«Физика пәнінен күрделі есептер шығару жолдары»



бет1/18
Дата19.07.2022
өлшемі1,54 Mb.
#37763
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
«Физика пәнінен күрделі есептер шығару жолдары»


«Физика пәнінен күрделі есептер шығару жолдары»
Оқушыларға, мұғалімдерге, талапкерлерге және студенттерге арналған көмекші құрал.
Жамбыл ауданы 2017-2018 оқу жылы


Жинастырған:
«Қарғалы №3 орта мектеп» КММ физика пәнінің мұғалімі Ақжолтай Ләйлә Нұрсұлтанқызы
Пікір жазғандар:
Қарымбаева П.К. - әдіскер, аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі
Әріпжанова Л.Ә. – «Тұрар Рысқұлов орта мектебі және МЖИ»КММ-ң оқу ісінің меңгерушісі


Физика пәнінен ҰБТ-ы есептерінің шығару тәсілі


Түсінік хат

Қазіргі кезде түлектер физика пәнін көп таңдайды, себебі олар техникалық мамандықтарына оқуға бара алатынын, көп гранттар берілетінін жақсы түсінеді. Сонымен қатар қазір физика есептерін үйренуде көп мүмкіндіктер бар, атап айтсақ, мысалы сайттар арқылы: Bilimland.kz, http://physics1.ucoz.net/, http://bilimsite.kz/phizika, http://www.physic.kz/, http://ustazbol.kz/main/phizika/page/3, infourok.ru/ phizika, https://sabaqtar.kz/phizika/, http://sanatez.net/scientist/, http://tutata.ru, http://uskz.org/publ/otkrytye_uroki/fizika, http://ustaz.kz/fizika, http://homefizika.narod.ru, tarbie.kz, http://sv-gold.ru/dir/shool/fizika, http://bilim-all.kz, ttps://surak.baribar.kz т.б. 


«Физика пәнінен ҰБТ-ы есептерінің шығару тәсілі» әдістемелік құрал ретінде ұсынылып отыр. Бұл жұмыста Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі, ұлттық тестілеу орталығы ұсынған кітапшадағы тапсырмалардан алынып шығарылған. Жинақ материалы тақырыптық қағида бойынша құрастырылған.
Оқу әдістемелік құрал оқушылар мен талапкерлердің ҰБТ мен кешенді тестілеуге дайындалуына көмек ретінде ұсынылады. Орта мектеп мұғалімдері тест жинағында кездесетін есептерге ұқсас есептерді шығару барысында оқушы білімін бақылауға пайдалана алады.
«Физика пәнінен ҰБТ-ы есептер жинағының шығару тәсілі» атты курсы 11 сынып оқушыларына арналған, бағдарлама бойынша сағат саны –34, аптасына 1 сағат.
Курстың мақсаттары:

  • физика пәніне және физикалық есептерді шығаруға қызығушылықтарын дамыту;

  • негізгі курста алған білім және біліктіліктерін жетілдіру;

  • физикалық есептердің берілу шарттары, оларды топтастыру және шығару әдістері мен амалдарын қалыптастыру.

Оқушыға есеп шығарып үйреткенде, есептерді шығаруда орындалу ретімен, физикалық құбылыстарға талдау, есептің шығарылуын дауыстап айту, алған жауабына талдау жасай білуіне, есептер мен жұмыс кезінде оқушылардың дүниетанымдық көз-қарастарына және әдістеріне: қоғамға қажеттілігіне және есептің берілуіне, физика тарихынан есептерге, есепті шығаруда математиканың рөліне, есепті шығаруда физикалық құбылыстардың жүйелі талдауымен таныстыруына және т.б. көңіл бөлу.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет