10.Өткізгіштер, жартылайөткізгіштер және диэлектриктер, олардың қасиеттері Өткізгіштер– электр тогын жақсы өткізетін, электр өткізгіштігі жоғары (меншікті кедергісі р=1/ төмен) заттар. Жақсы өткізгіштерге меншікті кедергісі (>104 – 106 ОмЛсм-1) заттар жатады. Меншікті кедергісі р>108 Ом•см заттар диэлектриктер деп аталады, меншікті кедергісі аралық мәнге тең заттарды шалаөткізгіштер дейді. Өткізгіштерге металдар, электролиттер және плазма жатады. Металдарда электр зарядын тасымалдаушылар – квазиеркін электрондар, электролиттерде – оң және теріс иондар, плазмада – еркін электрондар мен иондар. Металдар мен ток өткізетін көміртекті кейде 1-текті өткізгіштер, электролиттерді – 2-текті өткізгіштер деп атайды. Заттың өткізгіштігі температура/температураға және басқа бірқатар факторларға байланысты болғандықтан оның өткізгіш болуы немесе болмауы шартты нәрсе. Өте төмен температураларда металдардың көбі және кейбір шалаөткізгіштер асқын өткізгіштерге айналады; қ. Асқын өткізгіштер. Жартылай өткізгіштер — өзінің электрлік қасиеті жағынан өткізгіштер мен диэлектриктердің (мысалы, германий, кремний) арасынан орын алатын элементтер. Металдармен салыстырғанда жартылай өткізгіштер электр тоғын аз өткізеді, ол сәулелену кезінде жарық энергиясының ағымымен өзгере алады. Радиолампалармен салыстырғанда жартылай өткізгіштер құралдардың көлемі мен салмағы аз, электрлік және механикалық беріктігі жоғары болады, олар ұзақ уақыт қызмет ете алады және электр энергиясын аз пайдаланады. Осындай қолайлы қасиеттеріне орай жартылай өткізгіштерді әскери радиотехникалык аппаратураларда жиі қолданады.
Жартылай өткізгіштердің ерекшеліктері. Жартылай өткізгіштердің кәдімгі температурадағы электрөткізгіштігі металдардың электрөткізгішітігі мен салыстырғанда аз. Өте төмен температурада олар диэлектриктерге ұқсайды. Жартылай өткізгіштердің электрөткізгіштігі температура мен жарық әсерінен қатты өзгереді, яғни температура артып және жартылай өткізгіш неғұрлым қатты жарықталынса, оның электрөткізгіштігі де соғұрлым жоғары болады. Жартылай өткізгіштердің электрөткізгіштігі оның құрамына өте аз шамада қоспалар енгізу жолымен басқарылады.
Диэлектрик — поляризацияға қабілеттілігі негізгі электрлік қасиеті болып табылатын, металлдар мен шалаөткізгіштерге қарағанда электр тогын нашар өткізетін, үлестік электр кедергісі өте үлкен (ж = 10^6/10^16 Ом • м) қатты, сұйық және газ тәріздес заттар. Газ тәрізді диэлектриктер туралы негізгі мәліметтер Газ тәрізді диэлектриктерге барлық газдар және ауа жатады. Көптеген газдарды газ толтырылған конденсаторларда, жоғары кернеуліктегі ауа ажыратқыштарда және басқа электртехникалық қондырғыларда диэлектриктер ретінде қолданады. Ауа барлық электрлік қондырғыларды айнала қоршайды және диэлектрик сияқты олардың жұмысының сенімділігін анықтайды.
Сұйық диэлектриктер ретінде мұнайлы электризоляциялық майлар кең тарап отыр, олар үш топқа бөлінеді.
1. Трансформаторлар және жоғары вольтті ажыратқыштар үшін. 2.Конденсаторлардың қағаз изоляциясын сіңдіру үшін.
3. Жоғары вольтті кабельдер үшін.
Синтетикалық майларды сирек қолданады:
1.Совол. 2.Совтал. 3.Кремний органикалық сұйықтықтар.
Әрбір диэлектрик үшін диэлектрикті ойып-тесетін сыртқы электр өрісі кернеулігінің шектік мәні бар.[1]Поляризация түріне қарай диэлектрик екі топқа бөлінеді: активті және пассивті. Активті диэлектриктерге сегнетоэлектриктер, пъезоэлектриктер мен электриктер жатады. Қалған диэлектрик пассивті деп аталады.