Білу: - материялық нүкте, жол, жылдамдық, тығыздық, күш, қысым, жұмыс, қуат, потенциалдық және кинетикалық энергия, күш моменті, геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйе ұғымдарын;
- физикалық шамалардың өлшем бірліктерін;
- жылдамдықты, тығыздықты, күшті, қысымды, жұмыс пен қуатты анықтау формулаларын, Гук, Архимед заңдарын, «Механиканың алтын ережесін» және физикалық тұрақты шаманы(g);
Түсіну: - физикалық құбылыстарды;
- жылдамдықтың, тығыздықтың, күштің, қысымның, жұмыс пен қуаттың физикалық мағынасын, механика заңдарын;
- физикалық құбылыстардың маңыздылығын;
Деңгейді тексеру үшін Көп таңдауы бар тапсырмалар (КТБ)және/немесе
Қысқа жауапты (ҚЖ)қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады
Қолдану
Қолдану: - процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі физикалық ұғымдар мен терминдерді;
- қолданбалы және оқу тапсырмаларын шешу, практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау барысында Гук, Архимед заңдарын, «Механиканың алтын ережесін» және «Механика» бөлімінің формулаларын;
- нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді;
- өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін;
- алынған білімдерін физикалық құбылыстардың жүру жағдайларын және процестерді түсіндіруге;
Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ)қажет ететін тапсырмаларды және/немесе толық жауапты (ТЖ) қажет
ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады
Жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау)
Талдау: - эксперимент нәтижесінде алынған деректерді,
- графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты,
- заттардың қасиетінің сапалық және сандық құрамына және оның құрылымына тәуелділігін;
Жинақтау: - кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды,
- гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді,
- эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын;
Бағалау: - жасалған эксперименттің нәтижелерін.
Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ)қажет ететін тапсырмалардыжәне/немесеТолық жауапты (ТЖ)қажет ететін тапсырмаларды пайдалануұсынылады