ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ МАЗМҰНЫН АНЫҚТАЙТЫН ҚҰЖАТТАР 3
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР 3
ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ 4
ТОҚСАНДАРҒА ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТЕКСЕРІЛЕТІН МАҚСАТТАРДЫ БӨЛУ 5
ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ 5
МОДЕРАЦИЯ ЖӘНЕ БАЛЛ ҚОЮ 5
-тоқсанның жиынтық бағалау спецификациясы 6
-тоқсанның жиынтық бағалау спецификациясы 13
3-тоқсанның жиынтық бағалау спецификациясы 19
4 -тоқсанның жиынтық бағалау спецификациясы 27
ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ МАҚСАТЫ
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.
ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ МАЗМҰНЫН АНЫҚТАЙТЫН ҚҰЖАТТАР
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
Білу:
механика (кинематика, динамика, сақталу заңдары, тербелістер мен толқындар); электр және магнетизм (электромагниттік толқындар және тербеліс), кванттық физика элементтері (атом мен атом ядросының құрылысы, радиоактивтілік, элементар бөлшектер), астрономия негіздері (астрофизика элементтері) бөлімдерінің физикалық шамалары мен ұғымдарын;
бастапқы физикалық ұғымдарды;
практикалық және эксперименттік жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін;
физикалық шамалардың өлшем бірліктерін;
механика, электр және магнетизм, кванттық физика элементтері, астрономия бөлімдеріндегі ұғымдарды, формулаларды, заңдарды және физикалық тұрақты шамаларды;