«Салыстырмалы теорияның элементтері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары
11.7.1.2 - Эйнштейн постулаттары мен Лоренц түрлендірулерін есептер шығаруда қолдана отырып, релятивистік эффектіні түсіндіру;
11.7.1.3 - зарядталған бөлшектердің үдеткіштерінің жұмыс істеу принципін, оларда орын алатын релятивистік эффектіні ескере отырып түсіндіру;
Бағалау критерийі
Білім алушы
релятивистік эффект салдарынан массаның өсу үшін поезд қандай жылдамдықпен қозғалуы қажет екендігін анықтайды;
шапшаң қозғалатын бөлшектің өмір сүру уақытының ұзақтығы неше есе артатындығын анықтайды;
зарядталған бөлшектердің үдеткіштерінің жұмыс істеу принципіне сүйене отырып сипаттайды және қозғалыстағы зарядталған бөлшектің радиусы неліктен өзгеретіндігін
түсіндіреді;
Ойлау дағдыларының деңгейлері
Білу және түсіну Қолдану
Орындау уақыты Тапсырмалар
20 минут
Поезд массасы 3000 т. Массасы релятивистік эффект салдарынан 1 г-ға өсу үшін поезд қандай жылдамдықпен қозғалуы қажет екендігін анықтаңыз.
[3]
Лабораториялық санақ жүйесінде 0.99 с жылдамдықпен қозғалатын тұрақты емес бөлшектің өмір сүру уақытының ұзақтығы неше есе артады?
[2]
(а) Зарядталған бөлшектердің үдеткіштердегі қозғалысын сипаттаңыз.