑻𝟐~𝑹𝟑, мұндағы Т – планетаның Күнді орбита бойымен айналу периоды, R – орбита радиусы.

3. Массалары мен радиустары бірдей, бірдей материалдан жасалған шар мен сақина үйкеліссіз бірдей жылдамдықпен домалап барады. Шардың кинетикалық энергиясы сақинаның кинетикалық энергиясынан қанша есе аз?


Инерция моменті J = 63,6 кг ∙ м2 маховик тұрақты 𝜔 = 31,4 рад/с бұрыштық жылдамдықпен айналады. Маховик тежеуші момент әрекетінен 20 с-тан кейін тоқтаса, осы момент мәнін анықтаңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет