“Білім беру системасының негізгі міндеті адамды ойлай білуге үйрету”
Джон Дьюи.
Сыни ойлау – неге сену керектігі мен нені жасау керектігін шешуге бағытталған саналы түрде рефлексивті ойлау. (Джуди А.Браус, Дэвид Вуд). Сыни ойлау – ойланған кезде қалай ойланатыныңыз туралы ойлану өнері, мақсатты және терең пайымдау өнері, жаңсақ нанаымдарды анықтау мен олардың алдын алу өнері. (Пауль, 1990). Д.Халперн сыни ойлаудың төмендегі анықтамасын ұсынады: «Сыни ойлау – қажетті нәтижені алу ықтималдығын арттыратын танымдық дағдылар мен стратегияларды пайдалану. Ол қисындылығымен, мақсатты бағыттылығымен, елеп-екшелгендігімен ерекшеленеді». Сыни ойлауды дамытудың ұлттық кеңесі сыни ойлаудың басқаша анықтамасын ұсынады: «Сыни ойлау – бақылау, байқау, рефлексия, пайымдау немесе әңгімелесу арқылы алынған ақпаратты ой елегінен өткізу, қолдану, талдау, жалпылау немесе бағалау бойынша белсенді іс-әрекетке бағытталған зияттылық тұрғысынан ұйымдастырылған үдеріс». Дж.Курфис бойынша, «сыни ойлау – білім тапшылығы жағдайында нақты жауабы жоқ сұраққа ұтымды жауап беру» деген сөз. Екінші жағынан, бұл – қолжетімді ақпараттарды біріктіре отырып, құбылыс пен жағдайды оқып-үйрену мақсатындағы зерттеу. Бір сөзбен айтқанда, «сыни ойлау – критерийлерге негізделген пікір айту өнері».